Месячные архивы: Март 2020

ШЫМКЕНТТЕ МӘСЕЛЕҢІЗДІ НЕБӘРІ 5 МИНУТТЫҢ ІШІНДЕ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықпен қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилдік қосымшасы іске қосылған. Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және оларды 5-балдық шкала бойынша ХҚКО, мемлекеттік кірістер басқармалары, жұмыспен қамту және тест орталықтары мен соттар әкімшісінің қызметтерін бағалай отырып, шағым қалдыру ...

Читать далее »

«Шымкент құс» фабрикасы жылына 2000 тонна құс етін өндіреді

  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов пен Басқарма басшысы А. Қаныбеков ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқан «Шымкент құс» ЖШС-нің жұмысымен танысты. ⠀ Жалпы аумағы 57,7 га құрайтын Фабрикада қазіргі таңда 320 адам жұмыс істейді.Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және бройлер етін өндіру болып табылады. ⠀ Фабрикада 602,7 мың бас құс өсірілуде. Оның ішінде: ...

Читать далее »

Шымкентте биыл 4 мың азаматты кәсіптік оқумен қамту жоспарлануда

  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы биылғы жылы 4000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет: 1. Жеке басын куәландыратын құжаттың; 2. Еңбек кітапшасының (болған жағдайда); 3. Білім туралы құжаттың (аттестат, ...

Читать далее »

Шымкент: М.Әйтенов қаладағы жылу беру жүйелерінің жұмысымен танысты

  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін қазандықтардың жай-күйін бағамдады. Алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал болатын «Қуат жылу орталық -3» қазандығының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қазандық көп пәтерлі 77 үйді, 9 бюджеттік мекемені, 35 шағын және орта бизнес нысандарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ...

Читать далее »

Шымкент: Жастар туристерге жол бастайды

  Шымкент қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашылады. Аталған клубқа белсенді қала жастары мен студенттер және еріктілерді жұмылдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Туризм басқармасы басшысының м.а Азамат Мұратбекұлы Қалқабаев мәлімдеді. Мәдени астана жылында шаһарға келушілерге сапалы қызмет көрсетіп, туристік бағыттарды ұйымдастыру бойынша қалалық туризм басқармасының бастамасымен туристік ...

Читать далее »

Азық — түлік бағасының тұрақтылығы — басты назарда

  Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Қала әкімі, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды. Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен ...

Читать далее »

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп жатыр

  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалды, 2 378 өтініші кері қайтарылды. Қаңтар айына 9068 отбасыға (шартты – 6 363 отбасы, шартсыз – 2705 отбасы) 455 млн.теңге төленді. Ақпан айына 15 727 отбасыға (шартты – 12 127 ...

Читать далее »

Шымкент әкімі Германияның бас консулымен кездесті

  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті. Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды. Бұған қоса Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыланды. Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның ...

Читать далее »

Шымкент: «Ел жүрегі — Нұр-Сұлтан» стелласы жөнделуде

  «Шымкент – 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай қаланы абаттандыру жұмыстарына баса назар аударылуда. Шымкент қаласының көркiне көрiк қосқан, мерейiн өсiрген Назарбаев даңғылы бойындағы «Ел жүрегі — Нұр-Сұлтан» стелласына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілуде. Еске сала кетсек, ұзындығы екі шақырымнан асатын көрікті даңғыл бойында су жаңа көпқабатты үйлер мен әкімшілік іскерлік ...

Читать далее »

«Ордабасы» маусымды жеңіспен бастады

  Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында шымкенттік «Ордабасы» командасы маусымның алғашқы ойынын Көкшетаудан келген «Оқжетпес» командасымен өткізді. Шымкенттік команданы қолдауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Тартысты өткен матчта «Ордабасы» 1:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ойынның 57-минутында Р. Маурисью Брижиду гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Айта кетейік, «Ордабасы» командасы келесі ойынын 11 наурыз күні сырт алаңда «Астанамен» өткізеді.

Читать далее »