Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 39 ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

  Дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғышын жедел-жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанған. Дәрігерлердің айтуынша, кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туылған. Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтірген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы,  перзентханада ...

Читать далее »

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі

Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінің енгізілуі медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл жүйе тұрғындардың денсаулығынан пайда табуды көздемейді, керісінше қолайлы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіреді. Аталмыш жүйенің арқасында тұрғындар нәтижелі әрі сапалы медициналық көмекке қол жеткізуде. Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, қымбат тұратын оталар жасату мүмкіндігі жұмыс істейтін әр азаматтың денсаулығын сақтауға, еңбекке жарамсыздық қағаздарының мерзімін қысқартуға септігін тигізуде. Осы орайда, ...

Читать далее »

«Халық» қайырымдылық қоры: медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңгe сыйақы

Коронавирустық пандемия – бұл қазақстандықтар үшіннағыз сынаққа айналған тәжірибе, сонымен қатар 2020 жылы қазақстандық медицина үшін бұрын-соңды болмаған сынақ. «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді. Halyk қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кұлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ ...

Читать далее »

HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ

Halyk Bank әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға тегін газ қосты.        Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кредит ...

Читать далее »

Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

Алматы, Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолқап жеткізді. «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің 70 000қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары ...

Читать далее »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ ТАПСЫРДЫ

  Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылымы бойынша республикада Түркістан облысы алдыңғы шепте. Атап айтсақ, ауыр дәрежелі мал ұрлығы қылмыстарының ашылымы 76,9%-ға жақсарған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде мәлімденді.   Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен отырыста жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстық ...

Читать далее »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БІРНЕШЕ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

  Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен әкім орынбасары Мәулен Айманбетов қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі дендросаябақта болып, абаттандыру мен жарықтандыру жұмысымен танысты.   Қала орталығында орналасқан дендросаябағын замануи талапқа сай жаяу жүргіншілер жолы мен вело жол аймағын біріңғай стильмен тұрғындарға қосымша демалыс орындары салынуда. Желтоқсан айында ел игілігіне берілгелі тұрған бұл нысанда қазір құрылыс жұмысы қарқын алған.   Мұнан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АХАТ БӨЛІМІ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты АХАТ бөлімі жаңа қонысқа көшті. Яғни, «Нұрсәт» шағынауданы Бәйтереков көшесі №89 үйде қызмет көрсетіп келген аталған бөлім ендігі кезекте «Нұрсәт шағынауданы» №46 «А» үйде жұмысын жалғастырады. Айта кетейік, тиісті басқармаға қарасты бөлім тууды мемлекеттік тіркеу, әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, неке бұзуды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, бала ...

Читать далее »

ӘКІМ ОРЫНБАСАРЛАРЫ САЛА БАСШЫЛАРЫНА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

  Шымкент қаласы әкімі орынбасарлары Мәулен Айманбетов пен Айбек Сәттібаев басқарма басшыларымен кездесіп, бюджет қаралымын нақтылады. Жиында осы жылғы бөлінген бюджеттің игерілуі және 2021 жылға жоспарланған жұмыстардың маңыздылығы мен көлемі туралы талқыланды. Шаһарда бірқатар мәселе туындатып отырған жер қатынастары, коммуникация және құрылысы жүріп жатқан нысандардың заңдылығын анықтап, дер кезінде тиісті шара қолдауды тапсырды. Сала жетекшілері «Солтүстік Батыс», «Ынтымақ» «Достық», «Тұран», ...

Читать далее »

«Адалдық-ардың ісі» атты шара өтті

Бүгін Шымкент қалалық №1 емханасында «АNTIKOR Life» жобасы аясында «Адалдық – ардың ісі» атты шара өтті. Аталған шараны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Іс-шараға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Айғаным Амангелді, «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық ...

Читать далее »