Ежедневные архивы: 15.10.2018

Түркістан облысында 252 шақырым су жүйесі тазартылды

Түркістан облысы Мақтарал және Жетісай аудандарында 252 шақырымдық су жүйесі қайта тазартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Екі аудандағы 3 бірдей каналдың 38 шақырымы жөнделіп, арнасы бетондалды. Биыл су мол болғандықтан, шаруалар екі рет егін салып, мол өнім жинады. Мына көсегі шайқалып, мақтасы жайқалып тұрған алқаптың өнімі жинауға дайын тұр. Жем емген диқандардың да көңілі көтеріңкі. Себебі биыл су мол, мақта бітік шықты. ...

Читать далее »

Жоспарланған жобалар легі ауқымды

Түркістан облысындағы Созақ ауданында келер жылы құрылыстың қазаны қайнамақ. Осыған дейін бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілсе, келесі жылға жоспарланған жобалар да ауқымды. Сызған ауылдық округінен демеушілер есебінен 13 шақырымды құрайтын «Шұқырой» каналының лотоктары күрделі жөндеуден өткізіліп, шаруаларға су берілуде. Облыстық құрылыс басқармасына 5 су қоймасын салуға ұсыныс енгізілді. (Суындық, Ақұйық, Қостөбе, Раң, Райс) . Қоғам қайраткері С.Қожановтың 125 жылдығына орай ...

Читать далее »

«Бастау бизнестің» берері көп

Биылғы жылы Түркістан облысындағы Созақ ауданында Кешенді жоспарды іске асыру аясында 2552 адамды қамту жоспарланса, 1348 адам нақты қамтылып, жылдық жоспар 52,8 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» — қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие        14 мамандыққа ниет білдіруші 145 азаматқа өз таңдаулары бойынша білім беру ұйымдарына жолдама беріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Бағдарламаның ...

Читать далее »

Психологиялық көмек қозғаушы күшке ие

Қазіргі қоғамда денсаулығында ақауы бар, мүмкіндігі шектеулі жастарға үрке қарайтын адамдар әлі де кездеседі. Бұл әрекет оларды қоғамнан алшақтатып, санасына  зиянын тигізбей қоймайды. Төлеби ауданда жарымжан жастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған келелі кездесу болып өтті. Шараның өтуіне ұйытқы болған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы және аудандық музей. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда бейімделуіне және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, қуаныш сыйлау мақсатында ...

Читать далее »

Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы

«Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Осылай деген дана халқымыз әуелден-ақ қыздың тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Бұл үрдіс қазірге дейін өз маңызын жойған емес. Қоғамдағы қыз баланың қадірі артпаса, кеміген жоқ. Себебі, олар өмірдің шуағы, жанұяның қуанышы, қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Осыны ескерген Төлеби аудандық білім басқармасы «Халықаралық қыздар күніне» арналған республикалық онкүндік ұйымдастырылды.   Ленгер қаласындағы №8 кәсіптік техникалық, «Мейір-Бейс» ...

Читать далее »

Аудан орталығында 3 мектептің құрылысы басталды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында соңғы әлетте құрылыс қазаны қызу қайнап жатыр десе де болғандай. Әлеуметтік нысандар бойы көтеріп, әсем ғимараттар пайдалануға берілуде. Бүгінде аудан орталығы Темірлан ауылында үш мектептің құрылысы басталды.  Қазіргі таңда аудан орталығындағы Амангелді Иманов атындағы және «Темірлан» жалпы орта мектептері үш ауысымда білім беруде. «Темірлан» мектебінің 600 орындық жаңа ғимаратының құрылысын » А.Р.Т. -Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі ...

Читать далее »

Қызметтік тұрғын үйлер салынуда

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы көлемінде 632 млн. 320 мың теңгенің құрылыс — монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Атап өтетін болсақ,  аудандық бюджет есебінен 417 178 млн. теңге қаржыға Балдысу елді мекеніндегі 100 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Нысан 2018 жылдың күз айында пайдалануға берілетін болады.  Аудандық бюджет қаржысы есебінен Құмкент ауылындағы спорт комплекс ғимаратын қайта құру құрылысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын ...

Читать далее »

Инвестицияның келешегі кемел

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың 6 шақырылымындағы кезекті VI сессиясы болып өтті. Алдымен аудан әкімі Ж. Бейсенбаев аудандық мәслихат депуттатарының алдында биылғы бірінші жарты жылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін баяндады.  2018 жылы Жетісай ауданына 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның ішінде «Кансуар инвест» ЖШС және «Тұңғатар» өндірістік кооперативі мақта теретін комбайндар мен басқа да ...

Читать далее »

Жиында жастарға психологиялық жәрдем көрсетілді

Созақ ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында ілкімді  шара ұйымдастырылды. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Сызған ауыл округі жастар арасында өткен жиында көпті көкейінде жүрген келелі мәселелер әңгіме арқауына айналды. «Жастар жадына –ғаламтор жау» тақырыбында өрбіген басқосуға Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог мамандары белсенділік танытты. Дәл осы тақырып ...

Читать далее »

Психологиялық қолдау жастарды жарқын істерге жетелейді

Мүмкіндігі шектеулі балалар да қоғамның ажырамас бөлшегі. Мемлекет олардың болашақта ел үшін аянбай еңбек етеріне бек сенімді. Кемтар балаларға мемлекет тапарынан мол жағдай жасалып, дұрыс дамуы мен қалыптасуы жіті назарында. Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Бұл орталық денсаулығында ақауы бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен ...

Читать далее »