Қазақ «Бірлік болмай — тірлік болмас», дейді. Берекені көздеген ел қашанда татулықты ту етуден жалықпаған және жалықпайды. Егеменді еліміздегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті қазақ жері көптеген этнос өкілдеріне құтты қоныс болды. Содан болар, бүгінде ел ішінде тату тірлік бар, ынтымақ пен бірлік бар. Мемлекет ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ШЫМКЕНТТЕ ФАБРИКА ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қауымы болғандықтан олардың тарапынан кандидат ұсынған аналарды, көпбалалы отбасыларды қолдау және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты іс-шараларға баса мән берілді. «Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды ...
Читать далее »САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖИЫНДА АНА МЕН БАЛА МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
«Ана мен бала өлімінің деңгейі ел медицинасының нақты бет-бейнесін көрсететін маңызды дерек болып саналады. Бұл мәліметтер мемлекеттегі өмір сүру деңгейінен де хабар береді». Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Атырау қаласында өткен жиында еліміздегі ана мен бала өлімі туралы ойын осылай жеткізді. Кандидат ана мен бала өлімінің деңгейі халықаралық рейтингтерде де көрсетілетінін ескертіп өтті. «Қазақстанда бұл көрсеткіштер бұрыннан өсіп келе ...
Читать далее »ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына келді. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда кәсіпорынға бидай жеткізуде қиындықтар туындап, вагондар тапшылығы орын алған. — Қазақстандағы аграрлық ...
Читать далее »КАНДИДАТ НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына сапармен барып, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мұнай-газ саласы ел бюджетінің басым бөлігін құрайды. Дегенмен өңірде инфрақұрылым мәселесі бар. Кандидат облыстық әкімдерді сайлауды енгізу арқылы бұл тығырықтан шығуға болады деп ...
Читать далее »«BIR TOLQYNDA»: ЖАСТАР ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады. «Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды. «Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының ...
Читать далее »МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен жемқорлыққа қатысты заңды қатаңдату қажет екенін айтты. Кандидат бұл ұсынысын Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысқан кезде ортаға салды. Жиынға қатысқандар сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингісінде Қазақстан 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ...
Читать далее »САЙЛАУ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨМІРІМІЗДІҢ КӨРІНІСІ
20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл — еліміздегі ең үлкен саяси оқиға. Сайлауға ұйымшылдықпен қатысу — әрбір азаматың парызы. Саяси науқанға бейжай қарамай, өз дауысымыздың маңыздылығын ескеріп, бір кісідей қатысайық! Сіздің, оның және менің дауысым тек Президентті таңдамайды, ол Қазақстанның жаңаруы алдындағы бастамаға үлес қосатын үн болмақ. Мен сіздерді сайлауға қатысуға шақырамын. Тарихи кезеңге қатысып, ...
Читать далее »САЙЛАУ АРҚЫЛЫ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАСЫМЫЗДЫ БІЛДІРУІМІЗ КЕРЕК
Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан 6 үміткерді тіркеді. Үміткерлер елімізді аралап, өздерінің бағдарламаларын таныстыруда. Алдағы Президент сайлауында саурандықтар жоғары белсенділік танытады деп сенемін. Жалпы бұл сайлауда біз тек Президентті сайламаймыз, елдің болашағын таңдаймыз. Сондықтанда елдің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық! Бұл — біздің болашақ. Ал, болашақты Сіз бен бірге құрамыз. Әрбір іс еліміздің болашағы үшін ...
Читать далее »МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ
Кезінде ежелгі Римде азаматтық құқықтан айыру, азаматтық құқықтардың ішінде сайлауға қатысу құқығынан, саяси шешім қабылдауға араласу құқығынан айыру — ең маңызды және ең қауіпті жаза болған екен. Себебі, сайлау арқылы адамдар өз құқығын, өз таңдауын жүзеге асырып қана қоймайды, елдің болашағын айқындауға ықпал етеді. Сайлау құқығы — саяси ерік-жігердің өзегі, саяси билікті айқындаудың белгісі! Англиядағы, Франциядағы, т.б. буржуазиялық революциялар — ...
Читать далее »