Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. Айта кетейік, Қазақстан мен Сингапур қатынастарында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ерекше ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2023
Халима Якоб сингапурлық делегацияға қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Халима Якоб мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны, сондай-ақ өзіне және сингапурлық делегацияға қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сингапур Президенті екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады. – Өте дұрыс айтасыз. Бұл – Сингапур Президентінің Қазақстанға, жалпы Орталық Азияға алғашқы сапары. Сондықтан бұл – өте маңызды сапар. Қазақстан – біз үшін Орталық Азия аймағындағы аса ...
Читать далее »Қазақстан мен Сингапур президенттері келіссөздер жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, бірге суретке түскеннен кейін президенттер кеңейтілген форматта кездесу өткізу үшін залға қарай өтті. Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық ...
Читать далее »Пәкістанда «Қазақстан үйі» ашылды
Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Пәкістанда алғашқы «Қазақстан үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Пенджаб провинциясының губернаторы Мұхаммад Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары Мұхаммад Али Рандхава қатысты. Іс-шараға өзге де жоғары лауазымды тұлғалар, провинцияның іскер топтарының өкілдері, оның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталары мен ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ ғылым, мәдениет, өнер және білім ...
Читать далее »Қазақстан мен Швейцария инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі Швейцарияның Біріккен сауда палатасымен бірлесіп, гибридті форматта инвестициялық дөңгелек үстелді өткізді. Оның жұмысына Швейцарияның мемлекеттік органдарының, экономикалық ұйымдарының, қаржы институттарының өкілдері және жетекші компанияларының топ-менеджерлері қатысты. Гибридті отырыс шеңберінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Швейцарияның Біріккен сауда палатасы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және іскерлік байланыстарды нығайту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараның ашылуында Қазақстан ...
Читать далее »Қазақстанның Тұрақты өкілі Африка елдерін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды қолдауға шақырды
Қазақстанның Африка елдерімен фармацевтика және биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктерін зерделей отырып, Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағы Комиссиясының штаб-пәтерінде өткен «Африкадағы вакциналар өндірісі бойынша әріптестік» форумына қатысты. Форумға АО Комиссиясы төрағасының орынбасары Моника Нсанзабаганва, Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының бас директоры Джин Касея, АО мүше мемлекеттердің, серіктес елдердің, Африкадағы ...
Читать далее »Француз сарапшылары Орталық Азия өңірінің рөлін талқылады
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен Орталық Азиямен айналысатын француз сарапшыларының қатысуымен Париждегі БҰҰ Университетаралық комитеті (CINUP) ұйымдастырған «Орталық Азия және оның өңірлік рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ел басшылығының өңірдегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөніндегі күш-жігерін атап өтіп, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі рөліне аудиторияның назарын аударды. Пікірталас барысында сарапшылар өңір елдері, соның ішінде ...
Читать далее »Бейжіңде алғашқы қазақстандық балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерейтойы аталып өтті
Қытай астанасында шетелдегі алғашқы қазақстандық «Балдырған» балаларды дамыту орталығының 5 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік іс-шараға Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық дипломаттар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының және Қазақстан ұлттық компаниялары өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Салтанатты шара аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев құттықтау сөз айтып, дәстүрлі «тұсаукесер» ...
Читать далее »Женевадағы халықаралық сарапшылар Азаптауға қарсы комитетте Қазақстанның баяндамасын қарады
Азаптауға қарсы комитеттің (АҚК) 76-шы сессиясы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов бастаған ҚР делегациясы еліміздің Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияда бекітілген құқықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы төртінші мерзімдік баяндаманы ұсынды. Делегация басшысы И. Рогов өз сөзінде Комитет мүшелерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті ...
Читать далее »Дінаралық келісімнің қазақстандық моделі Болгария дінбасыларының назарында
Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы мемлекеттік саясатымен таныстыру мақсатында ҚР Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның басты дінбасылары – Болгар патриархы Неофитпен, Болгарияның бас мүфтиі Мұстафа қажымен және Орталық израильдік рухани кеңестің төрағасы Максим Делчевпен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттастарды этносаралық және конфессияаралық диалог қоғамының бірегей моделімізбен, сондай-ақ елімізде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту және азаматтардың діни ...
Читать далее »