Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен жемқорлыққа қатысты заңды қатаңдату қажет екенін айтты. Кандидат бұл ұсынысын Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысқан кезде ортаға салды. Жиынға қатысқандар сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингісінде Қазақстан 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ...
Читать далее »Әлеумет
НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ ШТАБЫ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілдері Айдар Әлібаев пен Талғат Омаров Елорда тұрғындарымен, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында олар Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Айдар Әлібаев кандидат бағдарламасында білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Медицина және білім беру салаларына ІЖӨ-ден жылына ...
Читать далее »ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАЙМЫЗ
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, жиналған жұртты өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен отандық туризмді дамыту сұрақтары талқыланды. «Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы – туризмді дамытудың ...
Читать далее »ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен шетелдік инвесторлармен және ірі кәсіпорындардың жеке иелерімен жасалған барлық шарттың ашық болуын талап етіп отыр. Теміртауға сапары барысында ол «Арселор Миттал», жеке құрылыс, коммуналдық, күзет компанияларының қызметкерлерімен, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың өкілдерімен кездесті. М.Қажыкен меншікті атап айтқанда, жеке шетелдік азаматтарға тиесілі кәсіпорындарды ұлттандыру туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде айтты. Қазіргі уақытта компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жекелеген ...
Читать далее »ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. «Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны айтылды. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70 пайызы өткізілді. Еліміз бойынша 305 билборд орналастырылып, еріктілер 200 мың плакат, парақша таратқан. Штабтар сайлау күні үшін сенім ...
Читать далее »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ТОҚАЕВТЫҢ ШТАБЫНДА БОЛДЫ
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына ТМД Байқаушылар миссиясы штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба бастаған халықаралық байқаушылар келді. Байқаушыларды сайлауалды штабтың жұмысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды. Штабта «AMANAT», ҚХП, «Ақ жол» партияларының, түрлі қоғамдық бірлестіктердің, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері жұмыс істейді. Таяуда Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары ...
Читать далее »МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АҚТАУДАҒЫ ТЕҢІЗ САУДА ПОРТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Кандидат теңіз сауда портында болды. Мұнда жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн тоннаны құрайды. М. Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Тиісінше порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. «Ақтау порты – үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. ...
Читать далее »ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ СЕМЕЙДЕГІ «QAZAQ ASTYQ GROUP» ЖШС МАЙ ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНА БАРДЫ
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы «Qazaq Astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорындағы күнбағыс шикізатын өңдеу қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Дайын өнім отандық нарықтан бөлек, ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді. Зауыт басшылығының айтуынша бүгінде толықтай өндірістік қуатқа шығу мүмкіндігі болмай отыр. Оған себеп кезінде Украина елінен ...
Читать далее »ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Орал қаласында РҚШ мүшелері облыстың зиялы қауым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірге кандидат ұсынған отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады. «Батысқазақстандықтарды алаңдатып отырған маңызды проблемалардың бірі – Жайық өзенінің тартылуы. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының қатарында. Соған ...
Читать далее »ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Солтүстік Қазақстан облысына барды. Атап айтқанда, ол Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл, Мамлютка қалалары және Мамлютка ауданы Воскресеновка ауылындағы сайлау учаскелерінде болды. Сапар барысында Ортсайлауком басшысы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулерге барлығы 240 адам қатысты. Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен өткен кеңесте уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстық аумақтық ...
Читать далее »