Авторские архивы: admin

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумына Қатар үкіметі мен бизнес өкілдерін бастап келгені үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді. – Таяу арада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулеге ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті. Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғысын айтты. ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті

Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. «Ройял Датч Шелл плс.» – мұнай мен табиғи газды барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен маркетингін жасау, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру мен сату саласындағы ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды. – Сіз бастап келген ЕҚЫҰ делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты  нығайту Қазақстан үшін басым бағыт ...

Читать далее »

Брюссельде Қазақстан, Словакия және ЕО-ның су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Орталық Азия елдері мен Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер арасында су ресурстарын басқару саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның осы саладағы қажеттіліктерін талқылау және Словак компанияларының әлеуетті жобаларын таныстыру бойынша семинар өтті. «Словакиялық ұйымдардың Орталық Азия өңірімен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастығы» тақырыбындағы іс-шараны Еуроодақ жанындағы ҚР өкілдігінің қолдауымен Словакияның ЕО жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырды. Словакияның су шаруашылығы саласындағы жетекші компаниялары ...

Читать далее »

Қазақстан мен ЕҚЫҰ өңірдегі жанжалдарды шешуді және тұрақтылықты қалпына келтіруді қуаттайды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана халықаралық форумына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізді. Тараптар қауіпсіздік саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның инклюзивті диалог арқылы жанжалдарды реттеуге және өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған күш-жігерді ...

Читать далее »

Роман Скляр халықаралық инвесторлармен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «CNPC», «Exxon Mobile», «CLAAS Group», «BaoWu Resources» ірі трансұлттық компаниялар өкілдерімен кездесу өткізді. Талқылауға «CNPC» компаниясының президенті Хоу Чицзюнь, «Exxon Mobile» компаниясының аға вице-президенті Чапман Нил, «CLAAS Group»  компаниясының бас директоры Мор Ян-Хендрик және «BaoWu Resources» вице-президенті Джанг Хуа қатысты. Тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылап, энергетика, тау-кен металлургия кешені және машина ...

Читать далее »

Роман Скляр Тәжікстанда өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына қатысты

2023 жылғы 5 маусым күні Душанбе қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ХАҚҚ басқарма мүшелері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты. Отырыс барысында ХАҚҚ-тың құрылғанына 30 жыл толуына дайындық және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын, Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл ...

Читать далее »

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына (РФ) барды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында: 🟢қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын; 🟢көлік инфрақұрылымын дамыту; 🟢теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру; 🟢ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.  ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін ...

Читать далее »

Түркістанда «XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және Америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галереяның ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және Мемлекеттік рәміздер күніне орай «XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және Америкалық карталардағы қазақ мемлекеті» атты галереяның ашылу салтанаты өтті. Іс-шара аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлының «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ Мемлекеті. Атлас» кітабының ...

Читать далее »