Биылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілгені белгілі. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай Құнанбайұлы ақын, ғұлама ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы — тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. «Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық орындар жұмыс істеді. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» — деп хабарлады Т.Вазилов. Медициналық мекемелер ...
Читать далее »Шымкент мектептерінде оқулықтар таратылып жатыр
Шымкенттегі №129 жалпы орта мектептің кітапханасында жаңа оқу жылына қажетті оқулықтар сұрыпталып жатыр. Биыл бала саны артып отырғандықтан, кітапға деген тапсырыс көлемі де көбейген, деп хабарлайды «Отырар.кз». Мектеп басшылығы бұл жылы 1600-ден астам оқушыға қажетті оқу құралдарын жалпы тізімге қосқан. Әзірге оқулықтардың 20 пайызы ғана әкелінді дейді кітапхана меңгерушісі. Аққыз АЗИМБАЕВА, №129 жалпы орта мектептің кітапханашысы: «Енді 60 пайызын күтіп ...
Читать далее »Шымкентте тағы бір провизорлық орталық жабылды
Шымкентте тағы бір провизорлық орталық жабылды. 1 айдан астам уақыт ішінде 458 науқасты айықтырған стационар енді жұмысын тоқтатады. Дәрігерлер дертке шалдыққандарды қандай тәсілмен емдеп жазды? Қазір олардың жағдайы қалай? Самал-3 мөлтекауданында мектеп ғимаратында орналасқан провизорлық орталық ағымдағы жылдың 29 маусым күні өз жұмысын бастаған бастаған болатын. Онда бүгінге дейін 458 науқас ем алып, құлан таза айығып шықты. Індетпен ауырғандар үшін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. ТМД мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру аясында онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 10-30 тамыз аралығында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқулары өтеді. ТМД ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «Shymkent bike» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады. «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде. Жоба аясында пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар әзірленген. «Bike Sharing» жүйесі арқылы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 108 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ
Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Нәтижесінде шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 1597 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның 1362-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 172-ы қоғамдық жұмыстарға, 23-і жастар практикасына, 35 азамат кәсіби даярлау курстарына жолданды, 5 адам кәсіпкерлікке баулу шараларымен қамтылды. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...
Читать далее »Медицинаның сапасын арттыру үшін…
Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77 пайызға азайды. Қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық ...
Читать далее »Мемлекеттен субсидияланады
Шымкентте 24 тасымалдаушы компания бар. Оның 3-еуі өз бағыттарын дұрыс ұстайды. Жүру тәртібін бұзбайтын 3 тасымалдаушы компания мемлекеттік бюджеттен субсидияланады. Ал жақында электрондық жүйеге көшкен соң, қоғамдық көліктер 90 пайыз жаңа болады және тасымалдаушы компаниялардың бәрі мемлекеттен субсидияланады. Одан бөлек, әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көліктер де қызмет етуде. Қала орталығынан шалғай шетте орналасқан шағынаудандардың барлығы да қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген. ...
Читать далее »