Месячные архивы: Август 2018

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған жоба

Түркістан облысындағы көкөніс өндірумен айналысатын республикадағы ірі жылыжай кешені бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Өңірде агроөнеркәсіп кешені үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті қаражат бөлуде. Бес жылда өңірде 2,3 миллион тонна көкөніс өндірілді. Қазақстанда мұндай жоғары көрсеткіштері мен табиғи жағдайлары бар басқа өңір жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекара ашылуда. Осыған байланысты ішкі ...

Читать далее »

Маусым кезінде жұмыс қызады

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Сайдусман ата» шаруа қожалығы биыл 1,5 млн түп көшет өсіруді жоспарлаған болатын. Бүгінде жоспарлары табысты жүзеге асырылуда. Бау бақша егудің қыр сырын жетік меңгерген мамандары арнайы оқыту курстарында білімдерін жетілдіріп отырады. Аталған кооператив 3 гектар жылыжайда көкөніс өнімдерін өсіріп, бау-бақша көшеттерін дайындаумен айналысып келеді. Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округіндегі бақша өнімдерімен айналысатын «Сайдусман ата» шаруа ...

Читать далее »

Басты ұстаным сапаны арттыру

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында орналасқан Қазақ-Түрік индустриалды аймағында жеке инвестор көмегімен ашылған «Kaz Kioti» ЖШС-нің бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған. Трактор зауытының басты мақсаты — жаңа бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық техникаларын шығару, деп хабарлайды күнгей.кз. Жылына бес мың трактор шығаруға қауқарлы зауытқа 7 млрд.теңге инвестиция тартылған. 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отырған жоба Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Корея ...

Читать далее »

Бағдарламаның берері көп

Бүгінгі таңда Түркістан облысының түкпір түкпірі «2015-2019 жылдар аралығында индустриалдық-инноациялық даму бағдарламасы» аясында газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданы тұрғындарының 6,9 пайызы яғни, Бөржар ауыл округіне қарасты үш елді мекендері табиғи газбен қамтылған. Қосымша Бадам елді мекенінің бір бөлігіне 305 абонент кәсіпкерлер есебінен табиғи газ тартылған. Биыл тағы екі ауылға газ құбырлары жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырының 1393 ...

Читать далее »

Инновациялық сусын

Тоғыз жолдың торабы саналатын Түркістан облысындағы Арыс қаласы бүгінде өндірісі өрге өрлеген аудандардың алдыңғы көшінде. Шағын және орта бизнесте тасын өрге домалатып отырған кәсіпкерлер көп. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көптеген көмектің арқасында көшін түзеген шаруа қожалықтары мен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отырған жеке кәсіпкерлердің атқарып отырған жұмыстары көш ілгері. Түйе сүтін пластик ыдыстарға құйып шығаратын цех жұмыс істейді. Теміржол ...

Читать далее »

20 гектар жерден 250 тонна өнім алды

Түркістан облысындағы Созақ ауданының шаруалары биыл алғаш рет еккен қауындарын көрмеге қойды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Құмды алқапта қауын егіп, оны шетелге экспорттаған епті азаматтардың ісі көпті таң қалдырды. Созақ ауданының жері  құмды болғандықтан, бұл өңірде қауын -қарбыз егу мүмкін болмайтын. Десе де, шаруалар істің ебін тауып, биыл 20 гектар жерден 250 тонна өнім алды. Алғашқы үзімдерді облыстық фестивальге арнайы ...

Читать далее »

Бір тиын төлемсіз техника алудың жаңа тәсілі

«Ырыс» микроқаржы ұйымы ескі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында жаңадан «Ырыс-өркендеу» лизингтік бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарламаға қатысу арқылы шаруалар трактор тіркемелері, соқа, культиватор, дән сепкіш, шөп тайлағыш, бора және тағы басқа техникаларды инвестициялық субсидия бойынша лизингке сатып ала алады. Алғашқы жарна шаруаға берілетін инвестициялық субсидия есебінен төленеді. Яғни, фермер лизингке техника алуға алдымен «Ырыс» микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді. Сосын ...

Читать далее »

Бау бақша өсіруде жайқалтып…

Түлкібас ауданында  ауыл шаруашылық саласына үлесін қосып жүрген «Бақытжан» шаруа қожалығы бүгінде көпшілікке мәлім, деп хабарлайды Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газеті. Бұл шаруа қожалықтың тарихына көз жүгіртетін болсақ, сонау 1995 жылдары халыққа үлестік жер беріліп жатқан кезде, осы шаруа қожалықтың иесі Марат Игенбаев 9 гектар жерді алған екен. Сол кезден бастап дәнді-дақыл мен жеміс жидектер еге бастаған шаруа бүгінгідей жетістікке жетемін ...

Читать далее »

Өнеркәсіп өндірушілеріне зор үлесін тигізбек

«Сапа менеджменті және техникалық реттеу. Метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және көтеру». Осындай атаумен Түркістан облысында үш күндік оқыту семинары басталды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Шара орта бизнес өкілдері мен өнеркәсіп өндірушілеріне зор үлесін тигізбек. Бағдарламаның басты мақсаты – әртүрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және арттыру. Бұл іс жүзінде барлық құралдарды дұрыс әрі тиімді пайдалана отырып, өнімдерді өндіру және ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік табыстың көзі

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға арналған көптеген бағдарламалардың арқасында бизнестің биігіне шығып, нәпақасын арттырып отырғандар көп. Кәсіпкерлер көбейсе ел экономикасының көсегесін көгертпек. Бұл дегеніңіз табыс, салық, кіріс, одан қалса жұмыссыздардың қатарын азайтуға да септігін тигізеді. Түркістан облысындағы монқалалардың бірі Кентау қаласында да шағын және орта бизнестің құлағын ұстаған кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді. Кезінде моноқалаларды дамыту бағдарламасының арқасында көптеген гранттар бөлінген болатын. Қайтарымсыз ...

Читать далее »