Авторские архивы: admin

Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды

Қазақстандағы «Zertte Conference» заманауи білім, ғылым және технологиялар туралы конференциясы шеңберінде Алматы қаласында Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды. Жобаны «Caravan of knowledge» білім беру ұйымы «Шеврон» компаниясымен және Республикалық физика-математика мектебімен (РФММ) серіктестікте ұйымдастырды. Zertte Studio – кез келген оқушы тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен қажетті техникалық дағдыларды игере алатын, конкурстар мен олимпиадаларға дайындалатын, шығармашылық және инженерлік идеяларын көп мектепте бола бермейтін ...

Читать далее »

ҚазҰМУ кафедрасына Сәкен Нұғмановтың есімі берілді

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті атақты дәрігерлер мен оқытушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру дәстүрін «Тағзым – Мы помним. Мы гордимся» атты тақырыпта жалғастыруда. Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ҚазҰМУ онкология кафедрасына Қазақстандағы онкологиялық қызметтің негізін қалаушы Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың есімі берілді. Сәкен Нұғманұлы – ҚазОжРҒЗИ-дың бірінші директоры болды және оны 1960 жылдан 1970 жылға дейінгі 10 ...

Читать далее »

Қазақстан мен Ресейде Қытай көліктері көбеюі мүмкін

ҚХР автоөндірушілері ЕЭО нарығындағы үлесін арттырады. Еуропа, АҚШ және Жапония автоөндірушілері Ресейге машина жеткізуден жаппай бас тартып жатқан шақта аспан асты елінің өкілдері өнімін көптеп саудалауға дайындалып жатыр.   «Авторевю» таратқан ақпаратқа сүйенсек, Geely мен Chery Ресей нарығынан кетпейтінін мәлімдеген. Оның үстіне Chery-дің Exeed деп аталатын еншілес маркасы топтамасын тағы бірнеше модельмен толықтыру жоспарынан бас тартпай, наурызда Exeed LX кроссоверін сатылымға ...

Читать далее »

Әйелдер қай саланы көп таңдайды және қай салада жоғары жетістікке жетеді — БҒМ зерттеуі

ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарға шағын зерттеу жасады. Зерттеу нәтижелерін бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram парақшасында жариялады. Сонымен: 1. Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер. 2. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды. 3. Әйел ...

Читать далее »

Түркістанда үшем дүниеге келді

Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын. Набат Садыкбекова №1 облыстық перинаталдық орталығында үш ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина ...

Читать далее »

Көлік бағасы қымбаттай ма, арзандай ма?

3 наурызға қараған түні Toyota Motor Ресейге Toyota және Lexus автокөліктерін жеткізуді доғарғанын хабарлады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К. Сонымен қатар 4 наурызда Camry седаны мен RAV4 кроссоверін шығаратын Санкт-Петербургтегі зауыттың жұмысы тоқтайды. Аталған зауытта өндірілген машиналар Қазақстан нарығына жеткізіледі. Былтыр біздің елде 5.6 мың Camry және 3.2 мыңға жуық RAV4 өтті. Бұл — елде сатылған Toyota көліктерінің тең жартысынан ...

Читать далее »

Мұғалімдік жұмысқа тұрғызып беремін деп, 1 млн. теңге алған…

Түркістан полицейлері тұрғынды алдаған балабақша қызметкерін анықтады. Түркістан қалалық Полиция басқармасына алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы «мектепке мұғалім қызметіне орналастырып беремін» деп уәде беріп, ақысына 1 000 000 теңге ақша алған. Арадан 8 ай уақыт өткенмен, жәбірленуші не жұмысқа орналаспай, не берген ақшасын ала алмаған. Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден көмек сұрады. Аталған ...

Читать далее »

«UzTextile Expo Весна’22» тоқыма және сән индустриясының 4-ші халықаралық көрмесі өтеді

2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында «UzTextile Expo Весна’22» тоқыма және сән индустриясының 4-ші халықаралық көрмесін өткізуге дайындық жүргізуде. Көрме — өзбекстандық тоқыма және тігін-трикотаж индустриясы жетістіктерінің маңызды салалық байқауы. Онда озық әзірлемелер мен технологияларды, киім және тоқыма өнімдерін өндірудегі өзекті трендтерді көрсетеді.   Көрмеге Түркия мен Беларусь Республикасы өндірушілерінің, сондай-ақ белгілі компаниялардың Ресейден, Үндістаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан ...

Читать далее »

Алматы, Шымкент, Қостанайда тегін семинар өтеді

 Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен, онлайн форматта “Fake news. Factchecking. Information manipulation” тақырыбындағы вебинарлар сериясын аяқтады.   Енді 2022 ж. сәуір айында Алматы, Қостанай, Шымкент қалаларында республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үшін осы тақырыпта екікүндік семинар-тренинг ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарынан қазақша ақпарат тарататын журналистер қатыса алады.   Дәріс оқуға отандық және шетелдік медиа тренерлер ...

Читать далее »

Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары 59 білім грантын жеңіп алды

Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы аяқталды. Зияткерлік сайыстың жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын жеңіп алды. Сонымен қоса, ең үздік үш жоба АҚШ-та ISEF-2022 Дүниежүзілік ғылым және технологиялар көрмесінде ұсынылады. Естеріңізге сала кетейік, ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі 21-25 ақпан аралығында өтті. Байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 9-11 сынып аралығындағы 748 бала республикалық турға ...

Читать далее »