Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам ...
Читать далее »Cаясат
Әлихан Смайылов Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дохада өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда, агроөнеркәсіптік кешен, инвестиция тарту және азаматтық авиация салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары қаралды. Әлихан Смайылов соңғы жылдары Қазақстан мен Қатардың екіжақты қарым-қатынастары ...
Читать далее »ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді
Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді. Әлихан Смайылов Қатар Әміріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, дүниежүзі қоғамдастығының назарын аударған футболдан Әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады. Премьер-Министр Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап ...
Читать далее »ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысуда
Биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр. Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар ...
Читать далее »Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті
Жиында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 200-ден астам өкілі бас қосты. Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдары мемлекеттер арасында берік және үйлесімді қарым-қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде Сингапур – Қазақстанның ASEAN аймағындағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 65%-ға өсіп, $2 млрд-қа жуықтады. Сондай-ақ осы кезеңде сингапурлық инвестиция көлемі 6 есе ...
Читать далее »Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. Айта кетейік, Қазақстан мен Сингапур қатынастарында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ерекше ...
Читать далее »Халима Якоб сингапурлық делегацияға қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Халима Якоб мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны, сондай-ақ өзіне және сингапурлық делегацияға қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сингапур Президенті екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады. – Өте дұрыс айтасыз. Бұл – Сингапур Президентінің Қазақстанға, жалпы Орталық Азияға алғашқы сапары. Сондықтан бұл – өте маңызды сапар. Қазақстан – біз үшін Орталық Азия аймағындағы аса ...
Читать далее »Қазақстан мен Сингапур президенттері келіссөздер жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, бірге суретке түскеннен кейін президенттер кеңейтілген форматта кездесу өткізу үшін залға қарай өтті. Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық ...
Читать далее »Пәкістанда «Қазақстан үйі» ашылды
Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Пәкістанда алғашқы «Қазақстан үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Пенджаб провинциясының губернаторы Мұхаммад Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары Мұхаммад Али Рандхава қатысты. Іс-шараға өзге де жоғары лауазымды тұлғалар, провинцияның іскер топтарының өкілдері, оның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталары мен ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ ғылым, мәдениет, өнер және білім ...
Читать далее »Қазақстан мен Швейцария инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі Швейцарияның Біріккен сауда палатасымен бірлесіп, гибридті форматта инвестициялық дөңгелек үстелді өткізді. Оның жұмысына Швейцарияның мемлекеттік органдарының, экономикалық ұйымдарының, қаржы институттарының өкілдері және жетекші компанияларының топ-менеджерлері қатысты. Гибридті отырыс шеңберінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Швейцарияның Біріккен сауда палатасы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және іскерлік байланыстарды нығайту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараның ашылуында Қазақстан ...
Читать далее »