Мақтаарал – қауынның да отаны. Биыл диқандар 12 546,1 гектар жерге бақша дақылдарын ексе, оның ішінде 10 878,9 гектары қауын болып табылады. Сондай-ақ, 1 667,2 гектар жерге қарбыз егілген. Былтыр облысымызда 1 миллион 300 мың тонна бақша өнімдері өндірілсе, соның 600 мың тоннасын іріленген Мақтаарал ауданының диқандары нарыққа жіберген болатын. Оның басым бөлігі экспортқа шығарылды. Қазіргі таңда, «Мырзашөл» қауындары Ресейде, ...
Читать далее »Месячные архивы: Август 2018
Минералды өнімдердің өндірісі артуда
Жерінің асты да, үсті де тұнған байлыққа толы Түркістан облысында шикізат кені жетерлік. Істің көзін таба білетін іскерлер табиғат байлығын кәдеге жаратып та отыр. Түрлі кен орындарында өнім өндіру жыл сайын артып келеді. Биыл да өндіріс көлемі жыл сайынғы күткендегіден де мол өнім беріп отыр. Түркістан облысының өзге металл емес минералды өнімдерінің өндірісі 2018 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 6499,7 миллион ...
Читать далее »Ата кәсіпті алға сүйреп…
Түркістан облысындағы Мақтарал ауданының аумағы егін шаруашылығына өте қолайлы. Биыл өңірдің бренді саналатын мақта, сондай-ақ бақша өнімдерін егу қарқыны жоғары. Биыл ауданда 69 926,3 гектар жерге егістік егілсе, соның 38 593,2 гектарына мақта егілген. Айта кету керек, ақ алтын шаруашылығы – мақтааралдықтардың ата кәсібі. Сондықтан, бұл кәсіпті дамытуға біз қатты мән береміз. Өздеріңізге белгілі, былтыр мақташылар мақта зиянкестерінен қатты жапа ...
Читать далее »Экспортқа жаңа тауар түрлері шығарылуда
Бүгінде Түркістан облысының экспорттық әлеуеті артып келеді. Өнім өндіретін ірі кәсіпорындардың тауарына сұраныс та мол. Өңірімізден шығарылатын цемент, арматура, күнбағыс майы, ұн, мақта, астық өнімдеріне тапсырыс беруші шет мемлекеттер қатары көбейіп келеді. «Экспортқа өнім шығаруды өрістетуде мемлекеттік қолдаудың нақты көмегі тиіп отыр», – дейді мамандар. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге «Экспорт шығарушы-2020» бағдарламасына қатысу ұсынылуда. Бұдан өзге де экспортты қолдау мен өрістетуге ...
Читать далее »Өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік мол
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында Ұлы жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистрал дәлізі бар. Осы автомобиль жолының потенциалын пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға әбден мүмкіндігіміз бар. Мәселен, бір кездері халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен бетонканың бойындағы «Сапар» базарын қайтадан дамытатын болсақ, өңірде 10 мыңдаған адамды жұмыспен қамти аламыз. Осының бәрін ескерсек, жаңа Мақтааралдың экономикалық даму мүмкіндігі ...
Читать далее »Қазына қазанын қомақтыландыруда
Бүгінде экономиканың өрлеуін салық түсімдерінен де байқауға болады. Ал салықтың басым бөлігін ірі кәсіпорындардан бөлек жеке кәсіпкерлер де қомақтыландыруда. Кәсіпкерлердің дені сауда саттық пен қызмет көрсету саласы арқылы қазынаға қомақты қаражат құюда. 2018 жылғы қаңтар-шілде айларында Түркістан облысы бойынша бөлшек сауда көлемі 80119,2 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 107,6% құрады. Сауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 39462,8 ...
Читать далее »6 айда атқарылған істер ауқымды
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысы өтті. Күн тәртібінде ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы және 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық сынды мәселелер қаралды. Аталған салалар бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев министрлер мен облыс басшыларының баяндамасын тыңдады. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған ...
Читать далее »IKEA үшін төсек жаймаларын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз компания
Бүгінде тек Түркістан облысында ғана емес, еліміздегі ірі кәсіпорындардың қатарынан саналатын компаниялардың қатары көбейіп келеді. Шымкенттен шығатын өнімдер тек елімізде ғана емес шетелдерге де танымал бола бастады. «АГФ групп» төсек жаймаларын шығаратын ірі өндіріс орнының бірі. Фабрика Шымкенттегі «Оңтүстік» еркін экономикалық аймақта орналасқан. «АГФ Групп» компаниясы 2010 жылы құрылған. Компания алғашында мектеп формасынан бастап москитті торға дейін түрлі өнімдер шығаратын. ...
Читать далее »Бизнесте даму байқалады
Бүгінде Жетісай ауданында кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары жыл жылжыған сайын артып келеді. Қызмет көрсету, өнім өндіру сынды сан салада нәпақа тауып жүргендер сонымен қатар қазына қазанын да қомақтыландыруда. Бүгінде ауданда 5596 заңды тұлға тіркелген. Оның 835-і ірі, ал 4761-і жеке кәсіпкер саналады, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлік саласында даму байқалады. Аудандық кірістер басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұрынғы ...
Читать далее »Толағай табыс күтіп тұр
Биыл Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта дақылының шығымы жаман емес. Зиянкестермен күрес, суғару секілді күтіп, баптау жұмыстары да нәтижелі жүзеге асып жатыр. Алайда арқаны кеңге салуға әлі ерте. Енді 10-15 күн мақтаны құртқа жегізбей ұстап тұра алсақ, өнім де, табыс та жаман болмайды. Бүгін бұл туралы аппарат отырысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің ...
Читать далее »