Шымкент қаласының қарамағына өткен елді-мекендер көп. Мәселен, Қаратау ауданына Сайрам ауданынан 11 елдімекен қосылды. Осы шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту бүгінде қала әкімінің басты назарында тұр. Қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе отырып «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Достық» шағынаудандарының жаңа құрылыс аумағындағы негізгі үлкен көшені асфальттау жұмыстары жүргізілмек. Елдімекендердің өркениетке басқан бір қадамы ретінде басты бір көшені асфальттап, қоғамдық көлік ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
«Денсаулық» пойызы Шымкентке жетті
«Денсаулық» пойызында дәрігерлер қараша айының 23 мен 24 аралығында Қызылсай станциясында тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты жиырмаға жуық дәрігерлер бар.Сондай-ақ пойызға медициналық көмекке келген тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыстары туралы кеңінен түсіндірілуде. Медициналық сақтандырудың мақсаты халыққа қажетті қызметтің барлық түрлерінің қолжетімділігін арттыра отырып, әртүрлі тетікті пайдалана отырып, ...
Читать далее »«Шымкент қаласының тарихы мен өркениеті»
Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастырауымен қайырымды қала- Шымкентте «Шымкент қаласының тарихы мен өркениеті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған конференцияға қаладағы және еліміздің өзге өңірлерінен келген профессорлар мен ұлағатты ұстаздар қатысты. Конференцияны «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Рухани Жаңғыру» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев жүргізеді. Шымкенттің түрлі салаларына қатысты аймақтағы ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің жайымен танысу, ғалымдардың ...
Читать далее »Шымкенттік білікті дәрігерлер өзбекстандық дәрігерлермен тәжірибе алмасады
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және Өзбекстан мемлекетінің Самарқанд облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давранбек Жуманиязов екі жақты мемморандумға қол қойды. Екі жақты келісімнің мақсаты -Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Ең бастысы мегаполис дәрігерлерінің біліктіліктерін артырып, ...
Читать далее »Е.Айтаханов «Shymkent City» тұрғын алабындағы барлық пәтердің жылуын тексерді
Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov «Shymkent City» тұрғын алабын аралады. Тұрғындармен кездескен шаһар басшысы жылу бойынша проблема туындаған үйлерді арнайы аралап, жағдайды өз көзімен көріп, тұрғындармен сұхбаттасты. Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша тоқталған қала әкімі жауапты мамандардың салғырттығынан халық зардап шекпеу керегін қадап айтты. «Алдымызда қыс мезгілі келе жатыр. Қазіргі басты мәселе — тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету. Бұл мәселе ...
Читать далее »Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен және жергілікті инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саладағы жаңа жобалар таныстырылып, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша Жобалық кеңсенің жұмысы пысықталды. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің өзекті мәселелері көтерілді. Әкімнің кәсіпкерлермен болған алғашқы бас қосуында әкімдік тарапынан әзірленген тұрғын үй құрылысы, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, өндіріс салаларын дамыту ...
Читать далее »Еңбекші ауданының полицейлері Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында №94 орта мектеп ғимаратында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық әкімдіктің өкілдері, Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының қызметкерлері қатысты. Кездесу аталған аумақта құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімеден басталды. Кездесу барысында азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тұрғындарды көбінен ауданның жол қауіпсіздігі мен ...
Читать далее »Медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсініру жұмыстарын жүргізді. Медицина өкілдері «Қырғы базары» аумағындағы саудагерлер мен таксисттерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керектігін түсіндіріп, сақтандыру қорына төлетін жарналар туралы айтып береді. Сондай-ақ шара барысында мамандар радиорубка арқылы хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар ...
Читать далее »«Медицина жаныңызда» атты акциясы өтуде
Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында «Медицина жаныңызда» атты акциясы өтуде. Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетуде. Жоспар бойынша мамандар қараша айының 11 -18 аралығында қаланың шетіндегі шағын ауданға барып, қабылдау жүргізуді бастап кетті. «Сауле» шағын ауданында 14.11.2019ж сағат 09:00 мен 13:00 аралығында халыққа медициналық қызмет көрсетіледі. «Жұлдыз» ...
Читать далее »Абай ауданы қысқы маусымға дайын
«Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 424 орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 29 көпқабатты үй, атап айтқанда: Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй, Қызылжар тұрғын алабында 16 үй және аудан орталығында 8 тұрғын үй жеке қазандыққа көшкен. Қазіргі таңда аудан аумағындағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандарға жылу толық берілген»-деп, атап өтті аудан әкімі Ғалымжан Төлепов.
Читать далее »