Әлеумет

Суармалы жер көлемі артып келеді

Шымкент қаласындағы жалпы суармалы жер көлемі 25330 гектарды құрайды. Өткен жылы соның 25203 гектары пайдаланылып, қалғаны тыңайтуға қалдырылған. Шымкент қаласы аумағының жер қыртысы еңіс болып келеді. Суармалы алқаптардың шамамен 7% тегісте, 76% еңісте орналасқан. Егістіктегі жерасты суы 3 метрден төмен деңгейде болса, тұздылығы 0-3 г/л аралығында. Былтыр 1 мың гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілді. Сондай-ақ, 171 гектар суармалы жерге жылыжай ...

Читать далее »

Асыл тұқымды аналық аралардың өнімін сатуда

Бал ара шаруашылығы көпшілік үшін елеусіз кәсіп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның ерекше табысқа кенелтетін шаруаның бірі екенін атап өту қажет. Осы орайда биыл Шымкент қаласы бойынша 16 мың бал ара ұясын асылдандыру жұмыстарына мемлекеттен бір ұяға 5000 тг-ден барлығы 80 млн. тг қаржы бөлінді. Оның ішінде ЖК «Нормухамедов» 5000 бал ара ұясын асылдандыру жұмысына 25 млн.тг мемлекеттен субсидия түрінде ...

Читать далее »

Сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды сиырлар әкелуде

Өздеріңізге белгілі елімізде ауыл шаруашылығы саласының маңызы зор екендігі белгілі. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан ірі нысандар жетерлік. Олардың басым бөлігі қаланы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтудан бөлек, экспортқа да өнім шығаруда. Қалаға қарасты Еңбекші ауданы, Абдулабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» ШҚ-ның тауарлы сүт фермасы бүгінде қарқынды даму үстінде. Шаруақожалық өткен жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие ...

Читать далее »

Инклюзивті қоғам құру жолында…

«Мемлекеттік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығы және өздерінің мүддесін қорғау бойынша заңгерлік кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаушылыққа алу мәселелері жөніндегі кұжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету үшін заңгерлік кеңес беріледі. Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің нәтижесінде қызмет алушылардың динамикасында оң өзгерістер байқалып, ата-аналардың өтініші негізінде күндізгі бөлімдерге және коррекциялық білім беру ...

Читать далее »

Жаңа заң – жаңа норма

Шымкент қалалық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ақмарал Мырзабекқызының айтуынша, білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау, жоспарлы және жоспарсыз тексеру Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрлерінің 2015 жылғы желтоқсандағы №719 бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі. Жаңа заң қабылдануына байланысты «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Білім және ғылым, ...

Читать далее »

Сапалы білім беру үшін….

Қанаты енді ғана қатайып келе жатқан Шымкенттегі «Дарын» орталығы дарынды ұрпақ даярлауда түрлі іс -шаралар өткізіп келеді. Жуырда, 2-4 сынып оқушылары арасында  ХІІІ республикалық математикалық онлайн-турнирі өткен болатын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында өткізілген тартысты турнир ...

Читать далее »

Күрделі құрылысты қазан айында аяқтау жоспарланған

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы 92,1% табиғи газбен қамтылған. Қазір газ көздері АГРС 1 және АГРС 4. Қаланың қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру үшін жоғары қысымды магистралды газ құбырын және №3 АГРС-тың құрылысы басталады. Қазір АГРС 3 жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. АГРС 3 – сағатына 250 мың куб газ өткізеді. Қаланың барлық шалғай аудандарын қамтиды. Жоба толығымен 2020 жылдың қазан ...

Читать далее »

Шымкентте пандемиямен күреске 11 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған

Шымкент қаласында пандемиямен күреске бас-аяғы 11 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов мәлімдеді, деп хабарлайды «Отырар.кз». Бұл қаржыға емдеу мекемелерінің материалдық техникалары жаңартылып, КОВИД — 19 инфекциясымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталды. Алдағы оқу жылының қашықтықтан ұйымдастырылуына орай балалардың ыстық тамағына жұмсалуы тиіс қаражат та қысқартылып отыр. Алдағы ...

Читать далее »

Жаңа оқу жылында жаңа білім ошақтары ашылмақ

Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық қызу жүргізілуде. Биылғы жағдайға байланысты қашықтықтан білім беру мәселесі пысықталуда. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Заманауи білім стандартынан бөлек оқушыларды ұлттық тіннен алыстатпай, ұлттық құндылықтарды дәріптемек те керек. Сонда қазақы тәрбиеге қанып өскен ұрпақ озық ойлы болып, заман көшінен қалмайды. ...

Читать далее »

Қашықтан оқуда кедергі болмайды

Шымкент қаласында 745 білім беру мекемесі жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр.  Шымкентте жаңа оқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларын қосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім шарт жасалып, оқулықтарды тасымалдау басталыпты. Айта кету керек, кітаппен қамту жұмыстары  25 — тамызға дейін жалғасады.  «Енді бұл жолы — өткен оқу жылындағы қашықтан оқытудың ...

Читать далее »