Авторские архивы: admin

Тергеушілер күніне орай спорттық сайыс өткізілді

  «Тергеу қызметіне 60 жыл» толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қолдауымен ауқымды спорттық спартакиада өткізілді. Іс-шараға тергеушілер, анықтаушылар және криминалистерден құралған 14 команда қатысты. Жүздеген полиция қызметкерлері қатысқан спартакиада, шағын футбол, арқан тарту, тапанша ату, қол күрес бойынша ұйымдастырылды. Спорттық дайындықты, шеберлік пен шымырлықты, асқан шапшаңдықты қажет ететін ішкі істер саласының мамандары жарыс барысында, ...

Читать далее »

Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады

Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің «ақылды» ферма жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. Елдос «Ақылды» ферманың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістанда өтіп жатқан «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Форумның маңызды екеніне тоқталды. – Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні ...

Читать далее »

Наурыз тойы гала концертке ұласты

Шымкенттегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бүгін Астана алаңында өткен «Шырқа, Наурыз» гала концертімен қорытылды. Халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары — Жанболат мен Жазира, Мелдір Әуелбекова, Әлия Әбікен мен Қанат Үмбетов, Райм мен Ерке Есмахан бастаған эстрада жұлдыздары ән шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.     Наурыз шашуы ретінде ұсынылған концерттік бағдарламаны көруге келген жұртшылықтың қарасы қалың ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен. Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада ...

Читать далее »

«SHYMKENT INVESTMENT – 2023» ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Оңтүстік өңірінің инвестициялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен елшіліктердің, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар арнайы шақырылған. Инвестициялық тартымдылықты арттыру арқылы өңірдің экономикалық даму қарқынын күшейтетін форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. «Елдің ірі көлік торабы ретіндегі оңтүстік «қақпасы» — Шымкент. Бүгінде қалада түрлі бағытта 700-ден астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында Наурыз мейрамында өңірде «Бірге – таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болып отыр. Акцияға облыстағы 17 аудан, қалада сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысты. Облыс орталығындағы жалпы сенбілікте мемлекеттік қызметкерлер қаладағы арық-атыздарды және көше бойларын күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеп, жеміс және ...

Читать далее »

Шымкентте жер сілкінді

21.03.2023 ж. сағ: 22:50 шамасында Шымкент қаласында жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісі бойынша Алматы қаласы Жер сілкінісі зерттеу орталығында ақпарат жиналуда. 101 және 112 құтқару қызметіне қирау бойынша ақпарат түскен жоқ. Оның эпицентрі Ауғанстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 848 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.1. MPV магнитудасы 7.8. Эпицентрдің координаттары 37.00° С. Е. 71.12° ш. б. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ДАУЫС БЕРДІ

Сарыағаш ауданында 82 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Қамбаров Қабыл №636 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді. «Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы – маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: БІР САҒАТТА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАҢДАУ ЖАСАП ҮЛГЕРДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні. Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда. Комиссияның мәлімдеуінше, алғашқы сағатта 3000-нан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген. Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар. Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.

Читать далее »