Облыс басқарып отырған еліміздегі жалғыз әйел әкім Гүлшара Әбдіқалықованы қаңтардағы ереуіл кезінде қолға түсіруге әрекет жасағандар болған. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болған, деп хабарлайды Экспресс К. Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, 5 қаңтарда «Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова барған. ...
Читать далее »Әлеумет
Екібастұздағы Маугли балалар: Оқиғаның адам шошырлық жалғасы айтылды
Екібастұзда аш өзектеріне түсіп, жүруден қалған төрт бүлдіршіннің толыққанды отбасынан шыққаны белгілі болды. Жергілікті әкімдік бұған дейін оларға қатысты арыз-шағымның болмағанын айтады. Балақайларды сондай аянышты жағдайға түсіруге не себеп болғанын әлі анықтау керек, деп хабарлайды Экспресс К. Отбасы Екібастұзға жуырда көшіп келгендіктен қала әкімдігінде олар жайлы көп мәлімет жоқ. Балалардың анасы 1994 жылы дүниеге келген. Еш жерде тіркелмеген, жұмыссыз. Әкелері жуырда ...
Читать далее »Жүріп бара жатқан көліктен жартылай жалаңаш қыз шықты
Көшеде кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, төбесіне мінген жартылай жалаңаш қыз желіде сынға қалды. Қала полицейлері әзірге бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. Желіқолданушылар белгісіз қыздың бір түрлі қылығын сынға алуда, деп хабарлайды Экспресс К. Шоу жалғасады. Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысы. Алматы қаласы. Көрініске тақырып қойыңыздар, — деп жазылған аталмыш видеода. Кадрда жаздық үлгіде жеңіл киінген қыз жүріп ...
Читать далее »Қазақстанда мектеп оқушыларының оқу аптасы ұзартылуы мүмкін
Елімізде мектеп оқушыларының оқу аптасын 34 аптадан 38 аптаға дейін ұзарту ұсынылды. «Премьер-министріміз осы бастаманы қолдап, BINOM мектептерінде пилотты түрде енгізуді тапсырды». Бұл туралы кәсіпкер, BI-Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды деп хабарлайды eltumar.kz. «Еліміздегі білім деңгейі алдыңғы қатардағы мемлекеттерден неге төмен екендігін зерттеп көрдік. Оның бір себебі — оқу жылының ұзақтығы, мысалы, кәрістің баласы 42 ...
Читать далее »Атырауда ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір топ адам сотталып жатыр
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВТЫҢ өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ақжайық. Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда орын алған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Азаматты ауыл адамдары ...
Читать далее »Қазақстандық білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау: Қай облыстан бастау алды?
Қазақстанда алғаш рет білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды. Бірінші болып Ақтөбе облысындағы 4 колледждің, яғни Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры қайта тағайындалды. Шешімді мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жөніндегі комиссия қабылдады. Колледждердің жаңа директорларының алдына білім беру сапасын арттыру және ...
Читать далее »Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды
Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың басшылары мен қатысушылары ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты. Жүргізілген ...
Читать далее »Жаназалары оқылмаған. Іздеушісі жоқтардың моласы туралы сұмдық деректер
Қызылордада іздеушісі жоқ марқұмдар ұзындығы небәрі бір жарым метр, тереңдігі тізеден аспайтын бейітке жерленеді. Экспресс К тілшісі белгісіз адамдардың бейітіне барып, марқұмдардың қалай жерленгенін көрді. Қала шетіндегі орталық қорымда 2020 жылдан бері қайтыс болған 30 шақты марқұм жерленген. Олардың моласының айналасы ашық-шашық, қоршау салынбаған. Және қоқысқа толып жатыр. Тек төмпешік болып жатқан бейіттердің бірнешеуіне белгі ретінде жазуы бар тақтайшалар ...
Читать далее »Баға өсіп жатыр: Алматыдағы «Оптовка» базарының кәсіпкерлері ереуілге шықты
Алматыдағы халық арасында «Оптовка» аталып кеткен «Барыс» сауда орталығының кәсіпкерлері наразылыққа шықты. Олар базардағы қысымның кесірінен баға өскенін айтады. Кәсіпкерлердің сөзінше, базарға жауапты «БН Сауда» компаниясы өздері айтқан өндірушілерден ғана тауар алыңдар деп талап қойып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар сілтеме жасап хабарлайды. скриншот “Барыс” базары Барыс 4 базарын «БН Сауда» компаниясы қолға алғалы отандық өндірушілерге тікелей тапсырыс бере алмай қалдық деген кәсіпкерлер ...
Читать далее »Күйеуі 17 жастағы әйелінің басын шауып, онымен көше бойы серуендеп өткен
Иранның Ахвазе қаласында ер адам өзінің 17 жастағы әйелінің басын шауып өлтірген. Содан соң марқұмның басын алып, көше бойымен серуендеп өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Жантүршігерлік оқиға сенбі 5 ақпанда болған. Iran International басылымының мәліметінше, Мона Хейдари есімді қыз осыған дейін күйеуінен қашып, Түркияға кетіп қалған еді. Алайда Монаның әкесі күйеубаласына қызын ауылға қайтаруға көмектескен. Осы жағдайдан соң күйеуі мен оның ...
Читать далее »