Месячные архивы: Февраль 2022

Шымкент: Қала әкімі Қырғы базарға барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық Қырғы базарға барып, ондағы саудагерлердің тыныс-тіршілігімен танысты. Азаматтармен сөйлесіп, мәселелерін тыңдады. Сонымен бірге, базар сыртындағы рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаушы азаматтармен тілдесті. Бұдан алдын қала әкімі оларды қала әкімшілігінде қабылдап, ретсіз сауданың заң бойынша жауапкершілігін түсіндіріп бірнеше ұсыныстар айтқан болатын. Базар сыртында шамамен 100-ге жуық адам жеміс-жидек, киім-кешек, ет, шұжық, нан өнімдері мен сүт-айран ...

Читать далее »

Екібастұздағы Маугли балалар: Оқиғаның адам шошырлық жалғасы айтылды

Екібастұзда аш өзектеріне түсіп, жүруден қалған төрт бүлдіршіннің толыққанды отбасынан шыққаны белгілі болды. Жергілікті әкімдік бұған дейін оларға қатысты арыз-шағымның болмағанын айтады. Балақайларды сондай аянышты жағдайға түсіруге не себеп болғанын әлі анықтау керек, деп хабарлайды Экспресс К. Отбасы Екібастұзға жуырда көшіп келгендіктен қала әкімдігінде олар жайлы көп мәлімет жоқ. Балалардың анасы 1994 жылы дүниеге келген. Еш жерде тіркелмеген, жұмыссыз. Әкелері жуырда ...

Читать далее »

Жүріп бара жатқан көліктен жартылай жалаңаш қыз шықты

Көшеде кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, төбесіне мінген жартылай жалаңаш қыз желіде сынға қалды. Қала полицейлері әзірге бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. Желіқолданушылар белгісіз қыздың бір түрлі қылығын сынға алуда, деп хабарлайды Экспресс К. Шоу жалғасады. Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысы. Алматы қаласы. Көрініске тақырып қойыңыздар, — деп жазылған аталмыш видеода.   Кадрда жаздық үлгіде жеңіл киінген қыз жүріп ...

Читать далее »

Омбудсмен Кәрім Мәсімовтің қамаудағы қазіргі жағдайы жайлы айтты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мемлекетке опасыздық жасады деп қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына тоқталды. Мәсімов тергеу изоляторларындағы өзінің жағдайына еш шағым айтпаған, деп хабарлайды Экспресс К. «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қамауға алынған бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімовтың қазіргі жағдайына қатысты сұхбатты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова BaigeNews.kz ақпараттық парталына берген. Ішкі істер органында да, Ұлттық қауіпсіздік ...

Читать далее »

Түркістан: Биыл Бәйдібек ауданында жаңа кітапхана пайдалануға беріледі

  Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан былтыр 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхананың құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған нысанның екінші қабатының қабырғалары толық қаланып, шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхана ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.   Жаңа кітапхананың бірінші және екінші қабатында келушілерге арналған оқу залдары болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ...

Читать далее »

Дариға Назарбаеваның дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция құрылды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Мәжіліс депутаттығынан дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция жасалды, деп хабарлайды orda.kz.   «Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған. Бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда ...

Читать далее »

Қазақстанда мектеп оқушыларының оқу аптасы ұзартылуы мүмкін

Елімізде мектеп оқушыларының оқу аптасын 34 аптадан 38 аптаға дейін ұзарту ұсынылды.  «Премьер-министріміз осы бастаманы қолдап, BINOM мектептерінде пилотты түрде енгізуді тапсырды». Бұл туралы кәсіпкер,  BI-Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды деп хабарлайды eltumar.kz. «Еліміздегі білім деңгейі алдыңғы қатардағы мемлекеттерден неге төмен екендігін зерттеп көрдік. Оның бір себебі — оқу жылының ұзақтығы, мысалы, кәрістің баласы 42 ...

Читать далее »

Назарбаевтар әулетінің Германияда зәулім сарайлары табылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев Германияда төрт зәулім жылжымайтын мүлік сатып алуға жүз миллион доллардан астам қаржы салған. Олардың табылған сәнді сарайлары туралы Deutsche Welle (DW) неміс медиа компаниясының зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Мақалада Қазақстанның бұрынғы президентінің отбасы мүшелеріне тиесілі зәулім сарайлардың бірі Германияның Баден-Баден курортындағы Зеелах үйі екендігі айтылған. Бұл жер 19 ғасырда әйгілі орыс ...

Читать далее »

Атырауда ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір топ адам сотталып жатыр

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВТЫҢ өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ақжайық. Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда орын алған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Азаматты ауыл адамдары ...

Читать далее »

Қазақстандық білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау: Қай облыстан бастау алды?

Қазақстанда алғаш рет білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды. Бірінші болып Ақтөбе облысындағы 4 колледждің, яғни Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры қайта тағайындалды. Шешімді мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жөніндегі комиссия қабылдады. Колледждердің жаңа директорларының алдына білім беру сапасын арттыру және ...

Читать далее »