Месячные архивы: Апрель 2020

Үздіктер қатарында…

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін оқушыларға мектептердегі 10 192 ...

Читать далее »

Әлеуметке жасалған тағы бір көмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлім етті. Шымкент қаласында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының ...

Читать далее »

Шымкенттегі жауын-шашын салдарлары жойылды

Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды. Жалпы бұл жұмыстарға департаменттің 20-ға жуық жеке құрамы және 4 техникасы жұмылдырылды, 200-ден аса ...

Читать далее »

Қосымша қоқыс контейнерлері орнатылады

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан қоқысты шығару және залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аудан аумағында тұрғын үй саны көп болуына байланысты, кейбір аумақтарға қосымша қоқыс контейнерлерін қажет етеді. Аталған мәселені шешу мақсатында, ағымдағы жылы 400 қоқыс контейнерлірін алуға қаржы қаралып, қазіргі ...

Читать далее »

Тазалық шаралары қарқынды орындалуда

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағындағы қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарын мердігер «Royal Maks Grup» ЖШС атқаруда. Ауа райының күрт құбылуына қарай, басты және ішкі орамдық көшелердің бойында, көпқабатты тұрғын үй аулаларында ағаштардың құлауына байланысты электр жүйелері үзіліп, электр жарығы өшіп, аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай тудырды. Қазіргі уақытта, барлық коммуналдық қызметкерлер күшейтілген түрде ...

Читать далее »

Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгінгі күні Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлімдеді.  Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін   ...

Читать далее »

Тәртіп пен тазалық

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаланың 125 көшелерін ұзындығы 280 шақырымында залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника 20 адам және 213 аялдамалар мен урналарды, саябақтарды  залалсыздандыруға 12 техника 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда аудан аумағындағы 672 көпқабатты тұрғын үйлердің 621 үйіне, 400 көпқабатты тұрғын үйлер ауласына және қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс ...

Читать далее »

Тазалыққа бәріміз жауаптымыз

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына қарасты мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан ішкі орамдық және көше бойындағы ирригациялық арықтарды қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тұрғындардан көктем мезгілінде жауын-шашын және еріген қар сулары салдарынан су басу қауіпінің алдын алу мақсатында аумақтардағы ирригациялық және үй ішілік ...

Читать далее »

Әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында қолға алынған шара

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап  Шымкент  қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.   Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «Gramad Retail» ЖШС мен келісім түзілді. Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме ...

Читать далее »

Медицина мамандарына қамқорлық жасалуда

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.  Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған. Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Айта кетейік, ...

Читать далее »