Месячные архивы: Февраль 2022

Қандай жағдайда халықтың кредиті кешіріледі?

Сотсыз банкроттықты жариялау туралы өтініш электронды үкімет порталы арқылы жіберіледі. Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасының негізгі нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   «Егер тұрақты табыс және қарызды жабуға мүмкіндік болмаса, банкрот жариялау шарасын қолдану ұсынылып отыр. Оның екі түрі болады. Біріншісі – сотсыз банкроттық, екінші – сот арқылы банкроттық жариялау», — деді Сұлтанғазиев орталық ...

Читать далее »

Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың басшылары мен қатысушылары ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.    Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты. Жүргізілген ...

Читать далее »

Жаназалары оқылмаған. Іздеушісі жоқтардың моласы туралы сұмдық деректер

Қызылордада іздеушісі жоқ марқұмдар ұзындығы небәрі бір жарым метр, тереңдігі тізеден аспайтын бейітке жерленеді. Экспресс К тілшісі белгісіз адамдардың бейітіне барып, марқұмдардың қалай жерленгенін көрді. Қала шетіндегі орталық қорымда 2020 жылдан бері қайтыс болған 30 шақты марқұм жерленген. Олардың моласының айналасы ашық-шашық, қоршау салынбаған. Және қоқысқа толып жатыр.     Тек төмпешік болып жатқан бейіттердің бірнешеуіне белгі ретінде жазуы бар тақтайшалар ...

Читать далее »

Баға өсіп жатыр: Алматыдағы «Оптовка» базарының кәсіпкерлері ереуілге шықты

Алматыдағы халық арасында «Оптовка» аталып кеткен «Барыс» сауда орталығының кәсіпкерлері наразылыққа шықты. Олар базардағы қысымның кесірінен баға өскенін айтады. Кәсіпкерлердің сөзінше, базарға жауапты «БН Сауда» компаниясы өздері айтқан өндірушілерден ғана тауар алыңдар деп талап қойып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар сілтеме жасап хабарлайды.  скриншот “Барыс” базары Барыс 4 базарын «БН Сауда» компаниясы қолға алғалы отандық өндірушілерге тікелей тапсырыс бере алмай қалдық деген кәсіпкерлер ...

Читать далее »

«Дикий» Арманды сатқындығы үшін өлтіргісі келетіндер көп

Журналист Ораз Әлімбек “Майдан” бағдарламасына берген сұхбатында Арман Жұмагелдиевке қатысты біраз жайттың бетін ашты. Сұхбат барысында ол “Дикий” Арманның артында кімдер тұрғанын және оның болашақ тағдыры туралы сөз қозғады. Ораз Әлімбектің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің өліміне көп адам мүдделі, деп хабарлайды Экспресс К. Журналист Дәнеш Байболаттың «Майдан» бағдарламасында қонақта болған Ораз Әлімбек «Дикийге» қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Арман Жұмагелдиев Қазақстанның криминалдық авторитеті саналатын ...

Читать далее »

Күйеуі 17 жастағы әйелінің басын шауып, онымен көше бойы серуендеп өткен

Иранның Ахвазе қаласында ер адам өзінің 17 жастағы әйелінің басын шауып өлтірген. Содан соң марқұмның басын алып, көше бойымен серуендеп өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.    Жантүршігерлік оқиға сенбі 5 ақпанда болған. Iran International басылымының мәліметінше, Мона Хейдари есімді қыз осыған дейін күйеуінен қашып, Түркияға кетіп қалған еді. Алайда Монаның әкесі күйеубаласына қызын ауылға қайтаруға көмектескен.  Осы жағдайдан соң күйеуі мен оның ...

Читать далее »

Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте “QOLDA” жедел көмекбағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты

Бағдарламаның төртінші кезеңіазаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларғаинновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған. “Qolda 4.0″ байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады: 1. Экономикалық бағыттағы жобалар; 2. Экологиялық бағыттағы жобалар; 3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан). Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынантабуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақытыбойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады. Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электрондымекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдардыжобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамызhttps://t.me/Qolda_project Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясы “Qolda” жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу. 2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін“Qolda” Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларынқолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамғажетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға иеотбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратыннауқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрынсотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.  «Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық АзияныңЕуразия Қоры және “Шеврон” компаниясыныңсеріктестігімен жүзеге асырылып отыр.    Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылыаймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергіліктіқауымдастықтарды нығайту мен азаматтық жәнеэкономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуғакөмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстардыжұмылдырады.   «Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланғанэнергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өзоперацияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетугежәне дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегіаз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралықосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуғаболады.

Читать далее »

Миллионер болғыңыз келе ме?

Былтыр 112 қазақстандықтың бағы жанып, лотереяның арқасында миллионер атаныпты. Олардың арасында алтауы су жаңа темір тұлпар иеленсе, тағы төртеуі пәтерлі болған. Еліміздің бірегей лотерея операторы “Сәтті Жұлдыз” 2021 жылдың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды stan.kz.   2021 жылы “Сәтті Жұлдыз” лотерея операторы жеңімпаздарға ұтыс ретінде 6 миллиард теңге төлеген. Бұл шамамен Алматының қақ ортасында орналасқан 300 пәтердің құнымен бірдей. Жалпы алғанда ...

Читать далее »

Неге Назарбаев пен Атамбаевтың арасында кикілжің туды?

Қырғызстанның «Социал-демократтар» партиясының көшбасшысы Темірлан Сұлтанбеков Қырғызстан мен Қазақстанның экс-президенттері Алмазбек Атамбаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында неге кикілжің шыққанын айтты. Оның айтуынша, 2016 жылы екі президент «Ата-Бейіт» мемориалына гүл қою рәсімі кезінде сөзге келіп қалған. Бұл туралы Kaktus.kg сайтына сілтеме жасап orda.kz хабарлады.   «2016 жылы 16 қыркүйекте ТМД мемлекеттерінің басшылары кеңесінің жиыны өтті. Ертеңіне Алмазбек Атамбаев 60 жасқа толған туған ...

Читать далее »

Оқушылардың қашаннан бастап дәстүрлі режимде оқитыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды eltumar.kz «Өздеріңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсақ болады. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі — жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады», ...

Читать далее »