Экономика

Өндірістік үдерісі жоғары

Түркістан облысындағы ең ірі «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асқан жобалар көп. Алда жоспарланғаны одан да көп. Мұндағы қайнап жатқан жұмыс барысымен танысуға арнайы келетін тиісті сала мамандары баршылық. «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы ең ірі инвестициялық жобалары — «ShymkentTemir»  және  «SinYuanSteel» металлургия зауыттардың құрылысы қарқынды. Мұндағы құрылыс жағдайы, өндірістік үдерісі мен зауыттардың жоспарланған даму ауқымы жоғары.  «ShymkentTemir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оңтүстік өңірінде ...

Читать далее »

Отандық шикізат өнім бағасының төмен болуына сеп

Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы шұлық шығаратын зауыт іске қосылғалы бері миллиардқа жуық теңгенің өнімін өндірген. Жетістігі жоғары кәсіпорын жұмысшылары әлі де ізденіс үстінде. Сан алуан түрлі өнімдерінің сатып алармандары да көп.  Шұлық фабрикасы «3D» нәскилерін шығарып, өнімнің сапасын одан әрі дамыту үстінде. Фабрика өнімнің 25 пайызын Ресей мемлекеті мен Оңтүстік Кореяға экспорттаған. «Фабрика айына 2 миллион, ал жылына 20 ...

Читать далее »

Жастар индустрияландыруға…

Түркістан облысының жастары бизнесін ықпалды байланыстарсыз құрудың мүмкін еместігі туралы аңызды жоққа шығарды. Open mind   – Түркістан кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жастар бизнес-жобалары құрылтайында  жас кәсіпкерлері «Z ұрпағына»  қателіктерден қорықпай  жаңа білімдер алуға ұмтылу керектігін айтып кеңес берді. Құрылтайдың негізгі мақсаты жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын ояту. «Chaplin’s Group» негізін қалаушы 25 жасар Тохтар Әлімбеков несиесіз, ықпалды байланыстарсыз өз бизнесін қалай ашқаны туралы ...

Читать далее »

Кәсіпкерлер палатасы көмек қолын созды

Бүгінде жиһаз көп. Шетелден әкелініп жатқаны да, қолдан ұсталар жасап жатқаны да баршылық. Бірақ бағасы тым қымбат. Түркістан қаласындағы индустриалдық аймақта орналасқан «Grand Mix»» жиhаз фабрикасы  бүгіндн өрісін кеңейтіп, қанатын қарыштатып дамып келеді. Әу баста үйден ашылған цехты алып фабрикаға айналады деп ешкім де ойламаған еді. Бастысы сапаға мән беретін мамандар ақыры осындай үлкен кәсіпорын ашуға қол жеткізді. Индустриалдық инновациялық ...

Читать далее »

Ірі қойма кешені ашылмақ

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы өндіріс өрлеген, шаруасы шалқыған аудан. Өйткені ауданның халқы еңбекқор, жазда кетпенін күнге сүйдіріп, ала жаздай еңбек етіп нәпақа табады. Одан бөлек ірі өндіріс орындары да аз емес. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған жобалар да жоқ емес. Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілдуе.  Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын ...

Читать далее »

Асфальт бетон зауыты тағы біреуге артпақ

Бүгінде Түркістан облысында жол құрылысына қажетті өнім өндіретін кәсіпорындар жетерлік. Облыс орталығында да, шалғай шеттегі аудандарда да зауыттар жетерлік. Осының арқасында жол құрылысына қажетті өнімді шеттен тасымай шикізаттың өзінде өзімізде өндірілуде. Мақтаарал ауданында грекиялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндiретiн зауыт салмақ. Аудандағы индустриялық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған ...

Читать далее »

Газдандыру қарқын алды

Бүгінгі таңда Түркістан облысының түкпір түкпірі «2015-2019 жылдар аралығында индустриалдық-инноациялық даму бағдарламасы» аясында газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданы тұрғындарының 6,9 пайызы яғни, Бөржар ауыл округіне қарасты үш елді мекендері табиғи газбен қамтылған. Қосымша Бадам елді мекенінің бір бөлігіне 305 абонент кәсіпкерлер есебінен табиғи газ тартылған. Биыл тағы екі ауылға газ құбырлары жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырының 1393 ...

Читать далее »

Тәжірибелі маман сапаны көтереді

Түркістанның индустриалды аймағындағы жиһаз шығаратын фабрика шетелдік жиһаздардан бірде бір кем түспейтін өнім өндіруде. Еліміздегі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының жоғары деңгейде жүзеге асып жатқандығының бір көрінісі осы. Теңіз асып, тау басып әкелінген импорт тауардың құны аспандағы айға ақырып тұрары белгілі. Ал «Грандмикс» фабрикасының шетелдік жиһазды он орап алатындай тамаша бұйым шығаруда. Жыл сайын өтетін көрме жәрмеңкеде аталмыш фабриканың өнімдері көптің ...

Читать далее »

Жоғары технологиялық процес арқылы өнім өндіріледі

Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауыты мақта шикізатын дайындайды. Жоғары технологиялық процес арқылы өнім өндіріледі. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның бірі. Мұнда 265 адам жұмыспен қамтылған. Мақта зауыттарының ішінде жалғыз «Ақ-Алтын» АҚ ғана мақтаны өңдеудегі қалдықсыз жаңа технологияны пайдаланады. Зауыт мақта  өнімдерін шетелге экспорттауда және ішкі нарықта сатуда. «Ақ-Алтын» мақта зауыты Қазақстан егемендік ...

Читать далее »

Бәсекелесі жоқ жоба

Түркістан облысында фармацевтика өндіріс мықты дамығаны белгілі. Бүгінде өзге де дәрі шығаратын өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр.  «Химфарм» акционерлік қоғамы бүгінде еліміз ғана емес, шетел нарығына да танымал. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаған 600 миллион таблетка шығаруға қауқарлы қатты дәрілер шығаратын цехы бүгінде өнім шығаруды қарқынды түрде қолға алған. Аталған жобаға мемлекеттік бағдарламалардың қосып отырған үлесі аз емес. Индустриалдық инновациялық ...

Читать далее »