Руханият

Халықаралық балалар фестивалінде жеңімпаз атанды

12 мамыр 2019 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында «Время мечтать» атты III Халықаралық балалар фестивалі өз мәресіне жетті.  «Радужная палитра» деп аталатын бағыт бойынша көркемсурет байқауына Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.    Атап айтсақ, өнер пәнінен мұғалім-сарапшы Куланова Фариза Акимжанқызының жетекшілігіндегі 11-сынып оқушысы Бегимкулова Аружан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын иллюстрациямен ...

Читать далее »

Бала тәрбиесі — басты назарда

«Сынып жетекшілерінің мектептегі тәрбие жұмысы жоспарын жасау» тақырыбында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қаладағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.  Семинарға 120 жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Мектеп педагог-ұйымдастырушы-кураторлары іс-шара барысында «Кураторлық қызметті тиімді ұйымдастыру», «Қосымша білім берудің ерекшеліктері», «Ата-анамен жұмыс» тиімді ұйымдастыру», «Көшбасшылар форумын ұйымдастыру» атты тақырыптарда баяндамалар оқып, баланың тәрбиесі мен біліміне сынып жетекшілердің ықпалын ...

Читать далее »

Күлтөбе маңайынан қоқан және қазақ үйлерінің орны табылды

Түркістандағы Күлтөбе қалашығының солтүстік бөлігінен қоқан және қазақ үйлерінің орны, тандыр және ұстындар шоғыры  анықталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Түркістан қаласындағы ортағасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін анықтау және қалпына келтіру мен оларды танымал туристік орталыққа айналдыруға арналған жобасы аясында ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап Күлтөбе қалашығының солтүстік бөлігінде археологиялық қазба жұмыстары басталған болатын. Қазба және анықтау жұмыстарымен Мәдениет ...

Читать далее »

Қорық – музейге 100 түп көшет сыйға тартты

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласынан Әдіхамхан Исматуллаев пен «Мейірім» қайырымдылық қорының жетекшісі Еркін Сапаров  100 түп тұт ағашын сыйға тартты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын көгалдандыруға үлес қосуды мақсат еткен қос азамат көктем мезгілінде 100 түп шабдалы көшетін жеткізетінін уәде етті. Бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштаған соң қорық-музей қызметкерлерімен бірлесіп тұт көшеттері қондырылды.

Читать далее »

Отырарда «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» эстрада әншілері байқауы басталды

  Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және «Жастар жылы» аясында  «Жас толқын-Ұлы Дала әні-2019» аймақтық эстрада әншілері байқауы басталды. Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерін облыстық байқауларға қатысуын қамтамасыз ...

Читать далее »

Қазақстанға 136 сирек кездесетін кітап табыстады

  Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы ислам тарихы мен мәдениетіне қатысты 136 академиялық кітапты сыйға тартты. Кітаптар арасында Қазақстан тарихына қатысты сирек құнды басылымдар да бар. Айта кетсек, өткен жылы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшылығы әлемнің 56 мемлекетімен қарым-қатынас орнатқан ...

Читать далее »

Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының тұмары

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Түркістан облысына жасаған сапарын Отырар ауданынан бастады. Мәртебелі меймандарды аудан әкімі Ерлан Айтаханов Отырардың кіре беріс бас қақпасының алдынан күтіп алды. Халық қалаулылары алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде болып, ондағы былтыр ғана жаңа технологиялармен жасақталған экспозиция залын тамашалады. Экспозиция залында тарихы шежіреге толы киелі Отырар өңірінің ежелгі тұрғындарының рухани-материалдық, саяси-әлеуметтік өмірі ...

Читать далее »

Түркістанға арнайы іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрі келді

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келіп, археологтар және тарихшылармен кездесті.  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени және «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Министр сондай-ақ «Қазқайтажаңғырту» РМК-сы мен «Базиз-А» құрылыс компаниясының жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бүгінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен қаланы түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту және ...

Читать далее »

Музейде «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты фото және кітап көрмесі өтті. Елбасы мақаласында көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған шараға музейдің баспа өнімдері мен тарихи кітаптар және фотосуреттер қойылып, мекеме қызметкерлері мен оқушыларға таныстырылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес.«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы ...

Читать далее »

Түркістандағы Мергентөбе обалар қорымына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлерінен құрылған археологиялық топтың жүргізген ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты — Түркістан өңірінің көне тарихынан кең мағлұмат беретін Мергентөбе обалар қорымындағы ескерткіштерді зерттеу, ескеркіштің орналасқан жерін анықтау, сызбаға түсіру, өмір сүрген этностардың діни нанымдары жайлы деректер жинау және өмір сүрген мерзімін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, зерттеулерді іске асыру барысында Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі, соның ішінде Қаратау мен Сырдария ...

Читать далее »