Cаясат

Шымкент: өнеркәсіпте өрлеу бар

Шымкентте жылдан жылға өнеркәсіптің өрлеуі байқалып келеді. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 562,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 пайызға артты. 2018 жылмен салыстырғанда есепті жылы өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салаларда өсім байқалады. Атап айтқанда, мұнай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 2019 ЖЫЛЫ 28 339 АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2019 жылы 28 339 азамат қамтылды. Оның ішінде: — тұрақты жұмысқа — 19 580 адам орналасты. — Мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламасы бойынша жаңа ашылған жұмыс орындарына — 2 513 азамат жолданды. — Әлеуметтік жұмыс орындарына ...

Читать далее »

Шымкентте автокөлік иелеріне «18 аймақ» нөмірлері беріле бастады

  «18-аймақ» деп белгіленген автокөлікке арналған сары нөмірлер Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жеткізілді. Енді ЕЭО елдерінен әкелінген автомобильдер мен елімізде уақытша тіркелген көлік иелеріне ерекше мемлекеттік нөмір беріле бастайды. Ол үшін полиция департаменті қызметкерлері мен кеден және салық басқармасының мамандары бірлесе отырып, алдымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тиісті нөмірді көлік иесінің атына содан кейін рәсімдейді. Қазірге шаһарға бұл ерекше мемлекеттік ...

Читать далее »

14-ақпанда Шымкент қаласының әкімі халық алдында есеп береді

  2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді.  Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады.   Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз. Шымкент қаласы әкімінің ...

Читать далее »

Әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесіне енгізілген 21 бағытқа тағы 7 бағыт қосылды

Күні кеше алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Мәжіліске қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияда халық қалаулылары күн тәртібіндегі бес мәселені қарады. Жиында қала мәслихатының 2018 жылғы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу ұсынылды. Оның біріншісі – әкімшілік- іскерлік ...

Читать далее »

«Қамқорлық» жобасымен екі отбасы баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Қамқорлық» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты – өңірдегі тұрмыс деңгейі, әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларды анықтап, оларға тұрақты көмек көрсету. Бұл ауқымды міндетті облыс әкімдігіне, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағарламалар басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне және «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына бірлесіп атқаруды тапсырды. Бастама жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бүгінгі таңда ...

Читать далее »

Түркістан облысында америкалық технологиялар ендіріледі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық агроөнеркәсіп кешені саласында мамандандырылған америкалық «Valmont Industries» компаниясының басшысы Роберт Гиллен бастаған бір топ делегаттармен кездесті. Тараптар жаңбырлатып суару тәсілін қолдануға қатысты екіжақты ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жоспарларын талқылады. Атап айтқанда, механикаландырылған, жаңбырлатып суару жүйесін қолдану арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп баптайтын машина-трактор станциясын құру туралы айтылды. Сонымен бірге жобаға салынған инвестициялар шамамен 50 миллион ...

Читать далее »

Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енді

Шымкенттің 2200 жылдығын атап өту мәселесі бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында қаралды. Яғни комиссия мүшелері биыл ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкенттің 2200 жылдығын атап өту мәселесіне ерекше назар аударды,-деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ...

Читать далее »

Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы ет саудасын ретке келтіруді тапсырды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы шаһар шырайын қашырған сұрықсыз сауда орындары мен олардың салық төлеу тәртібін ретке келтіруді тапсырды. Әсіресе ет саудасымен айналысатын ірі саудагерлердің салықтан жалтарып не салықтың жеңілтетілген түрімен құтылып жүргендерін анықтап, тиісті шара көруді міндеттеді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің өткен жылдың қорытындысы бойынша есебін тыңдаған аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер ...

Читать далее »

Шымкент әкімі американдық инвестормен кездесті

  Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Америка Құрама Штатының «Valmont» компаниясының вице-президенті Гиллен Роберт бастаған бір топ делегатпен кездесті. Кездесуде америкалық компания Қазақстанда жаңбырлатқыш қондырғылар зауытын салуға ниетті екенін айтып, инвестициялық жоба туралы таныстырып өтті. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңызын ерекше атап өткен қала басшысы Қазақстанның үшінші мегаполисі елдің жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі саналатынын айтты. ...

Читать далее »