Өздеріңізге белгілі, кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Сайлауға қатысу – бәрімізге азаматтық міндет. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Біз өз таңдауымызды жасай отырып, алдағы сайлауды бірлікпен өткізіп алуымыз керек. Бұл жеке өзіміз үшін де, мемлекетіміз үшін де маңызды. Орталық сайлау комиссиясы барлық заңдық талаптарға сай келетін 6 үміткерді тіркеді. Алты кандидат қазір ...
Читать далее »Cаясат
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТАЙЫҚ
Санаулы күндерден соң ел тарихында айтулы оқиға орын алмақ. 20 қарашада баршамыз ел президентін сайлау үшін өз таңдауымызды жасаймыз. Бұл саяси науқанда жұдырықтай жұмылып, белсенділігімізді көрсетуіміз керек. «Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ», деп түрік ақыны Назым Хикмет жырлағандай, алдағы сайлауда бас көтеріп жауапкершілікті біз арқаламасақ, кім көтереді? Қазақстан – біздің алтын шаңырағымыз, ортақ ...
Читать далее »НҰРЛАН ӘБДІРОВ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІН АТАДЫ
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. «Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету және дауыс беру күніне дайындығына көз жетізу үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында 28 қазаннан Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың өңірлерге сапарлары басталып кетті. Мен және менің әріптестерім әзірше 12 өңірге барып үлгерді. 17 ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРЕДІ
Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс береді. Қазір өңірде сайлаушылар санын нақтылау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, науқанды бақылауға 2 229 комиссия мүшесі бекітілген. Олар учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы ғаламтормен қамтылуын тексеруде. — Қазір ...
Читать далее »Сайлау-2022: Теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Телевизиялық пікірсайыс 11 қарашада«Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді. «ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген сайлау алдындағы пікірсайысты өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, ОСК регламентімен келіседі және сайлау алдындағы пікірсайысқа қатысушылардың тізімін бекітеді. Қазіргі уақытта«Хабар» телеарнасы президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірледі. Регламент ...
Читать далее »ОСК екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымнан 2 байқаушыны аккредиттеу кері қайтарып алынды. «5 қараша күні ҚР Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен ұсыныс келіп түсті. Оған сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауына аккредиттелген Түркі мемлекеттері ұйымы делегациясының құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет. Аталған ұсыным дипломатиялық арналар арқылы Түркі мемлекеттері ұйымының делегация құрамының өзгеруіне ...
Читать далее »Қарақат Әбден суицидпен күрес жолын ұсынды
Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды. Кандидат ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған мәселе көтерілуі тиіс деді. Жиынға психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесуде 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсағаны, ...
Читать далее »ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді. Кәсіпкерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың коммуналдық шаруашылық саласында ұсынған реформалары, туралы айтып берді. Бұл күні штаб мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет ...
Читать далее »САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІНЕ САЙЛАУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова өзін кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Кандидат 16 күндік үгіт-насихат жұмыстары кезеңінде 6 өңірде – Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарында, Астана Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар көбіне әлеуметтік мәселелерді көтеріп, инфрақұрылым, ұлттық ...
Читать далее »БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ТАНЫЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН НАУҚАН
Белсенділік қай қоғамда да жоғары бағаланады. Халықтың әр нәрсеге жауапкершілікпен қарап, әр іске азаматтық ұстанымымен атсалысқаны абзал. Осы тұрғыдан алғанда биылғы 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына сергек қарап, сезімталдықпен үн қатқанымыз жөн. Әрине, көпшілік болған соң сан түрлі пікір айтылатыны анық. Өз кезегінде пікір қайшылығының да қоғамға берер пайдасы жоқ емес. Түрлі көзқарастар қоғамға қозғау салып, шын мәнінде ...
Читать далее »