Мазмұны: Алдағы Астана халықаралық форумы туралы; Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасының алдағы сапары туралы; АҚШ сауда миссиясының Қазақстанға алдағы сапары туралы; Алғашқы қазақстандық-француз декарбонизация күні туралы; Халықаралық ұйымдар өкілдерінің сапарлары туралы Алдағы Астана халықаралық форумы туралы 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Астана халықаралық форумы өтеді. «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс ...
Читать далее »Месячные архивы: Июнь 2023
Қазақстан БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында өткен БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Жоғарыда аталған іс-шараға БРИКС-ке мүше мемлекеттер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) және арнайы шақырылған елдер – «БРИКС достары» (Қазақстан, Аргентина, Бангладеш, Бурунди, Габон, КДР, Мысыр, Иран, Индонезия, Комор аралдары, БАӘ, Сауд Арабиясы, Уругвай) қатысты. Қазақстан осы форумға АӨСШК-нің ...
Читать далее »Болгария Қазақстанның мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды
Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және профилді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Мәдениет министрі Найден Тодоровпен кездесу өткізді. Мазмұнды әңгіме барысында қазақстандық дипломат болгар әріптесіне халықтарымыздың терең тарихи және мәдени байланыстары, елдер арасындағы достықтың көпірі болып табылатын өзара мәдени орталықтар және Қазақстанда мәдениет пен өнер саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы ...
Читать далее »«Masdar» компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Менилбеков «Masdar» Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті, онда келіссөздер барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады. Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү. ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді. Анықтама: 2006 жылы құрылған «Masdar» ...
Читать далее »АҚШ-тың Cауда миссиясы Қазақстанға ресми сапармен келді
АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтіп, оған 20-дан астам америкалық ірі компаниялары, оның ішінде ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және т.б. қатысты. Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия Президенті болып сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен ...
Читать далее »Әлихан Смайылов Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен келіссөз жүргізді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Премьер-Министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр. Әлихан Смайылов ...
Читать далее »Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. – Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің екінші кездесуіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы екінші кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіске қарамастан, аймақтық диалогты күшейткеніне ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл істе Еуропалық Одақтың атқарған рөлі зор. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Орталық Азия мен ЕуроОдақ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасы мол. – Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуропадан Қазақстанға тартылған инвестиция ...
Читать далее »Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің бірлескен баспасөз-коммюникесі
2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов (Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов тұлғасында) және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Шолпан-Атада жоғары деңгейдегі екінші өңірлік кездесудің өткізілуін құптады. Ашық және сындарлы кездесу барысында қатысушылар өткен жылғы Астана қаласындағы ...
Читать далее »