Авторские архивы: admin

“Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе рейсін іске қосты. Тасымал аптасына екі рет жөнелтіледі. Әуе билеттерін www.flyqazaq.com сайтынан алдын ала брон жасауға және сатып алуға болады. Билеттердің құны бір бағытқа 30 000 теңгеден басталады.   Сондай-ақ, Қазақстанның әуекомпаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді орындайтынын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, “Qazaq Air” әуекомпаниясы рейстерді жоғары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Атқарылған шаралар барысында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген болатын. Олар терек, емен, сәмбітал, үйеңкі, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері. Одан бөлек, орталықтағы саябақ пен аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, гүл ...

Читать далее »

Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің ұйымдастыруда күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстады.   Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.   Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық-процестік ...

Читать далее »

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Сарыағаш ауданында «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер абаттандырылып, тазалық шаралары жүргізілуде. Шара барысында аудандағы Жартытөбе, Тегісшіл, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті Қызылжар, Дербісек елді мекендеріндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер маңы қоқыстан тазартылды. Атқарылған жұмыстар барысында кесененің аумағы ретке келтіріліп, шөптері қырқылды. Жалпы тазалық акциясы аясында тұрғындар өз елді мекендерінде әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясы президиумы мен халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсын ұйымдастыру комитетінің «Ғылымға қадам» ХХІ-ХХІІ халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсына 16 мемлекеттен үміткерлер қатысқан. Білім сарапқа салынған халықаралық сайыста Түркістаннан арнайы барған Оқушылар сарайының шәкірттері мен жетекшілері есе жібермей, жүлделі орындардан табылды. Оқушылар үйінің директоры Икапова Индира Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының «Отандық білімнің алтын қоры» ұлттық бағдарламасы ...

Читать далее »

«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТА «БИБІ МАРИЯМ» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Созақта «Киелі мекен» апталығы аясында С.Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Бибі Мариям кесенесінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар аясында кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, ағаштар әктелді. Одан бөлек, қоршаулар мен ондағы аяқ жолдар қалыпқа келтірілді. Жалпы аудан аумағында 75 шақырым көше бойлары, 11,4 шақырым аяқжолдар тазаланып, 485 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ауылдық округтер ...

Читать далее »

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САУРАНДЫҚТАР ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

«Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығында Сауран ауданында Үкаша ата кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстары жүрді. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан экологиялық акцияда кесене аумағына аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев пен ерікті жастар бірлесе отырып, ағаш көшеттерін екті. «Киелі мекен» апталығында табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – Үкаша ата кесенесі аумағында көгалдандыру жұмыстары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округінде «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» тақырыбында дала мерекесі атап өтілді. Шара мақсаты — Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ерекше көркімен дараланатын қызғалдақ гүлін сақтап қалу, табиғат анаға деген жанашырлықты арттыру. Айта кетерлігі, бұл қызғалдақ мерекесі аймақта соңғы он жыл ішінде өткізіліп, дәстүрге айналған. Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихаттың депутаттары, Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасының мүшелері, белсенді ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫН «КЕМЕҚАЛҒАН» МОНУМЕНТІН АБАТТАНДЫРУДАН БАСТАДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазығұрт асуында орналасқан «Кемеқалған» монументінің маңы қоқыстан тазартылды. Онда әрлеу, шөп қырқу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға қазығұрттық жастар мен еріктілер белсене қатысып, киелі мекенді гүлдендіруге үлестерін қосты. Айта кетейік, Қазығұрт тауының жанында теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте орналасқан «Кемеқалған» монументі облыс орталығы Түркістан қаласынан 207 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті аңыз бойынша, ...

Читать далее »

Шымкентте бөтеннің скутерін көтеріп ұрлап кеткендер ұсталды

Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен.   Скутерін кафенің жанында қалдырған тұрғын, оның жоғалғанын біле салысымен дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.   Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Күдіктілер екі тәулік ішінде қолға ...

Читать далее »