Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропарламенттегі мүшесі, Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсының тең төрағасы Илхан Күчүкпен кездесті. Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Еуропарламент мүшесін еліміздің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен және ағымдағы жылғы сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар В. Темірбаев саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2023
Сауд Арабиясының мемлекеттік ауыл шаруашылығы компаниясымен азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды
Қазақстанның Сауд Арабиядағы Елшісі Берік Арын саудтық ауыл және мал шаруашылығы саласындағы «SALIC» инвестициялық компаниясының бас директоры Сулайман Аль-Румейхпен кездесті. Кездесу барсында тараптар ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде агроөнеркәсіптік секторда бірлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық дипломат Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ҚР Үкіметі тарапынан қабылданып ...
Читать далее »Қазақстан мен Пәкістан жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістанның университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында өзара түсіністік туралы шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. ҚТУ-дың атынан атқарушы директор, профессор Аристотель Исагулов, ал Кайд-е-Азам университетінен проректор, доктор Ниаз Ахмад Ахтар қатысты. Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді. Өз тарапынан ...
Читать далее »22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен Сингапур Президенті келеді
22 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар қарқынды дамуда. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды. 2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ...
Читать далее »Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони келеді
Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі. Айта кетейік, ҚАЗАҚСТАН-ИТАЛИЯ қарым-қатынастары қарқынды дамуда. Жалпы мәлімет Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 21 тамызда орнатылды. 1992 ж. қазан айында Италияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 2021 ж. қыркүйек Италияның Қазақстандағы Елшісі М.Альберти. 1996 ж. Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі ашылды. 2021 ж. наурыздан бастап Қазақстанның Италиядағы Елшісі Е.Сембаев. Саяси қарым-қатынастары Жоғары ...
Читать далее »Алматыдағы “Музей түні”
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осы мереке аясында әлемнің 150 елінде «Музей түні» акциясы өтеді. Сондай дүбірлі мереке Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Алматы қаласы музейлер бірлестігінде өтті. Мерекелі кешке жиналғандарды Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Арман Бейсенбайұлы Халбеков құттықтады. «Тарих. Тұлға. Музей» тақырыбында ұйымдастырылған бұл іс-шарада елімізге танымал Рамазан Стамғазиев, Ғазизхан Шекербек, Кенжебек Жанәбілов, Ерлан Байбазаров, Мұрат Әбуғазы, ...
Читать далее »Түркия таңғалдырудан жалықпайды
Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз — Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы 2013 жылы ашқан. Бұл кісі ел аралап, жер көргенді, саяхаттай ...
Читать далее »«Қарызсыз қоғам»: 6 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті
«AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып келе жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының аралық қорытындысы шығарылды. Жоба аясында 6 мыңнан астам отандасымыз оқудан өтті. «Ұлы дала» қауымдастығының президенті Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленді. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтықтардың әрекетінқалай анықтауға болатынын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндіруде. «Қаржылық сауат әр адамға ...
Читать далее »Президент Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Мемлекет басшысы Бас консулдықты қысқа мерзім ішінде ашуға қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. – Төраға Си Цзиньпинмен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме жасалды, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Шын мәнінде, бұл сапар қазақ-қытай ықпалдастығының «30 жылдық алтын дәуірін» бастады деуге болады. Әрине, бұл сапардың мән-мағынасы ерекше. Бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір ...
Читать далее »Еуропалық одақ – Орталық Азия екінші экономикалық форум аясында ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Алматы қаласында өз жұмысын бастаған ЕО-Орталық Азия екінші экономикалық форумының бизнес-сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Р. Василенко Мемлекет басшысымыз жүргізіп отырған сыртқы саясаттың басымдықтарының бірі Қазақстан мен Орталық Азияны жаһандық деңгейде ілгерілету болып табылатынын атап өтті. Қазақстандық дипломат атап өткендей: «Соңғы онжылдықта Еуропалық одақ Орталық Азияға 120 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды, олардың ...
Читать далее »