Экономика

Өңірді өрлететін жобалар

Түркістан облысында 2018 жылы 42,0 млрд.теңгені құрайтын, 2 072 жұмыс орнын ашатын 15 жобаны іске қосу жоспарланып жатыр. Оның ішінде индус риалдық аймақтарға басымдық берілмек. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жүзеге асырылуы тиіс серпімді жобалардың ішінде «NurKazMetal» ЖШС Қара металл сынықтарын қайта өңдеу зауыты, «Sin Yuan Steel (Син Юань Стил)» ЖШС Теміржол тұйығымен қосылған металлургиялық зауыт құрылысы, «Ангар Азия» ЖШС Шыны ...

Читать далее »

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,3 пайызға артты

2018 жылдың қаңтар-мамырында Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 353103,5 млн. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде индуст риалды аймақтарда өнім өндіруші кәсіпорындардың үлесі қомақты. Аталмыш кәсіпорындардың барлығы да индустриалды инновациялық даму бағдарламасының жемісі. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу кәсіпорындарымен 68593,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 0,5% көп. Өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірілген өнімнің көлемі 231109,9 млн.теңгені, ал ...

Читать далее »

Сыртқы саудаға сүбелі үлес

Еуропа экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасының Түркістан облысы бойынша негізгі көрсеткіштері жоғарылап келеді. Бұған  индустриалдық аймақтардағы өнім өндіріп отырған кәсіпорындардың экспорт көлемін арттыруы да сеп болып отыр. Ішкі нарықтан бөлек шетелдерге өнімдерін экспорттап отырған ірі кәсіпорындардың да сүбелі үлесі бар. Мәселен, алдын ала деректер бойынша, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 189,6 млн. ...

Читать далее »

Индустриалды аймақтардан түскен табыс толағай

2018 жылдың  I тоқсанында Түркістан  облыстағы шағын  кәсіпорындар  қызметінің өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс  228314,9 млн. теңгені құрады. Облыстағы шағын кәсіпорындардың өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден жиынтық табысы: көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (98694,1 млн. теңгені немесе 43,2%); қаржы және сақтандыру қызметінде (50454,8 млн. теңгені немесе 22,1%); өнеркәсіпте (41228,5 млн. теңгені немесе 18,1%), және бұдан өзге ...

Читать далее »

Оңтүстікте екі бірдей компания ТМД- дағы үздік тауар өндіруші атанды

Өндірісі орындары бәсекеге қабілеттігімен ерекшеленді. Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен көрмеге 200-ден астам кәсіпорындар қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Көрменің мақсаты отандық өнімді қолдап, кеңінен насихаттау. Тауар өндірушілердің басын қосқан көрме-жәрмеңкеде атмосфера ерекше. Залда қалықтаған әуен – жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Биылғы шараның ерекшелігі — көрме-жәрмеңкеге алғаш рет киім түрлерін шығаратын жаңа компаниялар қатысты. Көрме-жәрмеңкеде „Алтын дән„ компаниясының өнімдері де ...

Читать далее »

140 түлек индустриаландыруға үлес қоспақ

Өндірістік Қазақстанды өркендетуге биыл Түркістан облысына қарасты Кентау политехникалық колледжінен 140 түлек түлеп ұшты. Оның 15-і үздік көрсеткішпен қызыл дипломға ие. Тиісті мамандығын меңгеріп шыққан түлектердің ендігі мақсаты — елі үшін еңбек етіп, екі қолын бос қоймау.«Мамандық таңдау-маңызды іс». 4 жыл таңдаған мамандығын меңгерген түлектердің бойында қуаныш  пен қобалжу басым. Салтанатты шарада жастарды айтулы күнмен құттықтап, тиісті құжатын салтанатты түрде ...

Читать далее »

Бағдарламаға серпін берер соны жоба

Түркістан облысының әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өзара меморандумға отырды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы қол қойылып отырған құжат облыс орталығы Түркістан қаласының экономикалық әлеуетін дамытуға мол мүмкіндік ашатынын айтты. «Елбасымыз баламалы энергия көздерін пайдалану арқылы жасыл экономиканы енгізуді үнемі айтып келеді. Міне, бүгінде облыс орталығы Түркістан қаласы ...

Читать далее »

Роботтандырылған жаңа ұшақтар шығарады

Түркістан облысында тың жобаны қолға алған жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. «РобоАвиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі роботтандырылған авия құралдарын құрастыратын болады. Бұл шағын ұшақтар — геодезия, мониторинг, ауыл шаруашылығында түрлі зерттеулер мен түсірілімдер жасауға таптырмас ұшу аппараттары. «РобоАвиа» компаниясы шығарған өнім — ірі ауыл шаруашылық мекемелеріне аса қажет құрал. Ұшу аппараттары нысандардың аэротүсірілімін жүргізіп, жер телімдерін түгендеуге тиімді. Сонымен қатар, егіс алқаптарын ...

Читать далее »

Экологиялық таза өнім өндіреді

Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында өрісін кеңейтіп, өндірісін өрлетіп отырған кәсіпорынының бірі Steppark.kz. Балаларға арналған ойын алаңдарын, аулаға арналған орындықтар шығарумен айналысатын кәсіпорын бүгінде өндіріс аясын кеңейтіп келеді. Басты ұстанымы сапалы өнім өндіру болып табылатын кәсіпорын тұтынушыларының сұранысына сай өнім өндіруде. Өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қосып отырған үлесі де орасан. Бүгінде бала бақшаларға арнап ойын алаңдарында өнімдері көрік беріп тұр. ...

Читать далее »

2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар

Түркістан облысы. Халық жаңа әкімдік құрылымнан тың серпіністі тірліктер күтеді. Түркістан — бұрыннан ынтымағы мен достығы жарасқан  берекелі мекен. Халқы еңбекқор. Кәсіпкерлікке бейім. Өңірде ауыл шаруашылығымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Камал Юлдашов — «Грандмикс» кәсіпорны директорының орынбасары: «Қаламыз келешекте өсіп-өніп, туризм, экономикамыз дамып өседі. Аймақтың көлемі 40 гектар. Онда 15 жоба жоспарланған. 2 кірпіш зауытымыз бар. 2 ...

Читать далее »