Месячные архивы: Август 2018

Біріккен істе береке бар

Түркістан халқы мал шаруашылығымен қатар, егістікті баптап, игеруден ілгері қадамдап келеді. Мысалы: көне шаһарға қарасты Қарашық ауылында 15 отбасы бір шаруа қожалығына бірігіп, тату-тәтті еңбек етуде. Нәтижесінде, бірнеше гектарға дәнді-дақыл егіп, облыстың өркендеуіне өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Қарашық ауылының  тұрғындары  егін шаруашылығына бейім. Бұған – мына жасыл желекке оранған егістік дәлел. «Шарап» шаруа қожалығында 15 отбасы қызмет ...

Читать далее »

Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отыр

Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны жүзеге асыруда. 22 жасар Исламбек Жандар автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштарды, яғни, фильтрлерді шығаруда. Осыдан екі жыл бұрын жай қызығушылықпен іс бастаған жас бүгінде аталған өнімнің 280-нен астам түрін жасаған. Ол ісін дамыту үшін биыл мемлекет тарапынан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша арнайы грант ұтып алды. Исламбектің негізгі мамандығы — қаржыгер. Бірақ, қаршадайынан бір бұйым құрастыруға ынтық ...

Читать далее »

Кәсіпорын өндірістік қуатын арттыруда

Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» кешенді сүт фермасы қанатын кеңге жая бастады, деп хабарлайды «Оңтүстік» теларнасы. Заманауи, соңғы технологиялармен жабдықталған отандық кәсіпорын 200 бас ірі қара сыятын тағы бір кешенін іске қосқалы отыр. Ақылды технологияларды өндіріске ендіруде дара шауып, көш бастаған сүт фермасын тағы қандай жаңашылдықтар күтіп тұр?«Бөрте-Милка»  кешенді  сүт  фермасында сиырларды сауыншы емес,   кәнігі  робот  сауады.  Міне, 6  бірдей сауын  станогының ...

Читать далее »

Құрылысшылар мерекесіне арналған көрме өтті

Тамыздың екінші жексенбісі — елімізде құрылысшылар күні. Биыл бұл мерекені Түркістан облысында 10 мыңға жуық маман атап өтуде. Бүгін солардың бір парасы марапат алып, марқайды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Тағы бір легі Түркістан қаласында өткен арнайы көрмеде өздері өндірген құрылыс материалдарын көпшілік назарына ұсынды. Құрылысшылар күніне орайластырылған көрмеге 80-нен астам тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Барлығы да — күнделікті тұрмыста сұранысқа ...

Читать далее »

Кәсіптің өзі – нәсіптің көзі

Кәсіп ашып, іс бастаймын деген жанға біздің елде мүмкіндік көп. Ол үшін нақты жоспар жасап, тірлікке батыл кірісе білсеңіз, жұмысыңыз нәтижелі болары анық. Мамандығыңыз сәйкес келмесе, арнаулы курстардың есігі ашық. Ал, кәсіби маман болсаңыз, шаруаңызды үйде отырып-ақ дөңгелете беруге болады. Бұған Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданынындағы іскер келіншек Гүлмира Омарова көз жеткізгендей. Ақбастау ауылының тұрғыны Гүлмира Омарованың негізгі мамандығы — тігінші.  ...

Читать далее »

Ауданда өрлеу бар, өркендеу бар

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. «Шаруалар егістік алқаптарын электронды картаға енгізіп, бір терезе қағидасы арқылы құжаттарын реттеген. Оларға мамандарымыз көмектеседі. Электронды карта жүйесінің артықшылығы — шаруалар үйлерінде отырып-ақ ғаламтор арқылы тыңайтқыш пен өзге ...

Читать далее »

Түркістаннан Астанаға 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала — Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна. Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімнің ішінде 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп, 5 мың дана, ...

Читать далее »

Мақтаарал ауданын дамытуға атсалысады

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келді. Жаңадан құрылып жатқан ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, аудан әкімі аппаратын аралап көрді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады. Сапары барысында халық қалаулысы Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәжіліс өткізді. Өз сөзінде Әли Әбдікәрімұлы жаңадан аудан болған мақтааралдықтарды құттықтап, Мырзашөл өңіріне деген Елбасы ...

Читать далее »

Жолдардың құрылысына қомақты қаражат

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт ...

Читать далее »

Машина жасау зауытының өнімдеріне сұраныс көп

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «ЮКМЗ» АҚ (бұрынғы «Манкентсельмаш» зауыты) ауылшаруашылығы машина жасау өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі. Кезінде «Манкентсельмаш» зауытының өнімдерін елімізде ғана тұтынып қоймай, шетелдерден де көптеген сұраныстар түсетін. Дағдарыс жылдарында зауыт көптеген ауыртпалықтарды бастан өткерді. Бүгінде «ЮКМЗ» АҚ болып қайта құрылған зауыт бәсекелестерін шаң қаптырардай алып күшке ие. Нарыққа қажетті өнім өндіруімен асығы алшысынан түсті. Машина жасау кәсіпорны өндірістің ...

Читать далее »