Авторские архивы: admin

Мемлекеттік бағдарламаның берері көп

Бүгінде кәсіпкер болуға ниеті бар жастарға түрлі бағдарламалар ұсынылып келеді. Солардың біреу «Жас кәсіпкер» жобасы. Бұл жобаға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Мәселен, аталған жоба бойынша Шымкент қаласында 1400 орын бөлінген. Оқуға үміт артып 1497 жас өтініш білдірген. Бүгінгі таңға нақты 1405 азамат оқуын тәмамдап, бағдарлама шеңберінде оқығаны жөнінде куәліктерін алған.

Читать далее »

Табиғи газбен қамтылмаған шағынаудан қалмайды

Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент қаласын инфрақұрылыммен қамту мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр. Алдағы уақытта  Шымкенттің 99 пайыз тұрғыны табиғи газбен қамтылатын болады. Негізі мұндай жоғары көрсеткішке алдағы жылы қаладағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде қол жеткізілмек. Аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 ...

Читать далее »

Шымкенттің жолдары қатаң бақылауда

 «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының сапасына және Бадам өзені арқылы өтетін көпірге мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. Рейдтік шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК қалалық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды. Бақылау жұмыстары барысында ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа өндіріс орны ашылады

Шымкентте мұнай өңдеу саласына қажетті каталитикалық крекинг катализаторын шығаратын зауыт салынбақ. «Сracking catalуst » ЖШС-і жобаны жүзеге асырса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды «Отырар». «Сracking catalуst » ЖШС -і 2017 жылдың қараша айында ашылды. Былтыр өндіріс базасы құрылып, бүгінде кәсіпорынның өз қоймалары бар. Қысқа мерзімде сілтіні ерітетін қондырғы да орнатылды. Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіде каустикалық сода дайындайды. ...

Читать далее »

Сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдаланады

Шымкент қаласы маңындағы елдімекендерді дені сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары сапалы ауыз суды тәулік бойы пайдалануға қол жеткізді.Қала маңындағы ауылдардың дені инфрақұрылыммен толық қамтылған. Ал Жыланбұзған ауылының тұрғындары осы уақытқа дейін су мұнарасының қуаттылығы ауылды тек 4 сағат ауыз сумен қамтуға күші жететін. Су жүйесін қалпына келтіруге 107 млн. теңге қарастырлды. Су беру мұнарасы жаңғыртылғаннан кейін жыланбұзғандықтар ...

Читать далее »

Климаттың өзгеруі мен құрғақшылық жәйі талқыланды

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығының ұйымдастыруымен Шымкентте семинар өтті. Іс шара барысында құрғақшылық аудандар мен жер ресурстарын тұрақты басқару мәселесі талқыланды. Сарапшылар фермерлерге суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру жолдары, тамшылатып суарудың инновациялық жүйелері, органикалық қалдықтардан биогаз өндіру және оны ауыл шаруашылығында қолдану туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, сала мамандары егіншілікте әртараптандырудың заманауи технологияларын пайдалану мүмкіндіктері ...

Читать далее »

Шымқаланы сапалы ауызсумен қамту — басты назарда

Шымкент қаласының іргесіндегі елдімекендерді сумен қамтамасыз ету, сапасын жақсарту бүгінде басты назарда. Негізгі инфрақұрылымдардың біріне жататын бағыт болғандықтан ешқашан аназардан тыс қалмасы анық. Негізг іс — шараны жүзеге асыру мақсатында «Шымкент қаласы әкімдігінің су құбыры және канализация басқармасы» МКК сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған «2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы» бекітілген болатын, деп хабарлайы «Отырар». Құжатта биыл Шымкент қаласының ...

Читать далее »

Зауыттың қала инфрақұрылымын дамытуға септігі мол

Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтар бүгінде қарқынды даму үстінде. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады. Бұл өз кезегінде қала инфрақұрылымын дамытуға тигізіп жатқан пайдасы орасан. Жұмысшылар екі ауысымда жұмыс істейді. Өндіріс орнында 40-тан астам адам еңбек етеді. Нысан басында жатақхана, асхана, тағы басқа да орындар бар. Жұмысшыларға барынша ...

Читать далее »

Базар инфрақұрылымы заман талабына сай

Қазіргі таңда Шымкентте ірі 9 базар бар. Олардың басым бөлігі заманауи үлгіде салынған. Үсті жабық, жаңбыр суы ағып кететіндей арықтар орнатылған. Жылу жүргізілген. Жалпы айтқандай базар инфрақұрылымы заман талабына сай. Барлық жағдайы жасалған сауда орындарын дамыту базар басшыларының назарында. Қаладағы аумағы үлкен сауда орталықтарының басым бөлігінде автовокзал бар. Яғни,көпшілікке ыңғайлы.

Читать далее »

Аулалар абаттандырылуда

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Бұл ең алдымен қала инфрақұрылымын дамытуға көп септігін тигізіп жатыр. Осы жобаның аясында «Нұрсәт» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына заманауи ойын алаңдарын орнатып, спорт алаңшаларын салынуда. 57 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. «Нұрсәттегі» тұрғын үйлердің біразының салынғанына он жылдай уақыт өткендіктен, аулалары жөндеуді қажет етеді. Сондықтан, ең алдымен аталған ...

Читать далее »