Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістанның университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында өзара түсіністік туралы шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. ҚТУ-дың атынан атқарушы директор, профессор Аристотель Исагулов, ал Кайд-е-Азам университетінен проректор, доктор Ниаз Ахмад Ахтар қатысты. Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді. Өз тарапынан ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2023
Софияның астаналық кітапханасы қазақ шығармаларын жоғары бағалайды
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев София астаналық кітапханасының директоры Юлия Цинзовамен кездесті. Сұхбат барысында әңгімелесушілер қазақстандық және болгар кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылап, сондай-ақ жақын арада бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар, болгар жұртшылығын қазақ тарихы мен әдебиетімен кеңінен таныстыру мақсатында В. Темірбаев Елшіліктің атсалысуымен ...
Читать далее »Қазақстан мен Еуроодақ әріптестікті нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылауда
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девиньнің төрағалығымен саяси конфигурациядағы «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы өтті. Іс-шараға қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың, Еуропалық комиссияның түрлі директораттарының өкілдері, сондай-ақ елімізде аккредиттелген Еуроодаққа мүше елдердің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты. Келіссөздердің негізгі ...
Читать далее »Президент Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін «Зарядье» концерт залына келді
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумындағы сөзі: «Енді Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам ...
Читать далее »Әлихан Смайылов Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дохада өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда, агроөнеркәсіптік кешен, инвестиция тарту және азаматтық авиация салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары қаралды. Әлихан Смайылов соңғы жылдары Қазақстан мен Қатардың екіжақты қарым-қатынастары ...
Читать далее »ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді
Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді. Әлихан Смайылов Қатар Әміріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, дүниежүзі қоғамдастығының назарын аударған футболдан Әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады. Премьер-Министр Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап ...
Читать далее »ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысуда
Биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр. Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар ...
Читать далее »Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті
Жиында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 200-ден астам өкілі бас қосты. Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдары мемлекеттер арасында берік және үйлесімді қарым-қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде Сингапур – Қазақстанның ASEAN аймағындағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 65%-ға өсіп, $2 млрд-қа жуықтады. Сондай-ақ осы кезеңде сингапурлық инвестиция көлемі 6 есе ...
Читать далее »