Авторские архивы: admin

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ...

Читать далее »

Эр-Риядта «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты жаңа форматтағы ынтымақтастық талқыланды

Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ШАМЫҚ) штаб-пәтерінде Орталық Азия елдері елшілерінің Кеңес басшылығымен және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ШАМЫК арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде «Орталық Азия –Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы аясында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Шығанақтағы араб елдері ...

Читать далее »

Қазақстан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, Ұйымның ағымдағы қызметінің кең ауқымды мәселелерін және ҰҚШҰ-дың сыртқы байланыстарын дамытуға қатысты кейінгі қадамдарды талқылады. ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу отырысқа қатысушыларды ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі Президентімен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортингі Президенті Масуд Гараханиге сыпайылық сапарымен барды. Елші Норвегия парламентінің басшысын Қазақстанның қазіргі дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті. Стортинг Президенті Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысына қызығушылық танытты. Әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия парламентаралық байланыстарын одан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ART TURKISTAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі Қазақстан бейнелеу өнері майталмандарының «Түркістан – түркілердің тұмары» атты симпозиумы басталды. Симпозиумға 12 суретші қатысып, Түркістан тарихынан сыр шертетін 12 көлемді шығарма жазып, ізденіс жұмыстарын музей қорына тапсырады. Симпозиум киелі Түркістанды өнер тілімен насихаттау, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА 5 ЖЫЛДА 250-ДЕН АСА ЖАҢА НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына биыл 5 жыл толды. Осынау аз ғана уақыт ішінде түркі жұртының атажұрты атанған киелі өңір қарқынды дамып, елеулі өзгеріс орын алды. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының, еңбекқор ел мен басшылардың еңбегі нәтижесінде Түркістан өңірі 5 жылда өркендей түсті.   Мәселен, Түркістан қаласы облыс орталығы болған кезеңнен бері халық саны 50 мың адамға өсіп, қазір 220 ...

Читать далее »

Президент Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамытуға және мемлекетаралық қатынастарға тың серпін беруге бағытталған қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіре отырып, бүгін Астанада өткен маңызды бастама – «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» атты шараны қолдағаны және жиынға белсенді қатысқаны үшін Олий Мәжілісі Сенатының төрағасына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осы алаңның бірінші отырысының қорытындысы өңірдегі өзара іс-әрекетті жандандыруға ...

Читать далее »

Түркістандық балуан Арменияда өткен Халықаралық турнирде чемпион атанды

Армения астанасы Ереван қаласында еркін күрестен «Stepan Sargsyan Cup» халықаралық турнирі өтті. Аталған сайыста Келес ауданының спортшысы Асылжан Есенгелді 61 келі салмақта бақ сынап, турнир чемпионы атанды. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 130 спортшы қатысты. Спортшының жаттықтырушысы Мақсат Бекбаев Асылжаннан жетістіктерімен еліміздің мерейін асқақтатып жүргендігін және алда да үлкен үміт күтетіндігін айтты. Есенгелді Асылжан Есболұлы 2001 жылы Түркістан облысы Келес ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: Металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады

Түркістан облысының аумағында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «PSI Group» ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге ...

Читать далее »