Авторские архивы: admin

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАНАН МЕН ӨҢДЕЛГЕН ЖЕМІС ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр. Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «GEN GROUP KAZAKSTAN» жылыжайына барды. Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыс ...

Читать далее »

Жеке үйде орналасқан есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.   Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды. Тінту барысында 20 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды.   Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды. Қылмыстық Кодекстің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАТРАЦ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрац шығатарын шағын цех іске қосылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты. Аталған жоба 2023 жылы бастау алып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 3600 дана матрац шығаруға қауқарлы. Бүгінде тұрақты 5 адам жұмыспен қамтылған. ...

Читать далее »

Халық саулығын жақсарту

  Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты Ақбура дәрігерлік амбулаториясының мамандары «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Амбулатория қызметкерлері ауылдағы мектептерге арнайы барып, оқушылардың саулығын жақсарту үшін іс шаралар өткізді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АТЫНАН СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЛЕГІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қарғын судың астында қалған ауылдарға ағылған халық көмегі сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде. Су басқан аймақтардың тұрғындарына арналған азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсеніш, тұрмысқа қажетті басқа да заттарды жинап жөнелтуге жалпы тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, депутаттық корпус өкілдері, азаматтық ұйымдар, волонтерлар, діни ұйымдардың қызметшілері, Жастар ресурстық орталықтары мен жас белсенділер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, «AMANAT» партияcының өкілдері, күш біріктіріп, қиындықты ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған. Шетелдіктердің басым ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІП, ПАЙДАҒА КЕНЕЛІП ОТЫР

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған зейнеткер. Ол үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр. — Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді, — деді зейнеткер. ...

Читать далее »

Түркістан облыстында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, ...

Читать далее »

 КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ЖИҺАЗДАН АЙЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТАБЫС ТАБАДЫ

Келестік кәсіпкер Талғат Нәби ағаштан үй жабдықтары мен жиһаз жасап, айына 1 миллион теңгеден астам табыс табады. Шикізатты Ресей мемлекетінен алдырады. Жеке цехында жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыстың 80 пайызы ас үй жиһаздарына түседі. Сондай-ақ, шебер айына 10-ға жуық өнім дайындап, еліміздің барлық аймағына жөнелтеді. Бұл кәсіптің түрімен 7 жылдан бері айналысып келе жатқан ол биыл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

  Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда. Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары игі іске өз үлестерін қосты. Алғашқы күннің өзінде тұрғындар, мәслихат ...

Читать далее »