Авторские архивы: admin

Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылуда

  Түркістан облысына қарасты Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен отбасы-тұрмыстық саласындағы құықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларымен Мақтаарал АПБ-де жайсыз отбасылар тізіміндегі тізімдік есепте тұратын тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, күнделікті қызмет атқару барысында, ҚР ӘҚБтК (73-бабы, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша іс-шаралар атқарып, отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық ...

Читать далее »

Оңды пікірлерін ортаға салды

  «AMANAT» партиясы Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес пен Партиялық Бақылау комиссиясы бірлескен отырысының мәжілісі өтті. Мәжілісті Кеңес төрағасы – Сағындықов Сихымбай Уалиханұлы ашып, жүргізіп отырды. Бірлескен отырысқа «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Абдикадиров, аудандық мәслихат депутаттары, Кеңес мүшелері және «AMANAT» партиясы Сайрам ауданы филиалы «Қарасу бастауыш партия ұйымы» ...

Читать далее »

Батыр азаматтардың арқасында мемлекеттілігіміздің тұғыры нығая түседі

    Ағымдағы жылы Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде «Светофор» супермаркеті және «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і орналасқан ғимаратының шатырында өрт оқиғасы орын алған болатын. Аталған орталықтың маманы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Шіркін ауылының тумасы Қансейіт Мұхамед Абылхасымұлы өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы және Елтаңбасын өрттен құтқару үшін ...

Читать далее »

«Алтын сағат» ережесінің мәні зор

  Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің  төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және этносаралық келісімді нығайту мәселелері қаралды. Мекемеаралық өткен мәжіліске аудан прокуроры Дәулет Тілемисов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасарлары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, дербес бөлім басшылары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқарушысы Қайрат Арап және ауылдық округтерінің ...

Читать далее »

ҚР Қарулы күштерінің құрылу күніне орай іс-шара өтті

      Әскери борышын өтеген азаматтардың Таулы Қарабақтан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында  іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — ардагерлерге құрмет көрсету, ерлік жасаған ардагерлерді еске алу, әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды отан қорғауға шақыру. Республикалық Қарабақ этносаралық ұрыс қимылдарының төрағасы, облыстық төрағалар, «Түркістан облысы Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ...

Читать далее »

Ауданды ауыз сумен қамту прокуратураның назарында

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұловтың төрағалығымен аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Елдос Айнақұл, аудандық «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы Ұлан Акимов қатысты. Мәжілісте аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жобалар талқыланды. Аудан прокруоры Нұрлан Ешенқұлов ...

Читать далее »

Нақты тапсырмалар құзырлы органдармен жүзеге асырылуда

    Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді біркелкі қолдану, сондай-ақ қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамсыз ету болып табылады. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен облыс прокурорының нақты тапсырмалары Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында құзырлы органдармен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда электрондық форматта тергелетін қылмыстық істер ...

Читать далее »

Жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеді

    Бүгінде төрт түлікті қараусыз қалдыратындардың қатары көп. Соның салдарынан жол апаттары орын алуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің полицейлері жергілікті тұрғындармен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеп, талқылады. Сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша орын алған жол апатының 5-еуі жолға шыққан үй жануарларының кесірінен болғаны айтылды. Осыған байланысты Бәйдібек АПБ-нің ...

Читать далее »

Тәртіп сақшыларына «Алғыс хат» жолдады

  Бұл тұрғындар зейнеткер ұстаз Амит Тажибаев, ауыл ақсақалдары Төлбасы Құрманбеков, Абдусаттар Джаханов, «Алтын алқа» иегері Анжир Қожамбердиева. Аталған ауыл тұрғындары Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков пен осы басқарманың инспекторы полиция аға лейтенанты Жасдәурен Нұрғазиевке алғыстарын жаудырып, хат жолдады. Нақтырақ айтсақ, ауыл үлкендері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін жазып, мемлекеттік органға өтініш ...

Читать далее »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын түсіндірді

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев жұмыс сапармен Бәйдібек ауданында болды. Шаян ауылдық округі әкімі аппаратында Шаян, Ағыбет және Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, 2022 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясын және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді. Сонымен қатар облыс әкімі ...

Читать далее »