Экономика

Бренд өнім

Елімізде азық-түлік пен тауар өндіруші кәсіпорындар шетелдік өндірушілерді шаң қаптырып кетпесе де, шүкір нарықтан ығыстыра бастады. Олар бүгінде өз брендтерін қалыптастырып үлгерді. Тұтынушыларға ортандық өнімнің импорт тауардан артық болмаса кем емес екендігін әлдеқашан-ақ дәлелдеп қойды. Бүгінде елімізде ғана емес, шетелдерге өнімдерін экспорттап отырған «Барыс-2007» ЖШС-і отандық өндірушілердің алдыңғы қатарында. Макарон және кондитерлік өнімдері бүгінде «Мадина» сауда белгісімен танымал. Бұрындары қазанымызда ...

Читать далее »

Жол саласына қажетті өнім өндіреді

Түркістан облысындағы «Түркістан жол сервис» ЖШС-інің негізгі қызметі жол салу болып табылатын кәсіпорын меншігінде 265 техника, 4 асфальт-бетон зауыты бар. Зауыттың бірі облыс орталығында орналасса, бірі Ордабасы ауданында және Батыс Қазақстан облысында бір зауыты бар. Өндіріс орны бүгінгі таңда 550-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «ТЖС» ЖШС-нің құрамында «База Менеджмент 2008» ЖШС-і жұмыс істейді. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындардың болашағы ...

Читать далее »

6 сатылы зертханалық тексеруден өтеді

Бүгінгі таңда Түркістан облысында ірі кәсіпорындар көбейіп келеді. Оған өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Қазіргі таңда «Биік Белес» ЖШС-і асфальт бетон өнімдерін шығаруды қолға алған. Өндіріс орны сағатына 180 тонна асфальт-бетон шығаратын кореялық «SPECO” зауыты бар. Онда 5 түрлі асфальт-бетон түрлері өндіріледі. Аталған кәсіпорында өндірілген асфальт құрылысқа пайдаланылмас бұрын 6 сатыдан тұратын зертханалық тексеруден өтеді. Жоғары, төменгі ...

Читать далее »

Жол құрылысына отандық өнімдер пайдаланылады

Түркістан облысындағы жол құрылысына тек отандық өнімдер ғана пайдаланылады. Бүгінде облысаралық, ауданаралық жолдарды салып, тіпті халықаралық маңызы бар ірі жобаларға да өз үлесін қосып жүрген «Береке корпорациясы» ЖШС-і облысымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын 500 шақырымнан астам жол құрылысын жүргізетін кәсіпорынның жұмысы әрдайым басбармақпен бағаланып келеді. Серіктестік меншігінде жол құрылысына қажетті 300-ден астам техника, 3 асфальт-бетон зауыты бар. Кәсіпорын толықтай ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы экспорт көлемі ұлғайып келеді

Былтыр Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 1088,9 млн. АҚШ долларын  құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 468,3 млн. АҚШ долларын (90,8%), импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын (156%) құрады. Облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен экспорты 95,4 млн. АҚШ долларын (72,1%), ал импорт – 148,2 млн. АҚШ долларын (136,6%) құрады. ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 86,6% Ресей Федерациясына тиесілі болса, ...

Читать далее »

Ғылыми инновациялық жобалар -2

Түркістан облысында өткен шара аясында ауқымды көрме ұйымдастырылды. Онда облыстағы оқу орындары студенттерінің өнертабыстары мен өнідіріске ендірілген жаңалықтары көпшілік назарына ұсынылды. Робототехникадан мол хабары бар мектеп оқушыларының өздері жасап шыққан роботкөмекші, төтенше жағдайда алыстан басқарылатын машина ерекше қызығушылық тудырды. Ал облыстағы маңдайалды оқу орны ОҚМУ ғалымдарының ғылыми инновациялық жобасы «Әмбебеп көпфункционалды құрылғысы» бүгінде қағаз бетінде қалып кетпей өндіріске ендіріліпті. Нұрлыбай ...

Читать далее »

Өнертабыстар өндіріске ендірілуі де мүмкін

Бүгінде Түркістан облысында көптеген өнертабыстарды өндіріске ендіру үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық конференция өтті. Соның аясында ауқымды көрме де ұйымдастырылды. Конференцияның негізіг мақсаты ІТ-технологиялардың, баламалы энергетика, нано және биотехнологияларды дамыту, инженерлік білімді дамыту мәселелерін талқылау болып табылады. Шетелден келген айтулы ғалымдар аталған салалар бойынша бүгінде әлемдік озық технология жаңалықтарымен бөлісіп, табиғатты қорғау, баламалы энергия көздерін дамыту ...

Читать далее »

Химия өнеркәсібін өрге сүйремек

Түркістан облысында химия зауыты салынбақ. Өндірілген өнімнің жартысы жергілікті кәсіпкерлерге сатылатын болса, қалған бөлігі Ресей, Қытай, Түркияға экспортталмақ. Жобаның жалпы құны – 28 миллиард теңгені құрайды.  Асқар Абубакиров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бұл жобаны осында орналастыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Өңірдегі индустриалды аймақта негізінен тоқыма өндірістері орналасқан. Ал полипропилен бұл өңдеу өнеркәсібі. Сондықтан да Министрлікке дейін бұл мәселе қаралды» … ...

Читать далее »

Химия зауыты салынбақ

Түркістан облысында  химия зауыты салынбақ. Өндірісті өңірдің экономикасын өрге сүйреуге септесетін тағы бір алып зауыттың келтірер пайдасы көп. Ең алдымен жаңа жұмыс орындарының ашылуы әлеуметтік түйіндерді тарқатады. Одан бөлек өзге өндірістерге қажетті шикізатты шетелден тасып сабылмайтын болады. Мұнай-химия саласындағы «алғашқы қарлығаш» болатын зауыттың келешегі кемел. «Шымкент химия компаниясы» Этил-трет-бутил эфирі және ұнтақты полипропилен өндірісі бойынша зауыт құрылысын жүргізбек. 2018 жылы ...

Читать далее »

Білім. Ғылым. Инновация

Білім. Ғылым. Инновация. Осы үштік үстемдікке бағыт алған кезеңде білім бесіктері заманауи оқу үрдістерден сырт қалмауы тиіс. Осы тарапта бүгінде ауқымды шаруалар атқарылуда. Түркістан облысындағы Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде тереңдетіп білім беруде жоғары жетістікке жетіп жүр. Сондықтан да айтулы мектепте білім алғысы келетіндердің қатары қалың. Облыстағы барлық білім ошақтарын осы мектептің деңгейіне жеткізу мүмкін болмас. Дегенмен мақтаулы білім бесігінің тәжірибесін ...

Читать далее »