Авторские архивы: admin

Стамбулдағы ең үлкен кітапхана

Мәдениет және туризм министрлігі оқырмандарды Рами кітапханасына шақырады. Стамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами казармасының ғимаратында орналасқан. Түпнұсқа құрылымы мен материалдары бойынша жүргізілген реставрация, жөндеу және құрылыс жұмыстарынан кейін Рами кітапханасы «Стамбулдағы ең үлкен кітапхана» деген атауға ие болды және Еуропадағы өзіндік ерекшеліктері бар жетекші кітапханалардың қатарында. Рами кітапханасы 4200 адамға арналған және көптеген бөлімдерден тұрады. Мысалы, сәбилер ...

Читать далее »

СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Түркістан облысы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, Түркістан облысынан таңдаушы ретінде тіркелген 317 мәслихат депутатының 278-і дауыс беру бойынша бірлескен отырыста таңдау жасады. Ал, 39 депутат белгілі себептерге байланысты қатыса алмады. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, екі үміткердің ішінен Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек ең көп дауыс ...

Читать далее »

Отырарлық кәсіпкер ерекше түйеқұс өсіру ісін қолға алды

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе бұл мемлекеттің экономикалық әлеуеті артатынын әлдеқашан түсінген. Елімізде де соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда. Бұл жобалардың нәтижесі соңғы кездері киелі ауданымызда да көрініс беріп келеді.   Отырар ауданының әкімі ...

Читать далее »

«MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТҮРКІСТАНДА БАСТАУ АЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы көшпелі отырысы рухани шаһар Түркістаннан бастау алды. Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай алдымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайындағы “Бабадан қалған мұралар” атты көрмені аралады. Мұнан соң сапардың негізгі бөлігі басталды. Көшпелі отырысқа өңірлік кеңестің мүшелері, облыстың зиялы қауым және мәдениет ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан «Шардара» су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде. Соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек не тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1011 м3/сек су босатылуда. Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып, көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуекелділігін арттырады. Су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар «Шардара» су ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОБЛЫСТА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданында жұмыс сапарымен болып, өндіріс орындарын аралады. Ауданда жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жобалармен танысып, жергілікті азаматтармен кәсіпкерлікті дамыту бағытында пікір алмасты. – Орталықтан келетін бюджет қаражатына емес, кәсіпкерлік пен зауыт-фабрикалардан түсетін табысқа сенім артқан жөн. Облыста өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Елді кәсіпкерлікке баулу, жаңа кәсіпорындар ашу мәселесін назарда ұстаңыздар. Бұл негізгі индикаторлардың бірі ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ШУАҚТЫ КҮННІҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРДЫ

Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері бір жыл уақыт өтті. Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып келген қасиетті жеріміз – Қазақстанымыз арам пиғылдылар мен қарақшылардың талан-таражына түсе жаздады. Шеруге қатысушылар арасында арандатушылық жасағандар болды. Адамдар арасында араздық тудырып, ел ішіне іріткі салды. Алайда, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт ...

Читать далее »

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ — ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ

Былтыр қаңтарда көгілдір отынның қымбаттауына қарсы шыққан маңғыстаулықтардың бейбіт шеруі мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған деструктивті күштердің қолына түсті. Арандатушылардың бұл әрекеті елдің жеті аймағындағы тәртіпсіздіктерге ұласып, қарапайым тұрғындар да қатысып кетті. Бұзақы топтар мен кәсіби арандатушылар ұйымдастырған бейберекеттіктің салдарынан әкімшілік ғимараттар мен 2000-ға жуық ШОБ зардап шекті. Тонау мен қиратулардың салдарынан жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 5000 ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ТЫҢДАУДАН КӨП САУАЛҒА ЖАУАП АЛДЫ

Туған Отанымыз — Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігіне үлкен сынақ болған өткен жылдың қаңтар айында орын алған қасіретті оқиғалардың тарих қойнауына енгеніне бір жыл болып отыр. Шындығында, ол оқиғалардың зары мен зардабы еліміз үшін оңай соққан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «…халықтан жасыратын ештеңе болмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек» деген болатын. Халқымыз да, қоғам да қаңтардағы қасірет туралы жан-жақты ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ БОЙЫНША 315 АДАМҒА ҚАТЫСТЫ 127 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғамның назарына жеткізетін боламыз», — деді Б. Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 ...

Читать далее »