Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы қаладағы ең таза аумақтардың бірі. Мұндағы барлық қалаішілік және ішкі орам жолдардың барлығы да таңертеңімен сыпырылып, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Көпқабатты үй аулалары да назардан тыс қалмайды. Қоқыс тастаушыларға қарсы ұдайы түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. «Қала тазалығы – баршамызға ортақ!» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Іс-шара барысында аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында құрылыс ...
Читать далее »Месячные архивы: Апрель 2020
Тазалау жұмыстары толық аяқталды
Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты соққан желдің салдарынан құлаған ағаштар мен бұтақтардан тазалау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда, қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, шөп ору жұмыстарын жоспарға сәйкес, атқарылуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Осылайша Ә Фараби ауданының коммуналшылары қала тазалығына үлес қосуда. Одан бөлек, коммуналшылар аудан ...
Читать далее »Тарихтан сыр шертетін жәдігер
Шымкентте ашылған «Қазына» этно-тарихи кешенінде тарихтан сыр шертетін бірқатар нысандар бой түзеді. Оның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент. Биіктігі 15 метр болатын ескерткіш қазақ ою-өрнектерімен безендіріліп, айқасқан қос арканы бедерлейді. Монумент ортасына биіктігі 10 метрлік, ені 8 метрлік пирамида түріндегі композиция қойылған. Пирамиданың қырларына Қазақ хандығының барельефті композициясы және Тұңғыш Президенттің сөздері жазылған. Бұл жерде ұзындығы 50 метр, ...
Читать далее »Ерекше еске түседі
Тарихы терең Шымкенттегі қала өркениетін көрер көзге ап-анық көрсететін сәулет ескерткіштері баршылық. Шымкенттегі көне сәулет ескерткіші дегенде, Ескі қаладағы «Жәми мешіті» ерекше еске түседі. Шымкент тарихын ғасырлар қойнауына сүңгітетін жәдігерлер – көне цитадель аймағы мен қала аумағындағы оба-қорғандар айналасынан табылған заттармен айғақталады. Бұлар – археологиялық ескерткіштер. Шымкенттің ең көне сәулет ескерткіші – Жәми мешіті дедік. Тұрғындар арасында «Ескі мешіт», «Қошқар ...
Читать далее »Жан саясы атанған…
Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға ең оңтайлы көрікті орындардың бірі Шымкенттегі – «Орталық» саябақ. Қай кезде де қыз-қыз қайнап жататын қала тіршілігінен бір сәт мойнын босатып, саябаққа серуенге шығатын тұрғындар осы бір мекенді әдетте жан саясы атағанды жөн көреді. Себебі, мұнда жастар қауымы субұрқақтар маңына топтасып, өзара еркін сырласуға бейім болса, қариялар көптен кезікпеген ескі таныстарын кезіктіріп, мәре-сәре ...
Читать далее »Саябақты әлемдік стандарттарға сай салу көзделуде
Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан табиғи жаңғырудың бірден-бір жолы – қала мен елдімекендер аумағында саябақтар мен гүлзарлар қатарын арттыру. Мұндағы ең басты тезис – салауатты ұрпақты тәрбиелеу, осы арқылы келешекте айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялайтын саналы орта қалыптастыру. Адам мен табиғат арасындағы өзара үндестіктің бір пернесіндей болып отырған саябақтар мен гүлзарлардың қала өміріндегі алар орны ауқымды екені әу бастан-ақ белгілі. Шымкент қаласында ...
Читать далее »Алып саябақ…
Шымкенттегі ең ірі саябақ Тәуелсіздік саябағы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Тәуелсіздік саябағы мен монументінің арасын мемлекеттік рәміздер алаңы және ұзындығы 104 метрді құрайтын көпір қосып тұр. Алып саябақтың аумағы 5,8 гектар алқапты құрайды. 15 метрлік қақпасынан әрі қарай 1991 жылдан бүгінге дейін Қазақстанда болған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. «Ел бірлігі” монументі мен тәуелсіздік шежіресі аллеясы ...
Читать далее »Қызғалдақтардан көз тұнады
Қызғалдақ Шымкент қаласының символына айналған. Осыған орай 2010 жылы ескі субұрқақтың орнына алып Қызғалдақ субұрқағы бой көтерді. Бүгінде бұл маң қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған. Шымкенттің қақ орталғында орналасқан әйгілі Қызғалдақ субұрқағын жаздық маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биіктігі 10 метрден асатын субұрқақтың қазіргі қалпын ойлап тапқан сәулеткерлерге шымкенттіктер дән риза. Алып қызғалдақ есерткіштің айналасына табиғи қызғалдақтар отырғызылған. Наурыз сәуір айларында қызғалдақтар ...
Читать далее »Проекты и технологии уже продуманы
Мусорный полигон «Актас-1» в городе Шымкент занимает площадь 29 гектаров. По словам заместителя руководителя управления энергетики и коммунального хозяйства города Шымкента Нурлана Жаманкоза, ежедневно утилизируют чуть больше 400 тонн. На 1 января 2020 года здесь уже захоронено 732 920 тонн ТБО. Директор мусороперерабатывающего завода Саян Тлепов говорит, что мощностей полигона хватит еще на три года. «А это значит, что потом ...
Читать далее »Сала қызметкерлерінің жұмысы қызу жүргізілуде
Төтенше жағдай жарияланған Шымкентте коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыру жұмыстары да қыза түскен. Таң азанымен көшелерді сыпырып, қоқыстан арылтқан соң гүлдерді баптауға кіріседі. Бүгін Ғ.Іляев көшесінің бойында «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмысшылары раушан гүлдерінің түбін қопсытып, жетілуіне жағдай жасауда. Күтімнің арқасында гүлдер жайқалып қаланың көркін ажарландыра түседі. Қаланың орталығында отырғызылған бір жылдық гүлдер, ағаш көшеттері жерлестеріміздің көңіл ...
Читать далее »