Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы кезіне алмасымен аты шыққан аудан болатын. Екі қолдың саласындай апорт алмалары Ресейдің түкпір түкпіріндегі қалаларға жөнелтілетін. Кеңес кезінде қараусыз қалған алма бақтарын отынға отап алып кеткен-тін. М. Калинин атындағы колхоздың Ұзынарық ауылындағы алма бауынан тонналаған өнім жиналатын-ды. Тіпті кейіннен сол алма бақтарының түбірі де қалмаған-ды. Бүгінде шүкір жеке кәсіпкерлер аталған жерге алма көшеттерін өсіріп, жайқалтып ...
Читать далее »Месячные архивы: Октябрь 2018
Әшекей бұйымдарына тапсырыс артып отыр
Әшекей бұйымдары бүгінде өтімді өнім саналады. Көздің жауын алатын әсем әшекейлердің сөреде шаң басып жатпасы анық. Түркістан облысының тұрғыны А. Сатиеваның әшекей бұйымдар жасайтын цехы бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Жылдығы 6 пайыз болатын мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаған «А. Сатиева» жеке кәсіпкерлігі бүгінде көпке танылып үлгерді. Көз қарықтырар әсем әшекей бұйымдарын алтын және ...
Читать далее »Тәрбиенің төрт тірегі
Бірде Мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға әкелді. Бала-жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген секілді. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса,сол сабырлы қалпын сақтады. «Балапаным,құрма ағашына неге тас лақтырдың?»,–деп сұрады. Бала:«Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді»,-дегеннен артық сөз айтпады. Әз Пайғамбар(с.а.у.) балаға:«Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі ...
Читать далее »Инвестиция көлемі артып келеді
Түркістан облысындағы Төлеби ауданында биыл «Болашақ нұры» сүт өнімдерін өңдеу цехы іске қосылмақ. Тартылатын инвестиция көлемі 52 млн. теңгені құрайтын цех жылына 250 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін болады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы іске қосылатын жобалардың қатарында ЖК «Әли» мал бордақылау алаңына тартылатын инвестиция көлемі 130 млн. теңге. Цех жылына 5 мың тонна ет өнімдерін өндіреді ...
Читать далее »Алтын қор
Төле би ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орындағанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) ...
Читать далее »Қияр өсіруден табыс мол
Мухаммедов Шухриддин 59 жаста . Түркістан облысы Ескі Ихан ауылының тұрғыны. «Мухаммед ата» жылыжай қожалығының иесі. Түркістан қаласына қарасты Ескі Ихан ауылындағы Қ.А. Ясауи атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі. «Оңтүстік өңірі егізінен шаруашылықтың нағыз ордасы ғой. Мен көп жерлерде болғанмын. Әсіресе күнгейдің оңтүстігіндегі Сарыағаш өңірінің жылыжай шаруашылығы мені қатты қызықтырды. Жылыжай қожалығын бастап, оны үлкейтіп, көркейтіп жанұялық кәсіп ретінде қалыптастыру ...
Читать далее »Мал шаруашылығында да жетістіктер бар
Түркістанда құны 44 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 18 пайызға артық. Көрсеткіштің артуына, әсіресе, егін шаруашылығының үлесі зор, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бүгінде түркістандықтар тұтынатын ауыл шаруашылығы өнімінің басым бөлігі қала аумағында өндіріледі. Атап айтқанда, жұмыртқаның — 70, сүт өнімдерінің 80 пайызы осындағы серіктестіктердің еншісіне тиесілі. Ал, ет, бақша өнімдері сұраныстан артық өндіріліп, шетке ...
Читать далее »«Жасыл экономикаға» үлес қосуда
Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу экологияның ең маңызды тақырыптарының бірі. Адамдардың жыл сайын өнімдерді тұтынуы молынан артып келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды нәтижелі қайта өңдейтін зауыттардың болмауы, қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің дамымауы салдарынан эпидемиологиялық қауіпті улы заттардың жиналуына алып келеді, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі бағытына сәйкес, 2050 жылға қарай қатты тұрмыстық ...
Читать далее »Көпсалалы компанияның жоспары көп
Түркістан облысындағы «АҚ-СУ» компаниясы құрылыс материалдарын өндіруші компаниялардың алдыңғы легінде. Осыдан 20 жыл бұрын құрылған кәсіпорын өз саласында бәсекелесі жоқ деуге болады. Аталмыш компания өндірген өнімдерді тұтынушылар қатары жыл артқан сайын артып келеді. Сапалы өнім өндірумен қатар тұтынушылардың қалтасына ауырлық түсірмеуді де естен шығарған емес. Көпсалалы компания жабынқыштардың сан алуан түрін өндіреді. Оны тапсырыс берушінің қалауына қарай түрлі пішінде шығарып ...
Читать далее »Экспорт көлемі ұлғайып келеді
Түркістан облысында өзге шет мемлекеттерге өнім экспорттайтын кәсіпорындар қатары артып келеді. Әсіресе өңірімізде өндірілетін цемент, ұн, өсімдік май, мақтаға сұраныс мол. Алдағы уақытта да өзге елдерге экспортталатын өнім түрлері артары сөзсіз. Өткен он айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының кәсіпорындары көрші Өзбекстанға тауар экспортын 26 пайызға арттырған. Шекаралас мемлекет – өңірдің негізгі сауда серіктесі. Аймақтың сауда айналымының 23,2 пайызы осы Өзбекстанмен ...
Читать далее »