Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің белсенді қолдауымен Астана халықаралық форумы аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (ҰҒА) мен Болгария ғылым академиясы (БҒА) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қазақстандық тараптан ҰҒА президенті Күнсұлу Закария және болгар тарапынан БҒА төрағасы Юлиан Ревалски қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Болгарияның ғылыми ...
Читать далее »Месячные архивы: Июнь 2023
Қазақстан СІМ басшысы ЮНЕСКО Бас директорымен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуленің Қазақстанға бірінші сапары аясында кездесу өткізді. М. Нұртілеу Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы барлық деңгейдегі көпжақты ынтымақтастығы ЮНЕСКО жарғысының білім, ғылым және мәдениет саласындағы мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО басшылығына қазақстандық бастамалары мен номинацияларына көрсеткен үздіксіз қолдау үшін өз ризашылығын білдірді. ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Президентке Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берілді. Орталықта озық әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылады. Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығының Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту қызметіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Президент отандық денсаулық сақтау ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының өкілі Дэвид Ливингстонды қабылдады
Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонды қабылдады. Кездесу барысында халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің перспективалары талқыланды. Президент еліміздің қаржы секторындағы цифрлық трансформацияны дамыту ісіндегі компания басшысының күш-жігерін жоғары бағалады. Дэвид Ливингстон Мемлекет басшысына былтыр Сitibank Kazakhstan Астана халықаралық биржасының Құнды қағаздар орталық депозитарийіне (AIX CSD) мүше болғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Дүнижүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Антонелла Бассаниді Дүнижүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк осы уақытқа дейін Қазақстандағы түрлі жобаларға 8 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін атап өтіп, қаржы институтының елімізбен серіктестігі жалғасын табатынына сенім білдірді. Президент елімізде көмірсутегі бейтараптығына жету үшін 2035 жылға дейін жалпы қуаты 10 ГВт «таза» энергия өндірісін іске қосу, сондай-ақ ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті
Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты. Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.
Читать далее »Президент Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды. Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің белең алуы әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Бұл экономиканы баяулатып қана қоймай, жаһандық өсім мен тұрақтылыққа кедергі келтіруде. Алайда кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті. Орасан зор технологиялық серпін беретін «цифрландыру» осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді. Жасанды интеллект, блокчейн, ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды. Кездесуде олар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Читать далее »Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін CNN журналисті, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді
Модератор: «Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогқа шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, Форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай?» Қасым-Жомарт Тоқаев: «Меніңше, біз қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек. Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы ...
Читать далее »