Cаясат

Жол ережесін бұзушылардың хит шеруі

Елордада автобус жолағымен жүйткігендер мен жылдамдықты асырған жүргізушілердің фотосуреттері әлеуметтік желіде тарады. Ғаламторда жалпы саны 30 карточкадан тұратын топтама жинақталған. Онда белгіленген айыппұлдарға сай, астаналық жүргізушілердің ел қазынасына берешегі кемі — 2.4 миллион теңге, ал ең көбі 6 миллионнан асып жығылады. Нөмірлеріне назар аударсақ, мұнда жалған нөмірлер өте көп, тағы біразы жедел қызметкерлер мен өзге мемлекеттік қызмет органдарына тиесілі. Қазына қаражатына алынған Skoda Superb мен Kia ...

Читать далее »

Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

Осы оқыс оқиғадан кейін елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін. Депутаттар Ішкі істер министрлігінен құжатты беру тәртібі мен емтиханды барынша қатаңдатуды талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені, жол апатынан қаза тапқандардың саны азаяр емес. Павел Казанцев, Мәжіліс депуаты: «Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. ...

Читать далее »

«Сергек» камераларына түспеудің амалдары

«Сергек» соншалықты сергек пе? Жолда жүрген көлік жүргізушісінің әрбір мүлт кеткен жерін «қалт жібермей», бәрін айыппұлға айналдырып, қалтаны қаға берсе, не болмақ? Жалпы «Сергек» қандай алгоритммен жұмыс істейді? Жазықсыздар жазатайым жазаланбай ма? Айыппұлға ілікпеудің жолдары қандай? «Сергек»-тің көзіне түспеудің амалы бар ма? Міне осы сұрақтарға жауап іздеген informburo.kz тілшісі «Сергек»-тің «жүйкесі мен миын» құрастырған авторлармен кездесті. Дегенмен, автобус жолағымен жүрген ...

Читать далее »

Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен 2018 жылдың қорытындысы бойынша заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмыс пен 200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтады. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының аясында есірткі сатудың- 66 жайты және есірткі затын заңсыз сақтаудың-19 жайты, есірткі контрабандасының- 25 жайты анықталып, 50-ден астам есірткі өсіру алқаптары жойылды. Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заттары, оның ішінде ...

Читать далее »

«Байлық салығын» енгізу кейінге қалдырылды

Ұлттық экономика министрлігі байлық салығын енгізу мәселесін әлі қарап жатыр. Қымбат үй мен жердің салығы аумағы емес, құнына қарай есептелуі тиіс. Ал, қозғалтқышы 3 литрден асатын автокөліктердің кедендік құнына байланысты өсімдік мөлшерлеме енгізілуі де мүмкін. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып, түйінін таппай жатқан заң жобасы туралы Астана телеарнасы хабарлайды. Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған салық кодексі осы күнге дейін 16 ...

Читать далее »

Орташа жылдамдықты асырғандарды жазалау ақпанның алғашқы күнінен басталмақ

Ал арнайы жолаққа шығып кеткендерге қатысты ұйғарымды «Жолақ» жүйесі 15 қаңтардан рәсімдей бастайды. Оңтүстік астананың полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасының басшылығы Kolesa.kz тілшісіне орташа жылдамдықты есептейтін камераларға қатысты сертификаттау шараларының аяқталып қалғанын хабарлады. Бұл құрылғылар тіркеген ереже бұзушылық үшін салынған айыппұлдар жүргізушілерге 2019 жылдың ақпан айының басынан келе бастайды. Қазіргі таңда өткен автокөліктің орташа жылдамдығын есептейтін камералар тестілік режимде жұмыс ...

Читать далее »

Алты жасар бала әскер қатарына шақырылды

Бүгін Астана маңындағы 68/665 әскери бөлімінің басшылығы сарбаз болуды аңсайтын баланың арманын орындады. Мұса Албагачиев әскери тақырыпта әңгіме айтқанды ұнатады.  Тіпті жасына қарамай, түрлі қару-жарақтар мен жауынгерлік техникалардың атын біледі. Ғаламтордан деректі фильмдер көреді. Бірнеше жыл бұрын теледидардан әскери парадты тамашалап, сап түзеген сарбаздардың қарумен қалай қимылдайтынын байқайды. Айбынды жауынгерлердің сұсты жүзі мен арнайы техникаларды көрген балада арман пайда болады. ...

Читать далее »

1 қаңтардан бастап бензин тегін болады

  Тек Қытайда, бізде емес. Ол елде коммунизм дәуірі басталғандай… Қытай билігі 1 қаңтардан бастап елдің барлық өңірлерінде халыққа арналған тегін жанармай пайда болатынын нақтылады, деп хабарлайды elitar.kz. 2018 жылы мұндай норма тәжірибе ретінде екі провинцияда жүргізілген болатын. Реформаға дайындыққа 3 жыл уақыт жұмсалды. Қазіргі заң бойынша Қытайдың барлық азаматтары, шенеуніктерді қоспағанда, әр ай сайын 150 литрге дейін тегін бензин ...

Читать далее »

«Біздің байланысымызды шөберелерің пайдалансын» деп видеоқұттықтау жолдаған полицей жұрттың жағасын ұстатты. ІІМ түсініктеме берді

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғам талқысына түскен полиция қызметкерінің жаңажылдық құттықтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тараған. Ол өзінің құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. Сөз арасында «біздің братва, біз бандамыз» деген теңеулер кездеседі. Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев ...

Читать далее »

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жалақы мөлшері өсті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемі өсті деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды. Біріншіден, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге өседі, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Жаңа жылдан бастап ЕТЖ 42 500 тг құрайды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін ...

Читать далее »