Әлеумет

МҰНАЙБАРЛАУШЫЛАР КӨШЕСІНДЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарда жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдерінің жылдық есебінде тұрғындар негізінен жарықтандыру мәселелерін жиі көтеретін. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көше бойының жалпы ұзындығы 800 метр. Мердігер мекеме «ABM – Building 2007» ЖШC құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтады. Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «EСОSANA» СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «EcoSana» сенбілік акциясының 3 кезеңі Абай ауданының Жаңаталап тұрғын алабы, Бадам өзенінің жағасында өтті. Сенбілік соңында «Birgemiz: AsylMura» бағыты бойынша «Кемеқалған» әулиесіне экскурсия жасады. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, ...

Читать далее »

Шетелге кетіп жатқан білімді азаматтар легін қалай тоқтатамыз?

Білім және ғылым министрлігіне қарасты “ADAL BILIM” жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев “білім ағымын”, жастардың шетелге жылыстауын – тоқтатудың негізгі жолымен бөлісті. Соңғы жылдары елімізден 100 мыңнан астам түлек шетелге кеткен. Олардың арасында болашақта Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатын небір талантты жастар, ғылыми қызметкерлер, өршіл, дарынды жаңа буын өкілдері бар. Сонымен, неліктен жастар шетелге ағылуда? Негізгі себеп — шетелде өмір ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды. Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына ...

Читать далее »

COVID-2019: «Шевроннан» қайырымдылық көмек

Қазақстанға COVID-19 дәрі-дәрмектері жеткізілді. «Шеврон» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне оларды сатып алуға және жеткізуге көмек көрсетті Алматы, Қазақстан, 2020 жылғы 7 қазан – «Шеврон» корпорациясының бастамасы аясында COVID-19 пациенттерін емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы Алматы қаласына келіп жетті. «Шеврон» бұл медициналық дәрілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көрсетілген гуманитарлық көмек аясында сатып алып жеткізді. «Шеврон» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін үнемі ...

Читать далее »

FameLab Kazakhstan жеңімпаздары

Алматылық дәрігер 750 мың теңге жеңіп алып, Қазақстанның атынан халықаралық байқауға қатысады. Бүгін FameLab Kazakhstan ғылыми коммуникациялық байқауы финалының трансляциясы өтті, оған қазақстандық 10 жас ғалым қатысты, оның ішінде сегізі Nazarbayev University өкілдері. Байқау жеңімпазы атанған Нұрлан Сүлейменов 750 000 теңге сыйлыққа ие болып, халықаралық FameLab-2020 байқауына Қазақстанның атынан қатысу мәртебесіне лайық деп танылды. Екінші және үшінші жүлделерге ие болған ...

Читать далее »

Ұстаздар ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін шыңдады

  Қашықтан оқыту үдерісіне Шымкент қаласындағы “Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясы” жүйелі дайындық жүргізді. Ең алдымен, мұғалімдер цифрлық сауаттылық талабына сай онлайн курстарға қатысып, ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін шыңдады. Оқу жүктемесіне сай әрбір мұғалім видеосабақ түсіріп, видеокөрнекіліктер дайындап, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетіп, цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етуге аса үлкен назар аударып, осы бағытта жан-жақты жұмыстар атқаруда. Білім беру сапасын арттыру ...

Читать далее »

«GLOBAL FRIDAY-ДЫҢ» КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі білім беру сапасын арттыруға баса мән беретін үздік білім ордасы. Мақтаулы мектепте тек білімге ғана мән берілмейді, мұнда оқушылардың тұлғалық қасиетін дамыту бағытында да түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады.   Ағылшын тілінде өтіп жүрген «Global Friday» жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары жалпы жаһандық тақырыптағы өзекті мәселелерді қозғайды. Бүгінгі күннің тақырыбы академиялық шыншылдық, ...

Читать далее »

Жәдігерді музейге табыстады

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытында мәдениет қызметкерлерін қолдау бағытын басты ұстын еткен шымкенттік мәдениет майталмандары үздіксіз еңбек етіп келеді. Шымкент қаласындағы «Ерлік» музейінің қызметкерлері осы қолдаудың арқасында көптеген шаралар өткізуде.    Жуырда музейдің жаңадан жоспарланған «Ерлік пен батырлық — киелі өлке өнегесі» тақырыбындағы жоба аясында Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Асыл адам айнымас» тақырыбында облысымызға, ...

Читать далее »

Музей қызметкерлері тәжірибе алмасты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында «Жаңғыру — өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес» деп нақтылап атап өткен еді. Осы сөзге сәйкес, Шымкент қаласындағы «Ерлік» музейінің қызметкерлері Абай музейіне тәжірибе алмасу мақсатында барып, әдістемелік жұмыстарымен айналысып қайтты. Тарихқа үңіліп, рухани азық алып, Абай әлемімен толыққанды танысып қайтты. Музей қабырғаларына ілінген ұлы ...

Читать далее »