Авторские архивы: admin

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ТЕЛЕДЕБАТЫ ӨТТІ

Осы жылдың 20 қарашасына тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына орай 11 қараша күні кандидаттар арасында өткен телевизиялық пікірсайыс өз мәресіне жетті. «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 20.00-де басталып, 1 сағат 40 минутқа созылған теледебатқа кандидаттардан Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова және іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәл осы күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында алдын ала ...

Читать далее »

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨҢІРЛЕРДЕ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде ҚР ОСК мүшелері ел өңірлеріне көшпелі семинар-кеңестер өткізіп жүр. Кезекті кездесу Алматы қаласы, Павлодар, Қызылорда және Алматы облыстарында өтті. 9 қарашада ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Павлодар облысына, 10-12 қарашада Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафинамен бірге Алматы облысына, ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман 10 қарашада Қызылорда облысына барды. Семинар-кеңестерге аумақтық ...

Читать далее »

БҰЛ САЙЛАУ ЖАҢА ДӘУІРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Биыл 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, қарқынды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін маңызды оқиға. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бей-жай қарамай, саяси ...

Читать далее »

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУЫ КЕРЕК

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қараша күні өтетіні белгілі. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Шын мәнінде бұл сайлаудың маңызы зор. Өйткені еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматының белсенділігі көрінсе ғана еліміз алға дамымақ. Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы ...

Читать далее »

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫН

Сайлау — халықтың мемлекетті басқаруға қатысуының, бақылауының негізгі нысаны. Сайлаудағы әрбір дауыс маңызды. Өйткені, ол барша қазақстандықтардың болашағы. Өркениетті елдерде азаматтар саяси оқиғалардан тысқары қалмайды. Әсіресе, мемлекет басшысының сайлауына белсене қатысады. Бұл – әр адамның өз келешегіне жауапкершілікпен қарауы деген сөз. Сол себепті де бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі сайлауда мемлекеттің болашағы үшін, саяси тұрақтылығы мен дамуы үшін таңдау жасалады. ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АҚТӨБЕЛІК ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтарын талқылады. «Ақтөбе рельс-Арқалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды. — Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбексүйгіш ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және ...

Читать далее »

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН: ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында үгіт-насихат кездесулерін өткізді. Үміткер өңірге сапары кезінде алдымен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жұмысшыларымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей-тегжей түсіндірді. Жиында білім беру, қорғаныс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптары кеңінен қозғалды. Ал Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесу кезінде болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және ...

Читать далее »

БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТТАР ТЕЛЕДЕБАТҚА ШЫҒАДЫ

11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді. Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады. Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады. Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды. Үшінші раунд — ...

Читать далее »

Алматыда «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі басталды

Алматы қаласында «Жапон күзі» әлеуметтік-мәдени жобасы басталды. Алматылықтар 10-20 қараша аралығында «Almaty Gallery» көркем галереясында (Достық даңғылы, 44) ерекше фотокөрмені тегін тамашалай алады.   Халықаралық жобаның басты қонағы – белгілі жапон фотосуретшісі Шигеру Йошида. Ол өнер арқылы экология, табиғи және техногендік апаттар, адам мен қоршаған ортаның байланысы сынды мәселелерді суреттер арқылы насихаттауда. «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі 2011 жылдан бастап ...

Читать далее »