Месячные архивы: Июнь 2023

Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және “Шеврон” компаниясы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Ақтөбе қаласының американдық бұрышында MakerSpace жаңа шығармашылық кеңістігін ресми түрде ашты. Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниэл Розенблюм, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және “Шеврон” компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс Ақтөбе қаласының американдық бұрышында жаңа Makerspace ашылу салтанатына қатысты. “Шығармашылық салалардың болашағы зор, бұған күмән жоқ. Сондықтан біз осындай ...

Читать далее »

Әуе рейстер санын көбейту және ТХКБ-ны дамыту: Әлихан Смайыловтың Әзербайжанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Бакуге ресми сапары барысында Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен кең ауқымды мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөз жүргізу кезінде тараптар сауда, көлік және логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін жан-жақты сөз етті. Сонымен қатар бірлескен IT-жобалар және мәдени-гуманитарлық бастамаларды іске асыру жоспарлары қаралды. Әлихан Смайылов Қазақстан үшін бауырлас ел болып табылатын Әзербайжан еліміздің Оңтүстік ...

Читать далее »

Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің биыл аталып өтілетін 100 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін айтты. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Әзербайжан – ...

Читать далее »

Германияның Федералды Президентіне Құрық порты мен көлік-логистика саласындағы жобалар таныстырылды

Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен бірге Құрық портына барып, Орта дәлізді дамыту шеңберінде жаңа көлік-логистикалық жобалармен танысты. Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Ақтау теңіз сауда портының оңтүстігінде орналасқан. Бүгінгі таңда оның өндірістік қуаты жылына 6 млн тонна жүкті құрайды. Негізінен паром кешені арқылы қазақстандық экспорттық және транзиттік жүктер өтеді. Қазіргі ...

Читать далее »

Ф.-В. Штайнмайер мен Ә. Смайылов Маңғыстаудағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстарын іске қосты

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті. Жобаны танымал Svevind неміс компаниясы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің өткен жылдың қазан айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асыруда. Жоба бойынша Маңғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын ...

Читать далее »

Ақтауда Қазақстан Премьер-Министрі мен Германия Президенті «уақыт капсуласын» салды

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты ғимаратының құрылысы барысында «уақыт капсуласын» салу рәсіміне қатысты. Жаңа білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Ол Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында ...

Читать далее »

30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы өтуде

Президенттің сөйлеген сөзінен: ■ Волонтер болу бұл, ең алдымен, патриотизмнің, яғни отаншылдықтың жарқын көрінісі. Бұл – адамгершілік құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты. Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет; ■ Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

Президенттің сөйлеген сөзінен: ■ Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды; ■ Волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет; ...

Читать далее »

Түркістанда түркиялық және отандық дін ғалымдарының қатысуымен семинар өткізілді

Бүгін Түркістан қаласында деструктивті діни ағымдардың белгілері және дерадикаландырудың тың тәсілдері түсіндірілген семинар өтті. Семинар жұмысына Түркия елінің ғалымдары арнайы шақырылып, облыстың дінтанушы-теолог мамандары және имамдарымен тәжірибе алмасты. Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған шара аясында сала өкілдері біліктілігін арттырып қана қоймай, ғаламторда деструктивті сипаттағы керағар діни ағымдар мен олардың радикалды ұстанымдағы уағызшыларына қарсы иммунитет қалыптастыру жолдарын меңгерді. Семинарға Түркістан ...

Читать далее »

Түркістандық балуан қыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қырғызстан астанасы Бішкекте U-23 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионатында түркістандық Нилуфар Раймова қола жүлдеге қол жеткізіп, ел мерейін үстем етті. Бапкері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұржігіт Ерімбетов. Үздіктердің арасынан оза шауып жүрген сайыпқыран Әбдісалан Нұрмаханов атындағы чемпиондар мектебінің спортшысы. Балуан қыздың бұған дейінгі жетістігі де ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, Түркістан облысының, ел чемпионаты мен Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Боз ...

Читать далее »