Авторские архивы: admin

ҚР Президенті көлік салығының өсімін алып тастауды ұсынды

Н.Назарбаев жек тұлғаларға салық амнистиясын қолдануға тапсырма берді. Елбасының айтуынша, бүгінде 1.3 миллион қазақстандық көлік, мүлік және жер салығын төлемеген. «Бұл 17 миллиард теңге, оның 5 миллиарды өсім ақысын құрайды. Мен бұрында мына 5 миллиард өсімді қарастыратын (шығарып тастау — Kolesa.kz ескертп.) жеке тұлғаларға қатысты салық амнистиясын жасау керек деп үкіметке айтып, тапсырма да бергенмін. Егер (борышкер) негізгі салық сомасын төлеген жағдайда», деп Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің ...

Читать далее »

Көлік жүргізушісі терезедегі мұзды қалай тез ерітуге болатынын көрсетті

Ұлыбритания тұрғыныДаниэль Харрис Facebook желісінде жеке парақшасында көліктің алдыңғы терезесін қалай мұздан тез тазалауға болатынын көрсетті, деп хабарлайды tengrinews.kz. Ол үшін полиэтилен пакет мен ыстық су керек. Пакетке су толтырып әйнекті мұзы ерімейінше әрлі-берлі үйкеу қажет.  Лайфхак түсірілген видео бірнеше күнде 2,5 миллионнан аса қаралым, көп лайк пен пікір жинаған. «Неге мұны өзім аңғармадым?», — деп пікір қалдырған қолданушылардың бірі. 

Читать далее »

Мұғалімдердің үстемақысы қашан көбейеді?

ҚР Үкіметі мұғалімдерге үстемақы төлеудің қаржы-экономикалық есебін дайындап жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың берген жауабында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Үкімет басшысының айтуынша, мемлекеттік ұйымдардың қызметшілеріне, оның ішінде мектеп мұғалімдеріне жалақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың азаматтық қызметкерлеріне, жұмысшыларына жалақы төлеу жүйесіне сай жүзеге асырылады. «2019 жылдың маусымында қабылдануы жоспарланып отырған «Педагогтер мәртебесі ...

Читать далее »

Түркістанның құрылыс жобасы облыс кәсіпкерлеріне таныстырылды

  Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Сондай-ақ, әкімдіктің өкілдері мемлекеттік қажеттіліктерге жер учаскелерін сатып алу жұмыстарының барысы туралы хабардар етті. Күн тәртібінде Түркістан қаласының құрылысы жобасының таныстырылымы, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасындағы жерді мемлекет меншігіне сатып алу жағдайы талқылау болды. Түркістан қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері және «Астана-Генплан» ЖШС сәулетшілері Түркістан қаласын салу ...

Читать далее »

Мұғалімдер толығымен электронды жүйеге өтуге қарсы

«Педагог мәртебесі» туралы Заң қандай болуы керек? Мұны ұстаздардың өзі талқылап жатыр. Ұсыныстарын айтып, өздеріне жағдай жасап алуға да тырысуда. Әсіресе, отыз жылдан аса тәжірибесі бар оқытушылардың зейнетке жіберу тұсын қолдайтындар көп. Жиын барысында білім қызметкерлері негізінен осы өзгеріске тоқталды. Еске сала кетейік, жаңа заңда еңбек өтілі 30 жыл болған оқытушыларды демалысқа жіберу қарастырылған болатын. Ұстаздардың бірі «30 жылдық еңбек ...

Читать далее »

Көлік салығы туралы ескерту SMS арқылы жіберіледі

Жаңа жүйе жылдың соңына дейін іске қосылуға тиіс. Көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарға арналған пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында жұмыс істей бастады. Бүгінгі үкімет сағатында ҚР қаржы министрі Алихан Смаилов хабарлағандай, жүйе тексерістен сәтті өткен, салықтың барлық түріне қатысты қарыз жайлы SMS түріндегі ескертулерді осы жылы Қазақстанның өзге де өңірлерінде іске қосу жоспарланып отыр. Аталған отырыста Ақпарат және коммуникациялар ...

Читать далее »

WhatsApp-та өшірілген хабарламаны оқудың амалы табылды

WhatsApp қолданушылары хат алмасуда өшірілген хабарламаны оқудың оңай жолын тауып алды, — деп хабарлайды tengrinews.kz «Популярная механика» порталына сілтеме жасап.  Мессенджердегі өшірілген хабарламаларды қалпына келтіру механизмі чаттағы резерв көшіру функциясы арқылы жүзеге асады, бұл функция қосымшаға әуелден енгізілген. Өшірілген хабарламаны оқу үшін қосымшаны өшіріп, қайтадан орнату қажет екен.  Мұндай жағдайда резерв көшіру арқылы сақталған барлық чат қайтадан қалпына келеді — онда ...

Читать далее »

Шымкентте автобустың қайда келе жатқанын көрсететін  ShymQala қосымшасы іске қосылды

Шымкент қаласында автобустардың қай жерде келе жатқанын көрсететін ShymQala атты мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады Олардың айтуынша, мобильді қосымша қалаішілік №141, 147, 147А 148А, 148Б, 102ША, 109ША, 118ША, 26 бағыттарына пилоттық режимде енгізілген. Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market немесе Арр Store дүкендерінен жүктеп ала алады. Телефоныңыздың экранына автобустар ...

Читать далее »

«7-20-25» үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды

Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлік сатып алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте, несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала ...

Читать далее »

Шымкентте бір жер учаскесі 6 адамға сатылған

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мемлекеттік органдардың жиынға келмеуіне көз жұмып отырмақ емес. Мемлекеттік органдардың жиынға қатыспауы  кәсіпкерлерге зиян тигізеді Кеңестің кезекті отырысында жер қатынастары мәселесі көтерілді. Бұл түйткіл Шымкент қаласында таралып кеткен, онда бір жер учаскесі екі, тіпті үш адамға берілетіні бойынша фактілер жиі кездеседі. Ал осы жолы орын алған жағдай тіптен шектен шыққан: ...

Читать далее »