Бүгінде Түркістан облысының орталығы рухани астанамызда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтіп жатқаны белгілі. Осы уақытқа дейін бірнеше аудан Түркістан қаласындағы күндерін өткізіп қайтты. Осы фестиваль аясындағы күні кеше Түркістан қаласының мәдениет күндері қорытындыланды. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Нұрбол Тұрашбеков түркі халықтары арасындағы ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Тіл мерекесіне орай байқау ұйымдастырылды
Биыл бірінші рет Түркістан қаласында «Қазақстан халқы тілдері» күні мерекесі аясында тілдерді оқыту орталықтары арасында «Үздік орталық» байқауы ұйымдастырылуда. Сайысқа қатысуға үміткер орталықтардан келіп түскен өтінімдер қаралып, қазылар алқасының қатысуымен іріктелді. Байқау шарты бойынша орталықтың 2023-2024 жылдардағы атқарған жұмысы мен жетістіктері, орталық әзірлеген әдісмелік оқу құралдары, оның кадрлық және сапалық құрамы туралы қысқаша анықтамасы, орталықтың материалдық-техникалық базасы, заманауи оқыту ...
Читать далее »Ұлттық спортты ұлықтауға арналған кеш
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері жалғасуда, қатысушылар мен көрермендердің қатары артып келеді. Мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, нысана көздеу, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Бұл жарыстар спортшылардың шеберлігін көрсетіп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтайды. Түркістандық «Халық театры» да «Саф алтын арыстар» атты ...
Читать далее »Мәдениет ошағының отын көсеу басты міндет
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Әлтаев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына барып, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайын бағамдады. Ордабасы ауданында аудандық мәдениет үйі, клуб мекемелері, ауылдық мәдениет үйлері бар жиырмаға жуық мәдениет ошағы бар. Ертай Алтаев Төрткүл мәдениет үйінің қызметімен танысып, оған ерекше назар аударды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында мәдениетті ...
Читать далее »Рухани байланыс орнату басты мақсат
Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын талқылауға ғалымдардың бас қосуы Орталық Азияның тұрақты дамуы мен өркендеуіне қатысты тақырыптардың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай бастамалар ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам арасындағы диалогты дамытуға септігін тигізіп, өңірдегі өзекті ...
Читать далее »Түркістан қаласының мәдени күндері өтіп жатыр
Түркістан қаласының Мәдениет күндері «Өнерлі өлке» фестивалі аясында жергілікті тұрғындардың да, облыс қонақтарының да назарын аударған жарқын оқиғаға айналды. Салтанатты ашылуда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай шаралар тұрғындар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға септігін тигізетінін айтты. Этноауылдың әсем табиғаты аясында әртістер қазақ мәдениетінің сан ғасырлық тамырынан сыр шертетін дәстүрлі билер ...
Читать далее »Аспан әлемін әнмен әлдилеген кеш…
Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Келестік мәдениет майталмандары керемет өнер көрсетті. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді. Шара барысында Сержанәлі, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының қатысуымен ...
Читать далее »Ескекшілер ерледі
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ескек есу және желкен спорты соңғы әлетте мықты дамып келеді. Аталмыш спорт түрінен жеңісті қолдан бермей келе жатқан команда мықты спортшылардан құралған. Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы, облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Денис Жәрменов ескек есуден Қазақстан чемпионатында топ жарған облыс құрамасын ...
Читать далее »Баскетболшылар жеңістің шыңын бағындырып, алтыннан алқа тақты
Талдықорған қаласында 16-18 тамыз күндері баскетболдан 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер еліміздің жазғы кубогін сарапқа салды. Тартысқа толы өткен бәсекеде Түркістан облысының U12 құрамасы 1-орынды иеленсе, U14 құрамасы да жеңістің шыңын бағындырып, алтыннан алқа тақты. Бұл жарыста қатысушылар баскетбол өнерін көрсетіп қана қоймай, командалық рухты, өзара көмек пен спорттық сайысты көрсетті. Әр команда кедергілерді жеңіп, табандылық танытып, өз табысының ...
Читать далее »Мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған курс басталды
Бүгін Түркістан облысының орталығында мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған «Мәдени демалыс қызметі және халық шығармашылығын дамыту» апталық курсы басталды. Жас мамандардың біліктілігін арттыруға, халық шығармашылығын дамытуға бағытталған апталық курсқа мәдениет және өнер саласы бойынша мамандығы өзге, жұмысқа жаңадан қабылданған ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары мен клуб меңгерушілері және қызметкерлері қатысуда. Курс мәдени қызмет пен халықтық дәстүрге қатысты ...
Читать далее »