Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтің түрік кәсіпкері Джемалеттин Шекермен кездесуінде белгілі болды. Түркиялық Dal Holding Investment CO. компаниясы жетекшісінің Қазақстандағы орынбасары және бас кеңесшісі болып табылатын Д.Шекермен жүздесуде облыс аймағында, оның ішінде, Түркістан мен Кентау қалаларында құрамдастырылған жылыжай кешенін салу жобасы сөз болып, оны жүзеге асыру жайы айтылды. 200 гектардан астам жерде жылыжай шаруашылығын дамытып, онда өсірілген ...
Читать далее »Месячные архивы: Август 2018
Тәулігіне 5500-ден астам қорап жайма шығарылады
Ұн тағамдарымен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ дайын қамыр жаймасын әзірлеп шығаратын шымкенттік «Алтын дән» ЖШС-нің өнімдері қазақстандықтар үшін жақсы таныс. Сұраныс та күн санап артып отыр. Әсіресе дайын жаймалар талай нәзік жандының қамыр жаюға кететін уақытын үнемдеуге септігін тигізуде. «Қазақстанда жасалған» белгісімен нарықты жаулаған бұл компания «Халық маркасы» сертификатын алған. Жұмысбасты қыз-келіншектердің ет асып, бесбармақ дайындарда жайманың алар орны ерекше. ...
Читать далее »Жылыжай салудың тәртіптері
Ауыл тұрғындарын жыл он екі ай бойы көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында әрі арзан жергілікті жерде өндірілген көкөністер ерте көктемде, қыс айларында әр шаңырақтың дастарханында болса деген мақсатта жылыжай салып, аудан көлемінде осы жұмыстармен айналысып, айтарлықтай табысқа жетіп отырған шаруашылықтар мен кәсіпкерлер бар. Түлкібас ауданының Келтемашат ауылдық округіне қарасты Кершетас елдімекенінде орналасқан «Болат» шаруа қожалығының төрағасы Шахтыбек Ботагеев 2014 жылы 0,29 ...
Читать далее »Станоктар жоғары сапалы швейцарлық тәсілмен дайындалған
Түлкібас поселкесінің батыс жағынан 1,6 км, Көктерек ауылды мекенінен 600 м қашықтықта орналасқан астық өнімдері комбинаты 1987 жылы желтоқсан айында іске қосылған. Кәсіпорын әкімшілік ғимаратынан басқа элеватор, диірмен, құрама жем дайындау сияқты үш негізгі цехтардан және зертхана, жөндеу-механикалық, электрмен жабдықтау, дайын өнімдер бөлімі сияқты көмекші цехтардан құралған. Диірмен типтес элеватор әрқайсысы 24000 т барлығы 72000 тонна астықты (бидайды) қабылдайтын үш ...
Читать далее »Қантқа қажетті әк тастары Түлкібаста шығарылады
Түлкібаста қант заттарына қажетті әк тастарын шығаратын өндіріс орны Кеңестер Одағы тұсынан жұмыс істейді. Яғни, мұндағы әк тастары арқылы кәдімгі қызылшадан жасалған қантты ақ түске айналдыруға болады. Зауыттың тарихына үңілетін болсақ, кен орны 1937 жылдан бастап ашылған. Сонау Кеңес Одағы тұсында Тамақ өндірісі министрлігіне қарасты Қант өндірісінің тапсырмасын орындау барысында бүкілодақтың Құрылыс-техникасы зерттеу тресі тарапынан Түлкібаста зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кен ...
Читать далее »Қанатын кең жайып келеді
Түлкібас жүгері сұрыптау зауыты 1964 іске қосылған. Зауыт сол кезден бастап 1990 жылға дейін бүкіл Қазақстанға жүгері тұқымын дайындап жөнелтіп отырды. 1991 жылдан бастап бидай ұнының әртүрлі сұрыптарын шығарды. Онымен қосы зауытта сары май, жүгері таяқшаларын және сафлор майын да шығарды. Зауытта бірнеше басшылар қызмет жасаған. Д.Түстікбаев, Н.И.Гусев, С.А.Ибрагимов, А.Жақсыбаев, Ә.Алғабаев, А.Бидайбеков, Н.Қалмұрзаев сынды азаматтар басқарды. Зауыт тәулігіне 150 тонна ...
Читать далее »Тамыры қайта соққан зауыт
«Түлкібас консерві зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданның және сырттан ауылшаруашылық өнім өндірушілерінен жеміс-жидек қабылдап, талапқа сай консерві түрлерін шығарған. Өнеркәсіп орындарының флагманы болған Түлкібас консерві зауыты, кезінде қайта жабдықталып ауданымызды, поселкеміздің тұрғындарын жұмыспен қамтыған. Зауытта 7 өндірістік цех жұмыс жасаған. Оның төртеуі өнім шығаратын цех болған. Зауыт құрылған 1965 жылдан бері еңбек ететін реттеуші шебер Н.Привалов шыны ыдыстардың қақпағын шығаратын ...
Читать далее »Тоқсан жылдық тарихы бар әк зауыты
Түлкібас әк зауыты – 1927 жылы Тұрар Рысқұловтың нұсқауымен құрылып, атақты Түркісіб темір жол құрылысына қатысқан ауданымыз бойынша бірінші зауыт. Түлкібас әк зауыты – 1927 жылдан бері қарт-аға өндіріс ретінде ауданымыздағы кейінгі жас, жаңа құрылып келе жатқан өндірістерге, соның ішінде – жүгері зауытына, консерві зауытына — өзінің техникасымен және де құрылыстарына материалдарымен жәрдем берген. Коллективтендіру ісіне білікті мамандар керек болды. ...
Читать далее »Гектар түсімі дихандарды қуантып отыр
Елге есімі белгілі, даңқты дихан – Бегім Дөнбаевтың ауылшаруашылығы саласында қол жеткізген сүбелі жетістіктері жұртшылыққа мәлім. Бүгінде даңқты диханның ісін ұлы, Ауған соғысының ардагері Нұрлан Дөнбаев жалғастыруда. Нұрбол Бегімұлы басқарған «Нұрбол» шаруашылығы 10 гектарға мақсары, 5 гектарға бидай, 3 гектарға жоңышқа еккен. Мақсары алқабы бітік, жайқалып өсіп тұр. Жоңышқалыққа үш мәрте орақ салды. Суғару жұмыстарын жүргізіп, төртінші ораққа әрекет жасауда. ...
Читать далее »Шебердің қолы ортақ
Айжан бала кезінен іске ширақ, айтқанды айтқандай қағып алатын қағылез болып өсті. Үй шаруасына бейім, шырқ үйіріп әкететін ол жетінші сынып оқып жүргенде-ақ қолынан ине-жібі түспейтін. Тұлымшағы желбіреген бала кезінен қит етсе, қуыршаққа киім тігіп ойнайтын бұла қыз енді әкесінің қасынан бір елі шықпай, ертелі-кеш қолғабыс бере алатын көмекшіге айналды. Әкесі Тоқтабай ауыл-аймаққа танымал тігінші болатын. Ісмерлігі сондай қонышты етіктерді ...
Читать далее »