Әлеумет

САРЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Сарыағаштық 38 жастағы көпбалалы ана Гүлмира Даурбаева үш қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2 кг, 2300 және 1900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Сарыағаштық батыр ана бүгінде 8 баланың анасы атанды. Үшемдерге туыстары Әмина, Сәбина және Медина есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИЛІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІНІҢ БҰЙЫМДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінің тұрғыны Сабыр Есқараев ағаштан ою ойып, түйін түйіп, ата кәсібімізді кәсіпкерлікпен үйлестіріп келе жатқан шебер. Ол 22 жылдан бері ағаш өнімдерінен тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды. Бүгінде шебердің қолынан шыққан ыдыстар, астау, күбі, асхана бұйымдары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Шебердің қолынан шыққан дүниелерге Қазақстан аумағы бойынша арнайы тапсырыс береді. Сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырып, шәкірт ...

Читать далее »

Жалға алынған үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған…

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың масштабты өндірісі жойылды. Синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды. 2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.   Тінту кезінде 200 кг астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды. Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, ...

Читать далее »

Түркістанда кәсіпкер ауыл шаруашылығы техникасына субсидия ала алмаған

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия беру үшін жазған арызы қаралмай жатқаны туралы өтінішпен жүгінген. Кәсіпкер өз шағымында, техника сатып алу үшін басқарма сертификат талап етіп жатқанын, алайда нақты қандай сертификат ұсынуы қажет екенін ескертпестен, бас тартып жатқанын көрсеткен. Шағым, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде қаралып, енгізілген ұсынымдар шеңберінде өтінім ...

Читать далее »

Депутаттар «Turkestan-Arena» мекемесінің жұмысымен танысты

  2024 жылғы 9 қаңтар күні Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған бір топ депутаттар «Turkestan-Arena» стадионының қызметімен танысты.          Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев және «Turkestan-Arena» стадионының директоры Б.Нұрманов депутаттарға мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырып, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.          Халық қалаулылары стадионның негізгі бөлігі 7000 орынға арналған футбол алаңын, сонымен қатар спорттық гимнастикаға, акробатикаға, боксқа, ...

Читать далее »

Түркістандық полицейлер жүргізушілерге жаңа жылдық сыйлық таратты

Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың 1 қаңтарында трассаларда тұман түсуіне байланысты патрульдік полицейлер ерекше ескертуі бар рейд жүргізді.   Яғни жаңа жылдық сыйлықтарын алып, жүргізушісі әйел және жолаушысы қария мен балалар болған көліктерді тоқтатып, сый-сияпат ұсынды.   Сонымен қатар жол ережесін сақтап, автокөлікті мұқият жүргізуді, жылдамдықты асырмауды ескертті. Айта кетейік Түркістан облысының полицейлері мерекеге байланысты қаңтардың ортасына дейін күшейтілген күн ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАТОЙЫНДА БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

Түркістанда «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекеге 17 аудан қаладан келген 200 бала қатысып, оларға сыйлықтар тапсырылды. Тұл жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, ерекше күтімді қажет ететін балалар, көпбалалы отбасының балалары және халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары қатысты. Мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, мерекелік шыршаның шамын жағып, ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан жылу қазандығының жағдайымен танысты. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты №2 қазандық арқылы «Жаңа қаладағы» 13 көпқабатты үй, 892 пәтер жылумен қамтамасыз етілуде. Жылу беру мәселесі облыс әкімінің қатаң бақылауына алынған. Өңір басшысы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен жылу орталығының басшысына орталықта тәулік бойы кезекшілік орнатып, тұрақты бақылауды тапсырды. Орталықта 7 қазандық ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Кентау қаласындағы жылу беру орталығында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ауа райының қолайсыздығына байланысты орын алған жағдайлар және оның салдарын жоюға байланысты жауапты сала басшыларының және құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өтті. Штаб отырысында облыс басшысына орын алған жағдайлар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Орын алған жайтқа қатысты тыңғылықты тексеру жүргізіп, нақты себебін анықтауды жүктеген әкім стратегиялық маңызды нысанда ...

Читать далее »

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АВТОТҰРАҚ ОЙЛАП ТАПТЫ

  Арыс қаласында 7- сынып оқитын жас ғалым Медеу Әділет «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тауып, өз өнертабысын патенттуге құжат тапсырды. Қалаға қарасты Байырқұм ауылындағы М.Шаханов мектебінің оқушысы сабақтан тыс уақытында робототехникамен айналысқанды ұнатады. Мектеп ішіндегі робототехника үйірмесінің жетекшісі Оразбек Смаилдан робот жасаудың негізін үйреніп, үнемі білімін жетілдіріп келеді. Көп ізденістің нәтижесінде жас өнертапқыш биылғы жылы толықтай адамның қатысуынсыз өздігінен автотұрақ қызметін ...

Читать далее »