Cаясат

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде экономикалық ықпалдастығымызды тереңдетуге мүмкіндік беретін бағыттарды атады

Энергетика саласындағы байланысты нығайту. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жандандыру. Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру. Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту. Туризм саласын дамыту. Қаржы саласындағы серіктестікті нығайту. «Кеше тарихи, көне Сиань қаласында жоғары деңгейдегі қазақ-қытай келіссөздері өтті. Біз Төраға Си Цзиньпинмен бірге екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, нақты келісімдерге қол жеткіздік, бірлескен мәлімдемеге қол ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Президент өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард  доллардан асты, — деді ...

Читать далее »

Түркістан облысы Түркияның «Tekşan Madencilik» компаниясымен келісімге қол жеткізілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңірде жүзеге асырылуға ұсынылған бірнеше инвестициялық жоба талқыланды. Атап айтсақ, инвестштаб отырысында «UNITED GOLD» ЖШС-нің директоры М.Қасқабаев Бәйдібек ауданында мырыш өндіру және байыту жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, жобаны бірлесіп іске асыру үшін Түркияның «Tekşan Madencilik» компаниясымен келісімге қол жеткізілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму ...

Читать далее »

Түркістан облысы мен Өзбекстан елінің қолөнершілері меморандум жасады

Бүгін Түркістан облысына Өзбекстан Республикасының «Хунарманд» қолөнершілер және кескіндемешілер қауымдастығының өкілі Улугбек Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен келді. Шетелдік ассосация өкілі іссапар шеңберінде Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешеніне келіп, «Turkistan Qol Oner Одағы» қолөнершілерінің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Ресми іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев та қатысып, қолөнерімізді дамыту жайлы өзара пікір алмасты. Кездесуде ...

Читать далее »

ҚР СІМ-де жалпыеуропалық ынтымақтастықты талқылау бойынша Қазақстан-Ресей консультациялары өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко арасында консультациялар өтті. Консультациялар барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымын талқылады. Келіссөздер барысында ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық институттармен жалпыеуропалық ынтымақтастық аясында екі ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ-де Бельгия Парламентінің депутаттарымен кездесуде парламентаралық дипломатияның рөлі талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Бельгия Корольдігі Парламентінің делегациясымен кездесу өткізді. Сыртқы істер және конституциялық даму комитеттерінің төрағалары құрамында бельгиялық заң шығарушы органының Сенат және Өкілдер палатасы депутаттары Парламентаралық одақ шеңберінде қазақстандық әріптестермен байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Астанаға келді. СІМ-дегі кездесуде бельгиялық делегацияны Бельгия Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрағасы Тим Ванденпут басқарды. Р. ...

Читать далее »

Еуропалық парламентте Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бүгін Еуропалық парламенттің Орталық Азия бойынша Халықаралық сауда комитетінің Тұрақты баяндамашысы Роман Хайдермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты. Еуропалық парламенттің салалық құрылымдарымен, оның ішінде Халықаралық сауда комитеті (INTA) мен Көлік және туризм комитетімен (TRAN) өзара іс-қимыл мәселелері жеке қарастырылды. Р. Василенко Президент Қасым-Жомарт ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Ватикан Мемлекетінің жанындағы қоса атқарушы Елшісі Қайрат Саржанов рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды. Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, еліміздің Қасиетті Тақпен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар Елші Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығы қарсаңында Рим Папасының Әлемдік және дәстүрлі діндер ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтаулар келіп түсті

Президенттің 70 жылдық мерейтойына орай шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламенттердің спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми орта өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр.  Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады. Мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, достас Қазақстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметте оның ...

Читать далее »