Месячные архивы: Май 2022

ҰБТ-да ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша уақыт беріледі

  Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ерекше қажеттілігі бар мектеп түлектеріне қосымша 40 минут уақыт беріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл ҰБТ тапсыруда талапкерлерге екі мүмкіндік беріліп отыр. Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтті. Биылғы талапкерлер мен былтыр бітірген талапкерлер ҰБТ-ны бөлек тапсырады. Сынақ күніне 2 рет ...

Читать далее »

Түркітілдес Журналистер қоры үш қалада семинар өткізді

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған жобаға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. 2022 жылдың 8-9 сәуірі мен 11-12 сәуірінде Алматы, Шымкентте ұйымдастырылған семинар-тренингке Британиядан «Avrupa» медиа холдингінің қожайыны, журналист Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан шақырылды. Шараға Алматы қаласымен бірге ...

Читать далее »

Қазақстандық мұғалімдердің 40%-нан астамы сабаққа нашар дайындалады

Қазақстандағы педагогикалық тәжірибе халықаралық стандарттардан ерекшеленетіні белгілі болды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен жылы жарияланған Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мен ЮНИСЕФ баяндамасына назар аударды, деп хабарлайды Orda.kz. Зерттеуге 10 мемлекет, соның ішінде Қазақстан да қатысты. Асхат Аймағамбетов Telegram желісіндегі жазбасында қазақстандық мектептердегі мұғалімдердің сабаққа тым нашар дайындығын ...

Читать далее »

Қазақстанда балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды

Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне де жеңілдікпен баспана алу мүмкіндігін беру керек. Бұл туралы Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Қауымдастық басшысының айтуынша, елімізде балабақшалардың тәрбиешілері үшін заңнамада біліктіліктеріне төлемдер мен үстемеақы қарастырылған. Алайда, бюджетте бұл мақсатқа қаражат қарастырылмайды. «Әкімдік мемлекеттік балбақшаларға қаржыны жергілікті бюджеттен береді. Сондықтан да тәрбиешілер мемлекеттік балабақшаға жұмысқа тұру үшін барлық мүмкіндікті ...

Читать далее »

«Аттестациядан өте алмаған мектептің түлектері құжат алмайды» – мәселеге түсінік берілді

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектептерге олқылықтарды жоюға бір жылға дейін уақыт берілмек. Осы мерзім ішінде тиісті талаптар орындалмаса – мектеп түлектеріне мемлекеттік білім тіралы құжат берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті кеше өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі 16 білім беру ұйымының 14-і мемлекеттік аттестациядан өте алмағанын айтқан еді. Мамандар аттестациядан өтпеуінен осы ...

Читать далее »

АЛМАТЫДА САКУРА АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

Takeda биофармацевтикалық компаниясы Алматыдағы Онкология институтының (ҚазОРҒЗИ) аумағындасакура ағаштарын отырғызды. Алматы, Қазақстан. 12 мамыр 2022 ж. «Такеда Қазақстан»компаниясы – Takeda Pharmaceuticals (Takeda) жаһандық биофармацевтикалық компаниясының ресми өкілдігі және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ) аумағында сакура ағаштарын отырғызды. Ағаш отырғызу Онкология институты мен елімізге қатерлі ісікке қарсы инновациялық препараттарды жеткізетін жетекші фармацевтикалық компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың символы болды. Атаулы науқан институт пен Takeda арасында қол қойылған Қазақстан аумағындағы онкологиялық аурулармен күрес саласындағы ...

Читать далее »

Шымкент: Қала әкімі «Нұршуақ» шағынауданына барды

Шымкент әкімі бүгін «Нұршуақ» шағын ауданының табиғи газ, электр желісінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.   Мұнда 26 мыңдай халық қоныстанған. Шағын аудан ауыз сумен былтыр қамтылды. Электрмен қамту жұмыстары былтыр басталған. Мердігер — «Электромонтаж» АҚ. 7,8 шақырымдық 10кВ кабельдік желі, 198,299 шақырымдық 10/0,4 кВ әуе желісі орнатылады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.   Ал, табиғи газбен қамту жұмыстары ...

Читать далее »

ҰБТ-да ереже бұзған 260-қа жуық талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев наурыз айында өткен тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К. Тестілеуді оңай тапсыру үшін кейбір тестіленушілер әртүрлі қулықтарға баруға дайын. Бірақ біздің жүйені ешкім алдай алмайды, — делінген жазбада. Нәтижелері жойылған 259 талапкердің 9-ы тестілеу сұрақтарын суретке түсіріп, ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» кәсіподағы Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің   жергілікті  кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.   Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі ...

Читать далее »

Білім министрлігі: Жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдерге айыппұл тағылады

Жалған дипломмен мектепте сабақ берген мұғалімдерге 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу не қоғамдық жұмыстарға тартылады, деп хабарлайды stan.kz Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес, құжаттарды қолдан жасау 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу әкеп соғады. «Жалған құжаттарды пайдаланғаны ...

Читать далее »