Әлеумет

МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

  Рамазан айы қарсаңында мақтааралдық кәсіпкер, «Cotton мақта» ЖШС-ң директоры Абдухашим Боев көпбалалы екі отбасыға баспана сыйлады. Кәсіпкер екі үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге қаржы жұмсаған. Сондай-ақ жомарт жан Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы аз қамтамасыз етілген 200 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.   Айта кетерлігі, аудандық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үнемі көмек көрсетіп келеді. Тек Рамазан айында ғана емес, өзге уақыттарда ...

Читать далее »

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласында найза лақтырудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты додада өнер көрсеткен шардаралық спортшылар 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, І орынды — Маман Нұрдәулет, Елбосын Жігер, Манасбай Әйгерім, Есіркеп Ұлболсын алса, ІІ орынға — Құлатай Шадияр мен Жаманбай Азамат тұрақтады. Ал ІІІ орын Керімбек Рысдәулетке ...

Читать далее »

КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Кентау қаласында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтті. Қаладағы Ынтымақ алаңына 10-ға жуық киіз үй тігіліп, әрбір киіз үйдің алдында мерекелік әуендер шырқалып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дәріптелді. Одан бөлек ұлттық тағамдар байқауы өткізіліп, ұмыт болып бара жатқан тағамдардың түр-түрі әзірленді. Мерекеге арналған 1 тонна бауырсақ, 1 тонна наурыз көже әзірленіп, келген қонақтар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ СӘН ШЕРУІ ӨТТІ

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Айтулы күнге орай, Арыста қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, сондай-ақ №17 колледж студенттерінің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті. Мерекелік шеруде белгілі ісмер Гүлмира Үсенбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған ұлттық нақыштағы сәндік ...

Читать далее »

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта краудфандингке тартылған

Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған. Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды. Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде ...

Читать далее »

«БӨГЕН» СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ

Бүгінгі таңда «Бөген» су қоймасында төтенше жағдайдың орын алу қауіпі төніп тұрған жоқ. 2021-2022 жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптамасының қорытындысын ағымдағы жылдың маусым айында алу жоспарлануда. Сонымен қатар су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық ...

Читать далее »

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

           Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады. 2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түскен, жалпы өтініштер бойынша 13 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Келіп түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары (66 немесе ...

Читать далее »

Сенімді полиция – тәртіпті қоғам: Түркістан облысында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің үлкен залында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті. Полицияның бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, ІІО жеке құрамының патриоттық және адамгершілік тәрбиесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға жаңадан тағайындалған майталман маман ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков төрағалық етті. Сондай-ақ іс-шараға департамент бастығы Мұрат Қабденов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, Консультативтік кеңесші орган, ...

Читать далее »

Мереке күні генералдар ардагерге құрмет көрсетті

Бүгін қос генерал, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен облыстық департамент бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90-ға жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты. Арнайы іссапармен өңірге келген Айдар Мұталікұлы: «Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын…», — деп ізгі тілегін жеткізді. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ МАҢЫНДА 10 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰС ҰЯСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз! Дәл осындай ұранмен Түркістан облысының білім беру мекемелерінде жаппай құс ұясы мен жем шашатын ыдыстар орнатылды. Бір мезетте білім басқармасына қарасты 1040 мектепке көктем хабаршысы болған құстарға арналған ұялар қойылды. Игі бастамаға қатысқан балалардың жүздері қуаныштан бал-бұл жанды. Мақсат – оқушылардың құстарға, табиғатқа қамқорлық сезімін және мейірімін ояту, еңбекке баулу. Құстардың тіршілігі туралы білімдерін ...

Читать далее »