Месячные архивы: Март 2020

Шымкентте репродуктивтік медициналық клиника ашылды

  Елімізге танымал репродуктивтік медицина институты Шымкент қаласында филиалын ашып, жұмысын бастады. Бүгін аталмыш клиникаға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Бұл жоғары репродуктивтік технологиялар саласындағы соңғы жетістіктердің көмегімен бедеулікті емдеуге арналған денсаулық сақтау саласының жаңа әлеуметтік-маңызы бар нысан саналады. Клиникада тиімділікті барынша арттыру мақсатында әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеудің толық спектрі ұсынылған. Мұнда ЭКО бөлімі, адам геномын толық зерттеуге ...

Читать далее »

100 жастан асқан әжені құттықтады

  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ — ның басшысы Тамара Дүйсенова мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Шымкент қаласының 100 жастан асқан қарт тұрғыны Шырынкүл Төреханованың шаңырағында болып, ғасыр жасаған қарт ананы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. — Сізді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Сіз отбасының діңгегісіз. Жаратқан ...

Читать далее »

«Көрпе Fest» мегафестиваліне қатысушыларына тігін машиналарын сыйға тартты

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Көрпе Fest» мегафестивалі өз мәресіне жетті. Іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов нәзікжандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. – Дана халқымыздың «Көктем — тіршіліктің бастамасы болса, әйел – адамзаттың бастамасы» деген сөзі бар. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, ел экономикасының дамуына елеулі еңбек етулеріңізге тілектеспін. Осы шараға қолданбалы өнерге қызығушылар мен көпбалалы аналар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОС КӨПІР ІСКЕ ҚОСЫЛСА, КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені бойында салынып жатқан қос көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Алматы мен Ташкент бағытындағы А-2 тасжолының бойындағы ескі көпір қазір бұзылып, орнына жаңасы салынуда. Бұл көпір негізінен Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін байланыстыратын маңызды нысан саналады. Жоспар бойынша Ташкентке қарай бағыт алған ауыр жүк көліктері қаланың сыртымен, яғни А-2 автомобиль ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 17 701 ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдануда. Бүгінгі күнге 19 416 (97 600 адам) отбасыдан өтініш қабылданып, 17 701 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды және 2 281 өтініш кері қайтарылды (мұқтаж емес деп танылған).

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің біразы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнамаға қаралатынын айтты. Қала әкімі, сонымен қатар, азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік ...

Читать далее »

КӨРПЕ FEST» МЕГАФЕСТИВАЛІ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ

  Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы өтті. Мегафестивальді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков ашып, ісмер аналарға сәттілік тіледі. «Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көп балалы аналар және тігін тігіп, өз кәсіпкерлігін бастауға ниет білдірген 200-ден астам қыз-келіншек қатысуда. Олар 6-наурызға дейін көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренеді. Ақысыз ...

Читать далее »

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛДЕРІНІҢ ЕЛШІЛЕРІ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

  Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша кездесті. Кездесуге Германия, Франция, Латвия, Австрия, Финляндия, Швеция, Хорватия, Испания, Латвия, Румыния, Словакия, Чехия, Нидерланды елшілері қатысты. Басқосуда тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Шаһар басшысы қаладағы инвестициялық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, сауда-саттық ...

Читать далее »

Арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі

«Шымкент — ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының аумағында орналасқан барлық ірі сауда орындарында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл іс-шара өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған. Қазіргі таңда «Шымкент Плаза» ірі сауда ойын-сауық орынында осы бағытта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында сауда орнындағы барлық келушілер эвакуациялық шығу жерлерінен сыртқа шығарылып, шығу есіктерінің өткізу мүмкіншілігі тексеріледі. Алдын ала бекіткен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесін көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінге дейін 170 көшет егілген. Шаһарда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынады. Құрылысты жұргізетін мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-і. Сонымен қатар, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдама ...

Читать далее »